|  | 

Көз қарас

ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ. ОРЫСТАН ҚАТЕР ТӨНСЕ, ҰЛТ ПЕН ЭЛИТА БІРІГЕ АЛА МА?

54cf029be513b

Диагноз: Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімінің өсу қарқыны жылма-жыл құлдырап келеді. Ресейдің ІЖӨ 2015 күнтізбелік жылы 3.8-4%-ке төмендеді. Уақыт өте Ресейдің дүниежүзілік экономикалық потенциалы ұзақ мерзімде төмендей бермек. Айталық, Дүниежүзілік валюта қорының және БҰҰ бағалауынша, 2013 жылы дамыған мемлекеттер арасында тоғызыншы, 2014 жылы – оныншы, 2015 жылы он бірінші орынға түсті [1].

Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімінің өсу қарқыны жылма жыл  құлдырап келеді.

ІЖӨ өсімі        2007     2008    2009   2010     2011       2012     2013     2014     2015

в %[2]                8,5       5,2      -7,8       4,5        4,3          3,4       1,3         0,6     -3,9

Алдағы екі-үш жылда Ресей экономикасы қуатты елдер қатарынан қалып, ортаңқол, өлкелік-державалық мемлекет қатарына кіреді. Батыс елдер бірлестігі – Еуропалық Одақ (28 мемлекет) және АҚШ пен Канада, Австралия мен Жапония, тағы бірқатар мемлекет Ресейге тісін қайрап санкция салып  отыр. Соңғы уақытқа дейін батыс мемлекеттер альянсы қатарында Түркия жоқ-тын. Түркия болса, Батыс альянсты тек әскери жағынан қолдап, Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды қолдамаған еді. Ресей мен Түркия арасындағы соңғы дүрдараздықтан кейін Түркия саясатын күрт өзгертті. Енді екі мемлекет арасында іс жүзінде экономикалық  қатынастар шиеленісіп жатыр.

Орыстың бас ауруының үш себебі бар

Бірінші себебі, экономикалық реформа жасамаушылық. Екінші себебі, милитаризация. Үшінші себеп, геоэкономикалық дағдарыс мұнай бағасының ұзақ мерзімге құлауы. Төртінші себеп, Ресейдің қас жауы бар – ол Батыс елдер қауымдастығы. Сонымен 1990-шы жылдары Ресейде  нарықтық реформаларының идеологы Егор Гайдар жүйелі реформаларын бастаған болатын. Бірақ реформалар қарқыны жалғаспады. 2008 жылғы дағдарысты Ресей қаржылық қорлар мен мұнай қаржыларын әсерлі пайдалану жолымен  жеңді. Сол дағдарыстан кейін Путин реформалардың Ресейге керегі шамалы деп ұқты. Путин Ресейді милитаризм жолына түсірді, әскери бюджетті күрт өсірді. Путин 2007 жылы Мюнхен қаласында Батыс альянс елдеріне қарсы Екінші Қырғи-қабақ соғысын бастады. Естеріңізге салайын, Бірінші Қырғи-қабақ соғысы 1946 жылғы Фултондағы Уинстон Черчильдің сөзінен кейін басталаған болатын және сол соғыстың аяқталуы КСРО-ның құлауына әкелді [3]. Сол соғыстың нәтижесінде КСРО-ның Одақ республикалары егемен болды.

Мұнай бағасының күрт құлауы барлық Ресей мемлекетінің әлеуметтік бағадарламаларының орындалуын қиындатты. Путин авантюрист қайраткер болып шықты. Ол тамаша тактик, бірақ нашар стратег. Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы Кремльдің ірі масштабты дағдарысқа ұшырағанын көрсетті. Осы тұста Президентіміз Назарбаевтың дипломатиялық айлакерлігін атап өткен жөн болар. Ресейдің соққысын Украина тойтарды. 2008 жылғы Ресейдің Грузияға шабуылына Батыс альянсы араша бола алмады. Бірақ Украинаның жөні бөлек еді. Батыс елдері Украинаға экономикалық және дипломатиялық қолдау жасады. Солай Украина Қырым, Донецк пен Луганскыдан айырылса да, агрессорға қарсы тұра алды. Путиннің есебі бойынша, Батыс елдерінде ауызбіршілік болмау керек еді. Батыс елдері Ресей газы мен мұнайына тәуелді. Сол жағадайды пайдаланып, Ресей Украинаны тізе бүктіруді жоспарлады. Бірақ Путиннің бұл пиғылы іске аспай қалды.

Орыстың мықтылығы мен осалдығы

Еуропалық халықтардың ішінде саны жағынан азайып кеткенімен, Ресейде 111 миллиондай орыс бар. Орыстың білім дәрежесі де жоғары, басым көпшілігі отаншыл, руханиятшыл, империяшыл. Жеті атасы Қазақстанда тұрса да, қазақша үйренгісі жоқ. Орыс дініне де берік, орыс православиясы Мәскеуге ғана бағынады, олар бөтен елде тұрмын демейді, осында тұрып империялық мүдделерді қорғайды. Біздің ойымызша, орыс адамы тым империяшыл, заман өзгерді демей посткеңестік мемлекеттерді бодан ел деп біледі. Путин КСРО емес Ресей империясын жаңғыртпақ. Орыс мықты империя құру үшін бар қиындыққа төтеп беруі қажет. Алайда олардың төзімі қашанға жетер дейсіз? Орыс — тез мойынұсынғыш, әлсіз ұлт. 1917 жылдың ақпанында өзі жеңіп келе жатқан Бірінші Дүние Жүзілік соғыстың соңғы кезеңінің ауырлығына төзе алмады. 1917 жылы Патша Үкіметін құлатты, сол жылы Қазан төңкерісі болды. Ресей империясы ыдырады. Бірақ орыс тез есін жиятын ұйымшыл халық. 1920-1955 жылдары бұрын соңды болмаған империя –КСРО-ны аяққа тұрғызды. Орыс ұлты сол жылдары адам және қаржы шығынына қарамастан дегеніне жетті. Енді бүгін 1990-шы жылдардағы дағадарыстан айығып, қайтадан Орыс империясын қалпына келтіруді көздейді.

Қазақтың мықтылығы мен осал тұстары

Қазақ басынан кешкен нәубеттерден тарихи қысқа мерзімде есін жиды. Бүгінгі таңда қазақтардың саны — 11,5 млн. Бұрын бұл санға ешқашан жетпеген едік. Қазақ егемендікке жетті, және өз елінде 70%-дан асты. Басына қатер төнсе олар көрші елдерде пана іздейді, бірақ уақыт өте келе өз еліне қайтып келеді. Қазақ гомогенді, өз-өзіне берік, жабық халық. Пәлендей басқа ұлттармен некелесе бермейді. Қазақ басқа ұлттар мен мемлекеттердің проектеріне бара бермейді. Айталық, Ресейде 740 мыңдай қазақ бар, бірақ олар Ресейдің мәдени-рухани, бизнес–саяси т.б. шараларына қызықпайды да ілеспейді де, реті келсе атамекенге тартады.

Біздің элитаға кейбір орыс аурулары жұға бастаған сияқты. Біз реформаларды 1990-шы жылдардағы сәтті қарқыннан кейін тәмәмдадық, экономиканы диверсификациялаған жоқпыз, монополизацияға жол бердік. Біз де орыстардан қалыспай жемқорлыққа жол беріп алдық. Бұл сәтсіздікті орыс тілді қазақ элитасы жіберді. Сөйтіп, мұнай да, теңге де құлдырады. Бірақ болашақтан үміт жоқ емес. Енді қайтадан реформаларды қолға алу керек.

Ертең не істейміз?

Ресей экономикалық дағдарыстан саяси және әлеуметтік дағадарысқа ұшырайды. Олай болса, Батыс альянсы Ресейді тұқыртпай қоймайды. Ресей дағадарысқа түскенде біз дағадарыстан шығуымыз керек. Ресей дағдарысы келесі 10-17 айда шыңына жетеді. Бірақ Ресей бізге шабуыл жасауы мүмкін. Оларға «короткая победоносная война» керек, шабуыл объектісі Қазақстан болуы ықтимал. Осы тұста ұлт пен элита бірлігі керек. Біз тек Ресей күйреген тұста демократялануымыз мүмкін. Ең бастысы біз де Ресеймен бірге ұлттық дағдарысқа түспеуден сақтанғанымыз абзал. Екінші, біз Батыс альянсы бағытында, Ресейден сақ, Қытаймен жан-жақты қатынаста болуғанымыз жөн.

Әзімбай Ғали, Ұлт порталы

1. https://ru.wikipedia.org/wiki

  1. http://pubdocs.worldbank.org/pubdocs/publicdoc/2015/9/136351443562971021/rer34-rus.pdf; Австралия ввела дополнительные санкции против России www.tvc.ru:8021/news/show/id/48967 — 2014 ж. 01 қыр. — Ранее, помимо Австралии, санкции на Россию наложили США, страны Евросоюза, Канада, Япония
  2. Азимбай Гали Итоги Первой мировой «Холодной войны». Начало Второй мировой «Холодной войны»: битва за Украину.08.02.2014 centrasia.ru                                                               Ұлт порталы

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: