|  | 

Суреттер сөйлейді

Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу

  Алматыда әдебиеттанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішевті жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі ғалымның өзі білім алған және өмірінің соңғы кезеңінде қызмет еткен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Қаралы шараға студенттер мен зерттеушілер, марқұмның туыстары мен жерлестері, Алматы қаласы әкімі және парламенттің бірнеше депутаты қатысты. Марқұмды Алматыдағы Кеңсай зиратына жерледі. 9 қыркүйек 2015 жыл.

1

Ғалым Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Студенттер сарайында” өтті. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

2

Марқұм Тұрсынбек Кәкішевті ақтық сапарға шығарып салуға келгендер.

3

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек (ортада) профессор Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімінде.

4

Қаралы рәсімге келгендер марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

5

Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімі кезінде марқұмның суретін көтеріп келе жатқан жігіттер. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

6

Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсіміндегі қаралы жиын. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

7

Профессор Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасуға студенттер мен зерттеушілер, марқұмның туыстары мен жерлестері, Алматы қаласы әкімі және парламенттің бірнеше депутаты қатысты.

8

Тұрсынбек Кәкішев 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында аға редактор болып қызмет атқарған. ​1952-1958 жылдары Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің тарихы институтының ғылыми қызметкері, 1960-1968 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. Ал 1978-1986 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде филология факультетінің деканы болып істеген. Ол - қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен сынына арналған ондаған монографиялық зерттеулердің авторы.

9

Қоштасу рәсімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі “Студенттер сарайында” өтті.

10

Тұрсынбек Кәкішевті Алматыдағы Кеңсай зиратына жерледі.

11

Марқұмды жерлеген соң зират басында құран оқылды. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

12

Қазақстандық белгілі  әдебиеттанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішев 89 жасына қараған шағында, 2015 жылы қыркүйектің 7-і күні Алматыда дүниеден өтті.

Суретте: Марқмұның зираты басындағы темір қоршау. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

13

Тұрсынбек Кәкішев зиратына орнатылған уақытша белгідегі жазу. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

Асылхан МАМАШҰЛЫ

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: