|  | 

Руханият

Башак Газетінде ЗУҚА БАТЫР

Zuqa batir bashaq azetiЗуқа Батырды Мерейтойы Өткізілмек:
Анатолияның төрт бұрышында өмір сүрген Түркістандық деп аталған жерлестер бар. Бұлардың бірі 1930 жылдарында Адана қаласының Жейхан ауданына келген Қазақ, Қарақалпақ Түріктері деп аталады. İшінен шыққан Тарихшы Проф. Др. Абдұлкадир Донұк ұстазымыз осында өмір сүрген қандастарымыздың ең зиялы кісілерінің бірі. Қазақстанда дүниеге келіп, Шығыс Түркістанда өмір өткізіп шейіт болған ұлттық күрес жолындағы қахарманымыз Зуқа Батырдың (1866-1929) 150. Жылдық Мерейтойы әлемнің әр түрлі елдерінде аталып өткізілмек. Сондықтан осы іс-шараны бұл қалада өмір сүріп жатқан жерлестерге және Анатолияның құрметті еліне алдымен Башак Газеті арқылы есітейік деп ойладық. Бахри Шолпан мызраға, аты сырт елдерге де естіліп жатқан Башак Газетінде орын берген үшін рахмет айтамын (Кұддыс Шолпан). 
ЗУҚА БАТЫР (1866-1929)
Зуқа Батыр, Шығыс Қазақстанның Сауыр айналасында Зайсанда; әкесі Сәбит (1823-1881) осы облысқа қарасты Қалбатау ауданының ауылында дүниеге келді. Абылайханның жауынгерлерінен Бұқарбай Батыр (1740-1811), Ер Жәнібек пен Сыр бойынан Шығыс Қазақстанға келіп қоныстанған. Осы кезде Сәбиттің әкесі Нұрмұхаммет Абыздың үйінде Уәлден Ишан; мәртебелі аты “Уәлден Хазірет” деп аталған бір ғалым келіп қонақ болған. Жәнібек Батыр Бұхарадан келген осы ғалыммен амандасып осы мекенге қоныстанып және балаларға діни сабақ беруін өтінді. Сондықтан бала Нұрмұхаммет одан дәріс алып Абыз болып өсті. Уәлдән Хазреттің тегі, Қожа Ахмет Яссауиге (Хазірет Сұлтан) негізделген. Осы нәсілден келгендер Ишан және Хазірет деп аталады. Қазақтың құрамына енген бұл ру Қожа деп аталған. 
Уәлден Хазірет, Нұрмұхаммет Абыздың ұлы Сәбит туғанда келгенде оныда оқытқысы келді. Немере бауыры Мұхаммет Мумин Ишан мен Сәбитті өзінің өскен Бұхара, Казан және Ұфа қалаларында оқытты. Осы кезде Сәбитті, Муминнің қарындасы Бәтимәмен атастырды. Сәбит 15 жылдық оқуын аяқтатқан соң үйленді. Уәлдән Хазірет, бұл екі шәкіртіне батасын беріп, Маньчу империясы дәуірінде, аты әлі Шыңжан деп згерілмеген Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы төңірегіне дін жаюға жіберді. Сәбит қызмет істеген жерлерде “Дамолда” (үлкен молда) атағына ие болды. Әріптесімен бірге айналасында мешіт-медресе ашып бала оқытты. Сәбит Дамолда алғашқы қызметке бастаған жылдарда Зуқа дүниеге келді. Әкесі Сәбит және нағашысы Мумин молдадан діни сабақ алған Зуқа, 15 жасында әкесінен айрылды. Шешесімен төрт інісіне бағумен жауапты бола отырып діни қызметін бірге жүргізді. Зуқаның білім алып, зиялы тұлға екенін білетін “Төре” әулеті Жеңісқан Гүң оны ордасына алғызды да имамдыққа сайлады. Зуқа, осы Төре ордасында көп ұзамай әкесі құсап сот билігіне сайланды. Осы дәуірде құрдасы Ақыт Қажымен танысты. Мумин Ишан, Ақыт Қажының да ұстазы еді. 
Зуқа Батыр қазылық жұмысын атқарып тұрған кезде үйленді. Анасы “Хазірет”, яғни Ишан нәсілінен болған үшін бәйбішесінен туған ұлдарына Хазірет Ғалидің қасиеттік атауларының атын қойған. Сондықтан алғашқы екі ұлының аттарының Шәріп және Шіряздан болғанын үйренген Тұрфан Қазысы Молда Абдұллах, Зуқа Батырмен танысқысы келді. Төре ордасына барып Зуқаның осы екі ұлын қасына алып, өзі медіресесінде оқытты. 
Зуқа Молда, сот билігін жүргізіп тұрған кезде езілген елдің құқығын қорғады. Шонжар байлармен билердің заңсыз жолмен алған кірістеріне қарсы тұрды. Сараң байлармен қатыгез билердің қарапайым елге істеген қаталдығын байқап қалды. Ел де күнде келіп бастарындағы қиындықтарды айтып отырды. Бұған жарай Зуқа Молда сот билігінен бас тартып, туған жері Сауырға баруды ойланды. Аш-арық ел де оның артынан көше бастады. Бірақ “жер аударуда кеңістік бар” деп келген осы мекенде де лауазымға ие болған билер, Зуқаға қарсы үгіт жасай бастады. Сонда да ол, заң жолымен еш қашан даудың табан астында қалмады. Тіпті қатыгезлердің жуас елдерден тартып алған малын қайта қудырып алып, кедейлерге тапсырып отырды. Сонымен Зуқаның молдалық атағынан гөрі Батырлығы алға шықты. Қарамаңында оны қолдап тұрған қарқынды қоғам құрала бастады. 
Ұстаздарының батасын алып қандайда діни салада қызмет істейін десе де өмірдің жағдайы оны ұлттық күрес жолына сүйреді. Ұстаздығымен және Батырлық пен бірге жердің тұтастығы, елдің тіршілігі үшін күресті. Сонымен өзі дәуірінде атсыз атақсыз елдің қарабиіне айналды. Ел оны қахарман ретінде Батыр деген абыроймен еске алды. 
1900 жылында “Боксшы Көтерілісі” деп аталған оқиға кезінде, Османды Патшасы 2. Абдұлхамит Ханның бастамасымен Қытайдағы мұсылмандар Стамбул арқылы қажыға бара бастаған еді. Зуқа Батыр да 1902-03 жылдарында ұстазы және нағашысы болатын Мумин Ишанмен бірге қажыға аттанды. Екеуін делегация басшысы ретінде 2. Абдұлхамит, “Йылдыз Сарайы” атты ордасында құзырына қабылдады. Осыны Стамбулда қайтыс болған Ақыт Қажының немере туыстарынан Абдұсселам Айканат Қажыдан тыңдаған едім. 
Шонжар билер оның қажыға барып келуімен қайта имамдық және ұстаздық қызметімен шұғылданып, өздерінің заңсыз жұмыстарына араласпайды екен деп ойлады. Мұнымен қатар Зука Батырдың досы Бөке Батырдың көзін жойуды көздеді. Ахыры Зуқа Батыр қажылық сапарына аттанған соң Қытайлар Бөке Батырды жеңіліске ұшыратты. Ол, батысқа шықпақшы болып Тибетті басып өтер кезінде ұсталып шейіт болды. Сонымен қатыгез үкімет елді одан ары қырқыстырды. Зуқа Батырдың қажылық сапарына қайтып келуін күтіп отырған қауым, қайта оның қарамаңына жиналды. Осыдан кейін бүкіл жастарды низамша әскери дайындықпен ұстады. Мұнымен қатар оны қолдаған ауқатты отбасылар Орыспен сауда жасап, орнына қару сатып ала бастады.
Зуқа Батырдың жансеріктері Төлегетай мен Қазанбай Батыр қатарлы ең қымбатты тұлғаларының бірі Оспан Батыр еді. Оның әкесі Сләмбай, Зуқа Батырдың досы еді. Сондықтан жас Оспанды өзі баласындай өсірді. Зуқа Батырдың, “Қазақтың Керіжақ Батыры Атанарсың..!” деген ел ішіне кең тараған сөздері оған берген батасы еді. О да Зуқа Батырды “пірім” деп атаған. Осындай жігіттермен және аясында құралған қарқынды қоғаммен бірге дәуірдің шонжар билеріне қарсы төтеп бере алды. Елді аясында ұстап ешкімді табан астында қалдырмады. Жебірленген елдің; тіліне, дініне және нәсіліне қарамастан мыңдаған жанұяға пана болды. Осындай еліне, жеріне қамқоршы болса да шонжар билер оны қожайындарына айтып арыз-шағым жасады. Сондықтан Зуқа Батырдың артынан өлкелік үкіметтің бастығы Янг Зенгхін армиясы түсті.
Бір жақтан 1920 жылдарында Ақорыс армиясының Генералі Бакічтің 10 мың әскері Алтай айналасына басып кіргенде оларды аластап отырғанда тағы бір жақтан 1923 жылдары Бәйтік, Қаптық айналасына шабуыл жасаған Моңгұл бандыларымен соғысып оларды шекарадан ары асырып тастады. Кез-келген жағдайда жерінің тұтастығымен елдің тіршілігі үшін күресті. 
1928 жылында Янг Зенгхін, сыртқыістер министрі Пи Ю Лін тарапынан атылып өлтірілді. Орнына Жың Шорин келді де Зуқа Батырды қолға түсіру үшін жаңа жоспарлар жасады. Алдымен, келісетін көрініп елге қатыгездік істемейтінін білдірді. Жаңа билеушінің осы уәдесінен кейін ел тыныштала бастады. Көптеген адамдар өз мамандығымен айналысуға мүмкіндік тапты. Бірақ көп ұзамай үкімет сөзінен айныды да Зуқа Батырдың қасындағы қызмет етіп жүрген Жакия (Мадыхың) деген Дүңгенді азғырып жансыз етіп қойды. Зуқа Батыр осының бәрін сезіп отырса да қарамаңындағы елді қайта жиюға мұрсаты да бар еді. Бірақ ол, әрқашан қоғамның тіршілік қамын ойлап, сәл уақыт өтсе де рақаттанып қалған елдің тәртібін бұзбау үшін тағдырына көнді. Ол енді сүйген елінен бөлініп қалаберіп, анық сүйіктісіне қауышуды аңсай бастаған еді. Бұл әлемдегі қызметінің аяқтағанына сенгендей болды. Тағдырдың сызығынан бөлек жолды қадағалап жүре алмайтынын және ажалдың таяғанын сезді. Сөйтіп үйіне шабуыл жасалатын күндерде жігіттеріне тапсырыс беріп, елді өзінен алыстата бастады. Өйткені қымбатты қоғамдық елдің өзімен бірге құрбан болуын тілемеді. Сонда да бала-шаға және төңірегінде өскен адамдар оның қасынан бөлініп қалғысы келмеді. 
Жауын күткен түн келіп те қалған еді. Гоминдаң дәуірінің екіжүз қытай әскері оны тірі қолға түсірмекші болды. Бірақ үйіне басып кірген әскерлер сау шыққан жоқ. Сөйтіп үйді оққа ұстады да Зуқа Батыр ерлікпен құрбан болды. Бұл қанды қырғында 53 кісі қаза тапты. Әскерлер оның басын кесіп алып кетті. Көп ұзамай елдің көтеріліс жасайтынынан тартынған өлкелік үкімет, Зуқа Батырдың басын туыстарына тапсырып берді. 
Арадан бір жыл өткен соң Алтай-Көктоғай, Белқұдықта жерленген қабіріне қорған жасалды. Қазір осы қорған тарихи кесенеге айналды. Оның өмірі және күресі туралы Үрімжідегі Қазақ жазушылар арқылы кітаптар жарыққа шықты. Түркия, Әзірбайжан тілдерімен бірге Қытайша, Орысша мақала және аудармалар жазылды. 2000 жылында Моңгұляның Баян-Өлгей аймағында еске алу тойы өткізілді. Осында үлкен көшеге аты берілді және ескерткіш орнатылды. 2016 жылында Зуқа Батырдың 150 Жылына орай әлемнің әр түрлі елдерінде еске алу шаралары өткізілмек. 
Түркі тектес тілдермен қатар Арап, Парсы және Қытай тілін білетін Зуқа Батыр 33 баланың әкесі еді. Төрт әйелінен 12 ұл және 8 қызының аты белгілі.

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: