Оян, намыс
Төрімізге шығып алған көп жұлдыз,
“Әлем бізден, ақыл сұрайд “-деп жүрміз.
Он қазекем, бір орысқа тәуелді,
Жүз орысты басқарады, бір Қырғыз.
Тоқымымыз қалың бірақ солайма?
Ержетпестен қылау қонды самайға.
Көше толы жүгенсіздер жортақтап,
Қазан неге, тапсырылды құмайға.
Шақалағын тастай салар тас жолға,
Айналыппыз мылқау керең тастарға.
Бойжеткенге ойы кеткен, ақсақал,
Ақыл айтад, бұзылды деп жастарға…
Ене көксау, келін мерез, ұл жаман,
Оты өшкен, ізгілік жоқ, күл қоғам.
Ана тілін жеткізе алмас жетесіз,
Басқаруда экранды кіл надан.
Некесіздік тексіздіктің тамыры,
Алла сөзі ақиқаттың дабылы.
Үйсіздердің ықтасыны тоқал там,
Өлілердің артық одан қабірі.
Мейірімнен тоналды жұрт адасып,
Бай-мәнаптің тұрар жайы қалашық.
Құлықынының құлы болған топастар,
Жұрттың келед малтасына таласып.
Айкезбе ме, не құтырған топ мынау,
Жағдайы жоқ, тек ауылда көп тұмау.
Ақ жағалы атқа мінген ағалар,
Айта алмайды, “осы ауылды өстім- ау.”
Кім айыпты, бәрімізде кіна бар,
Қолдан жасап, орнатыппыз жын арал.
Құмарпаздық, Нашақорлық меңдесе,
Қоғамыңның көркеюі дүдәмал.
Ұнасымды жасадықпа бір амал,
Тек тілейміз, тер шығармай қора мал.
Адамдардан алшақтаса адал ар,
Кірмелердің жосынына тоналар.
Шетке саттық, шырылдаған сәбиді,
Тыңдамадық хақ жаратқан Нәбиді.
Ата-анасын тыңдамаған қарындас,
Өзге жұрттың есігінде налиды.
Дінді атаса, тыржалаңдар қораштар,
Үдей түскен, Құдай десе таластар.
Қайырымсыз адамдардан, тілі жоқ,
Мейірімді көрінеді ағаштар.
Алдарқату, алдап сату бар болса,
Көзсіз ерлік секіреді жар болса.
Бүгін көзің тоймағаны неге есеп,
Ертең жатар, қараңғы көр тар болса.
Баба сөзі, хадиспенен тамырлас,
Неге айныдың, болмысыңнан бауырлас.
Дін Арабқа жіберілді деппе едің,
Күллі Адамзат, жаратылған тағдырлас.
Күпір ойдың, көп болады әлегі,
Жақсылықтың көп әрқашан берері.
Өзге ұлттан, біздің қазақ кем емес,
Ой айтатын, кім бар біздей өрелі.
Көгедай Шәмерхан
Пікір қалдыру