|  | 

Саясат

Назарбаевтың фуа-гра туралы сөздеріне оның баспасөз хатшысы пікір білдірді

Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Tengrinews.kz тілшісіне Нұрсұлтан Назарбаевтың фуа-гра туралы сөзіне қатысты пікірін айтты. Ол фуа-гра жайлы “бейнелей айтқан сөздің” әлеуметтік желілерде көп талқыланғанын Мемлекет басшысының естігенін айтты.

“Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы әлеуметтік желілерде не болып жатқанын біледі, ол интернет қолданушыларының фуа-гра жайлы қалжыңдарына әзілмен және түсіністікпен қарады. Сонымен бірге, ол өзінің бейнелей айтқан сөзінің доллардың қымбаттауы мен жанар-жағармай құнының көтерілгенінен кейінгі көңіл-күйді ширатып алуға бір себеп болғанын да түсінеді”, – деді Назарбаевтың баспасөз хатшысы.

“Бірақ сіздер Мемлекет басшысының тығыз жұмыс кестесін көріп отырсыздар, ол демалыссыз жұмыс істейді, елдердің басшыларымен кездеседі және Қазақстан азаматтарының амандығы үшін жұмыс істейді. Мәселен, 30 және 31 тамызда Мемлекет басшысы Қытайда жұмыс істеп жатты, ал бұл уақытта қазақстандықтар демалып жатыр еді”, – деп атап өтті Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, Абаев бензиннің шарықтауына байланысты өзінің көзқарасын айтты. “Біз жанармайдың тапшылығын көрмеуіміз үшін бензин бағасын реттеуден бас тартудың қалыпты қадам екенін түсінуіміз керек. Осы тапшылықтың болмауы үшін мемлекет мұнай өндіретін зауыттарымыздың модернизациясын өткізіп жатыр. Ертеде біз бұл модернизацияны өткізе алмайтын едік, себебі бізде мұндай мүмкіндік болмады, оның үстіне көлік саны айтарлықтай өсті, бензиннің қажеттілігі артты. Бензин бізде ғана қымбаттап жатқан жоқ, мәселен Еуропада бензин бағасын өзгертпеген жалғыз ел – Мальта, себебі бензинді қайта өңдеу дамып келеді”, – деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Айтпақшы, Мемлекет басшысы жағармай бағасының мәселесін Атырауда талқылайды, онда батыс өңірлерінің басшыларымен кездесу ұйымдастыру жоспарланып жатыр. Ол жаққа Нұрсұлтан Назарбаев 16 қыркүйекте Сочиде өтетін өңіраралық әріптестіктің 12-ші форумына қатысқаннан кейін бірден барады. Бұл форумның басты тақырыбы – агроөндірістік кешеннің дамуы. Сонымен қатар, осы күндері Президент ТМД-дағы тағы бір елге баруы мүмкін, ал нақты қай елге баратыны ҚР СІМ деңгейінде қаралып жатыр.

Ал осы жұмада, 11 қыркүйекте Астанада түркітілдес мемлекеттердің басшыларының саммиті өтеді, оның аясында оның барлық қатысуышысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шараға барады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының айтуынша, бұл саммитке Түркия президентінің қатысу-қатыспау мәселесі қаралып жатыр. Түркиядағы ішкі саяси жағдайларға байланысты ол келе алмауы мүмкін деген болжам бар.

Еске салайық, Қазақстан Президенті фуа гра мен Ленд Крузерлерден бас тарту туралы ұсынысты Ақмола облысындағы жұмыс сапарының барысында айтқан болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев елдің ауыл шаруашылығының жетекші өндірушілерімен кездесіп, олардың республиканың басты асыраушысы екенін атап өткен еді. “Ең бастысы дастарханымызда ас бар. Тіпті ішетін сусынымыз да бар. Киеріміз де, баспанамыз да бар, сол үйлерді жылытатын отынымыз да бар. Ең басты, ең қажеттінің барлығы бар”, – деді Президент. Оның айтуынша, мұның барлығы елге тыныш өмір сүруге, жұмыс істеуге және еңбектенуге мүмкіндік береді.

“Ал қалғандарынан, мәселен батыстың киімінен бас тартып та өмір сүруге болады. Рас па? Фуа-грасыз, банансыз, бізге зиян заттарсыз”, – деді Мемлекет басшысы әзілдеп. “Ең үздік дейтін, Ленд Крузерсіз де өмір сүруге болады. Оларсыз да өмір сүруге болады. Елімізде өмір сүруге қажеттінің барлығы бар”, – деді Президент.

 Tengrinews.kz 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: