|  | 

Қазақ шежіресі

Күреңбелдегі Керейлер

Kurenbeldegi Kereyler

Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Күреңбел өңірінде яғни батысы Шолақ тауы, шығысы Аламан тауынан Қытай шекарасына дейінгі, солтүстігі Шаған тауы мен Көксу өзені, оңтүстігі Іле өзені аралығындағы елді-мекендерде Ашамайлы Керей және

Абақ Керейдің Шеруші және Қарақас руынан тараған ұрпақтары өмір сүреді. Шежірешіл қариялар ұрпақтарына өздерінің Абақ Керейдің Шеруші руының Ер Құттымбетінен (Ұзынмылтық) тарайтын Қожамқұл бабаның ұрпақтары екенін айтып өтіпті. Қожамқұлдың бес баласы: Игілік, Қабанбай, Жанай, Сарымырза және Манатбайдан тарайтын ұрпақтары түгелдей осы Кербұлақ өңірін ата-қоныс етіп, өмір кешкелі бірнеше ғасыр өтсе керек. Өзін Қожамқұлдың сегізінші ұрпағы санайтын Бексұлтан Еркімбайұлы «Жеті атасын білмеген жетесіз болады» деп аталарының жоңғар шапқыншылығы кезінде көрсеткен ерліктерін жастайынан жыр қылып жаттап өскенін айтады. Ел ауызындағы жыр-дастандарға қарағанда Қожамқұл бабаның ұрпақтары жоңғарлармен Іле өзенінің оң жағалауы мен Шолақ тауы аралығында, Алтынемел, Шаған, Қотырқай, Көксу, Текелі, Алакөл маңында болған ұрыстарда қайтпас қайсарлық көрсеткен. Сондай-ақ олар Нарынқол, Кеген, Меркіні қарақытай, қырғыздардан азат ету соғыстарына қатысыпты. 1750 жылдары Ер-Жәнібек, Қожаберген, Байтайлақ батырлар бастап Абақ Керей көші Шығысқа қарай жылжығанда Шеруші Қожамқұл бабаның ұрпақтары Жетісу өлкесінде, Күреңбел өңірінде қалып қойыпты.
1910 жылғы бір мәлімет бойынша Қожамқұл атадан тараған ұрпақ саны сол кезде 644 адам яғни 128 түтін болыпты. Негізгі күн көрістері мал шаруашылығы болған. Қолдарындағы мал санына келер болсақ: қой 1207, жылқы 285, сиыр 214, ешкі 265, түйе 11 болған екен. (П.П Румянцев «Уезды Жетысу» С.Петербург, 1913). Содан бері Шеруші Қожамқұл бабаның ұрпақтары өсіп өніпті. Олар бүгінгі күні Күреңбелден басқа Қазақ елінің түкпір-түкпірінде бақытты өмір кешуде.
Күреңбел өңіріндегі Керейлер арасында өздерін «Қарақаспыз» дейтін ағайындар саны баршылық. Бір қызығы олар: «Керейдің қайсысы боласыздар, Ашамайлы керейсіздер ме? жоқ әлде Абақ керейсіздер ме?» деген сұрағыңызға өздерін «Ашамайлы керейміз» деп айтады. 2014 жылы «Алаш» тарихи-зерттеу орталығынан шыққан «Керей» тарихына арналған кітаптың «Ашамайлы керейлердің рулық-тайпалық құрылымы” атты бөлімін ары-аударып, бері-аударып одан «Қарақас» ата жөнінде ешбір мардымды дерек таба алмайсыз. Қайта «Қарақастар» Абақ Керей құрамындағы 12 атаның бірі екені мәлім. Бәрі-бір «Керей» емес пе? деген оймен қолды бір сілтеуге де болады. Бұл жерде өздерінің кім екендіктерін білмей отырғандарына ұрпақтары емес бәлкім кезінде дұрыс түсіндірмеген ата-бабалары да кінәлі шығар. Мысалы, Керейден шыққан Қожаберген батырға қатысты қаншама алып-қашпа әңгімелер болды. Керейде бір емес, екі Қожаберген батыр болғандығын, екеуінің де жоңғарға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен батырлар екеніне оу баста ешкім назар аудармады. Қайсыбір шежірешіл ағаларымыздың өздері екеуін бір кісі деп танып тарихта болған оқиғаларды бір-бірімен шатастырды. Содан болып ел ішінде жаңсақ пікірлер тууға жол берді. Кейін зерттеушілер тарапынан нақты тарихи деректер анықталып, соның негізінде ол екеуінің туған жылы, қайтыс болған жылы, қайда жерленгені ескеріліп, жасы үлкені яғни «Елім-ай» дастанын жазған атақты жырау Қожаберген батыр Ашамайлы Керейдің Көшебе руынан екенін, ал сәл жастау Қожаберген батырдың Абақ Керейдің Шұбарайғыр руынан шыққаны анықталды. Сол секілді бұл жерде де бір жаңсақтық бар құсайды. Біздің болжауымызша, Абақ Керейдің Шеруші руынан тараған ұрпақтармен бірге бір жерде өмір кешіп жатқан бұл ағайындарымыз да сөз жоқ жоңғар шапқыншылығынан кейін Абақ Керейлер шығысқа қарай көшкенде Күреңбелде қалып қойған Абақ Керейдің Қарақас руының адамдары болмақ. Олардың жан саны шерушілерге қарағанда сәл көбірек. Өйткені Күреңбелде Қарақастың Төтек және Төлеп атасынан тарайтын 11 әулеттің ұрпақтары тұрып жатыр.
Орыс зерттеушісі П.П. Румянцевтің 1913 жылғы мәліметі бойынша осы өңірде тұратын Ашамайлы керейлердің саны 780 адам, 145 түтін болған. Қолдарындағы мал саны 3 мыңдай. Одан кейін бұлардың жан саны көбейді.
Ашамайлы Керей негізі төрт атаға: Балға, Балта, Көшебе. Тарышы деп бөлінеді. Алайда Күреңбелдегі Ашамайлы Керейлердің дәл қайсы атаға жататынын айту қиын. Оны өздері де жақсы біле бермейді. Кейбірі өздерін «Қызай Керейміз» десе, қайсы бірі өздерін «Аққас-Қарақас» деген атадан тараймыз деседі. Шыңжаң баспасынан 2012 жылы шыққан «Ашамайлы Керей шежіресі» кітабында: Ашамайлы Керейден– Қара би (Шимойын). Шимойыннан– Дербісәлі. Дербісәліден–Абыз, Түрке. Абыздан – Құдайқұл, Құдайменде, Жаңабай. Түркеден – Аққас, Қарақас тарайды деп қысқа қайырады. Күреңбелдегі керейлерге қатысты олардың ата-бабалары туралы деректерге қарағанда бір жүйе, бір ізділіктің жоқтығын байқауға болады. Әсіресе өздерін «Ашамайлы Керейміз» дем санайтын ағайындарға қатысты деректердің бір-бірінен алшақ болуы жеті ата шежіресінің ұрпақтан-ұрпаққа ауызша берілуі кезеңінде болған жаңсақтықтан деп ұғыну дұрыс болмақ. Бұл бағытта әлі де талай тарихи-этнографиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуі қажет болмақ. Бұл болшақтың, келер ұрпақтың еншісіндегі дүние.
Күреңбел өңіріндегі Қазақтар арасында Керейлерден басқа Жалайырлар да бар. Бұлар бір-бірімен етене жақын туыс яғни құда-құдандалы, нағашы-жиенді болғандықтан өз араларындағы ынтымақ, береке-бірліктері керемет. Оған жол түсіп, осыдан біраз уақыт бұрын Күреңбелге барғанымызда көзіміз жетті. Күреңбелдегі Керейлер мен Жалайырлар бірігіп «Керей баба рухына» арнап ескерткіш орнатады, үлкен ас береді екен деген хабарды естіп, «Ер-Жәнібек» қорынан белгілі кәсіпкер Жеңіс Түркия, тарихшы ғалым Нәпіл Базылхан, ғылым докторлары: Досан Баймолда, Уатхан Сейпіл, Алматы іргесіне «Баркөл» атты ауыл тұрғызған Мақсұтқан Дәлейұлы кәсіпкер бар, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің тқрағасы Талапбек Тынысбекұлы бар барлығы 6 кісі құтты болсын айтып солай барған едік. Біз кештетіп барғанымызға қарамай Шеруші Қожамқұл бабаның ұрпағы Аманжол Бексұлтанов бастаған ауыл азаматтары кең дастархан жайып, ертеңінде болатын «Керей баба» рухына арналған іс-шара жоспарымен таныстырды. Ертеңгісі ауыл тұрғындары бар, Алматыдан, Талдықорғаннан келген қонақтар бар, басқадай шақырылған адамдар бар жиыны 2 мыңдай адам Алматыдан 100 шақырымдай жерде орналасқан Алматы-Талдықорған даңғыл жолына жақын кішірек төбеге жиналды. Осы жерде «Керей баба» рухына арналған әдемі ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Бұл ескерткішті жасауға арналған шамасы 30 мыңдай АҚШ долларына тең қаржыны ауылда тұратын 20 кәсіпкер азамат өз қалталарынан шығарып істеткен екен. Бұлардың бәрі керейлер емес ішінде жалайырлар да бар дегенді естіп нағыз туыстық, береке бірлік деген осы шығар деп ой түйген едік. Талай жерде осындай ескерткіштерді көріп жүрсек те биіктігі 2 метрдей жылтыр қоңыр мрамор тастан сомдалған ескерткіш әдемілігімен және әсем тұрпатымен көзге бірден түсіеді. Ескеркіштің бас жағына «Керей баба рухына» арналады деп жазылыпты, одан сәл төмен «Қазақ болсаң Керей бол, Алты Алашқа мерей бол» деген Төле бидің сөзі жазылыпты, одан сәл төменде: Керейдің ұраны– Ошыбай деп ал таңбасы: X [][] деп жазылыпты да ескерткіштің астыңғы бөлімінде:
Алаштың Қыраны едің
Қазақтың ұраны едің
Елім деп ер баба
Кие тұтар Керей елің –деп жазылыпты.
Ескеркіштің ашылу салтанатынан кейін Керей баба рухына арнап ұрпақтары жасап отырған бұл іс шараға келген қонақтар тарапынан құттықтау сөздер сөйленді, концерттік бағдарлама жүрілді. Біз өз тарапымыздан Ер-Жәнібек қоры атынан құттықтап, сөз сөйлеп, асты ұйымдастырушыларға ақшалай сыйлық бердік. Түскі астан соң балуан күресі, жүйрік ат бәйгесі өтіп, онда елдің алды болған балуандарға және жүйрік ат иелеріне сыйға автокөліктер тарту етілді. Осылай «Керей баба» асына жиналған халық көпшілік бір жақсы дем алып көңілді күнді өткізген болатын. Әрқашан да «Керей ата-баба» аруағы баршамызды қолдап жүрсін айтып бізде Алматыға қарай жол тарттық. Сол игі іс-шараның жалғасы болып өткен жылы Керейден шыққан атақты Ер-Жәнібек батырдың 300 жылдығы Қазақ елінде және қазақтар тұратын шетелдерде кеңінен атап өтілді. Биылғы жылы Абақ Керейден шыққан тағы бір әйгілі тұлға батыр Зуқа қажының туғанына 150 жыл толуын кең көлемде атап өтуге дайындық жұмыстары басталып кетті.

«Ер-Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті, ғылым докторы Досан Баймолда

Изображение 025

Изображение 026

Изображение 027

Изображение 032

Изображение 039

Изображение 044

Изображение 053

Изображение 008

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: