|  | 

Тұлғалар

Алтайдың Саңылағы

Altaydn sanlagi
Түс мезгілінде Зуқа Батыр, үйдің қасында атын ерттеп тұрған ұлын іздеп жүрген болып; “Әй Шәми, шешең шақырып жатыр үйге жүр!” дейді. 
Атасының кіші-кірім жұмыстарға жіберетініне үйреніп алған Шәми үйге кіріп отбасына келіп бір дізелеп отыра қалады. Анасы Қызыке оның алдына бір табақ қуырдақты әкеп қояды. Шәми әптен қарның тойғызған соң Зуқа Батыр үйге кіреді де бәйбішесі Қызыкеге, “қуырдақтың майын маған әкеп бер!” дейді. Қызыке анамыз бір тостаған майды отағасына әкеп береді. Зуқа атамыз майлы сорпаны бір ұрттап болған соң Шәмиге беріп мынаны жұтып ал дейді. 
Ол кезде Шәмимен ағасы Шәдет, атасы не айтса соны істей береді екен. Өйткені өзінен үлкен ағалары Шәймәрдәнмен Насырдай бола алсақ бізде әкеміздің қасында отырамыз дейді екен. Сонымен қарнын әптен тойғызған Шәми, шыныдағы майды көзін жұмып тұрып алып жұтып алады. 
Сөйтіп Зуқа атамыз екінті мезгілінде Шәмиді Көктоғайдан қызы Рақиманың үйіне тігім машинкасын алып келуге аттандырады да ертең осы уақытқа шейін үйге орал дейді. 
Екі ауданның арасы екі тәулік жол екен. Зуқа атамыз Шәмиді сынап бір тәулік уақытқа шейін келесін дейді. 
Сонымен Шәми Хажы атамыз әлгі ерттеген жирен қасқа атына мініп екінті мезгілінде жолға аттанады. Түн ортасында бір жерге келгенде қатты боран соғып, қара тұман болып кетеді. Астындағы аты да тоқырап жүре алмайды да ықтасынға келіп тыңданып отырады. 
Ай қараңғы түнде Шәми ата, осында тоқтап, демалып ұйықтап қалады. Бір заматта қасындағы жирен қасқа аты Шәми атамызды мұрнымен түрткілейді. Бұдан ояна келсе таң атып қалыпты. Ұшып-тұрып қайта жолға шығып, екінтімен намазшам арасында әрең әпекесі Рақиманың үйіне келеді. Әпекесі оны тамақтандырып болған соң Шәми атамыз ерте жатып қалады. Таңертен ерте тұрып, тігім машинкасын алады да қайта жолға шығады. Сонымен екі тәулікті асқанда ауылына таяйды. 
Зуқа Батыр, ұлының енді келеді деген уақытында бір төбеге шығып аңдып отырады. Қас қарая Шәми атамыз да көрінеді. Ауылдың шетіне таяғанда жирен қасқа аты жерге шөгіп жүре алмай жығылады. Онымен бірге Шәми атамыз бірге құлайды. 
Осыны көріп отырған Батыр Зуқа бабамыздың ұшып түрегелгенін көрген қасындағы ығай-сығайлар, Шәмидің қасына шауып барады. Сонда Шәми талықсып жатса да атының мойнын сипап тұр екен. 
Әлгі ығай-сығайлар кейіндеп тұрып екеуінің қимылына қараса, қызыл жирен ат қайта түрегеліп Шәмиге тағзым еткендей алдына келіп жүгініп тұр екен. 
Жаңағы жетіп келген жолдастардың біреуі атты жетектеп, ал біреуі болса Шәмиді өзі аттарына міңгізіп үйге алып келеді. 
Шәми атамның осы “жирен қасқа” аты Алтайдан Баркөлге келген жылдары қартайып өлген екен. Осы ат туралы бір әңгімені тағы айта кетейін: 
Бір соғыс кезінде Шәми Хажы атамыз жардың астында жауға оқ жаудырып жатқанда жирен аты да осында оны аңдып тұрады. Мылтық дауысының көбейіп, иесінің жауға төтеп бере алмайтынын білген жирен қасқа ат, Шәмидің қасына кісінеп келіп сүйемелдеп жата қалады. Шәми атамыз атына міне сала жирен қасқа аты оны ала жөнеледі де бір төбешіктің артына айналып кетеді. Шәми атамыз осында тағы бір жардың астына тасаланып жатып жауға оқ жаудырады.

Kuddüs Çolpan

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: