|  | 

Саясат

Н. Бисвал-”жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі бірлескен жұмысы барысында АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайды”

  04_673_396_95 2016 ж. 8-9 наурызда Вашингтонда Қазақстандық-америкалық стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының (ССК) саяси, гуманитарлық және экономикалық мәселелері жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.

Қазақстандық тарапынан комитеттерді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ҚР Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Рақым Ошақбаев басқарды. Америкалық тарапты АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Ниша Бисвал, АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері бойынша көмекшісі Том Малиновский және АҚШ Сауда министрінің көмекшісі Арун Кумар басқарды.

Отырысты аша отырып, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Н. Бисвал «екіжақты қатынастар мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан маңызды шаралар аясында ғана емес, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі бірлескен жұмысы барысында АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайды», – деп атап өтті. Ол 2015 жыл стратегиялық серіктестіктің сапа жағынан жаңа деңгейге өту ісінде сәтті өткенін атап өтіп, ҚР және АҚШ Президенттерінің 2015 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында екі жақты кездесуін, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің 2015 жылы сәуірде АҚШ-қа сапарын және  2015 жылғы қарашадағы Мемлекеттік хатшы Джон Керридің Қазақстанға ресми сапарын, Орталық Азия және АҚШ арасындағы «С5+1» жаңа форматты ықпалдастығының іске қосылуын атап өтті. Американдық дипломатының сөзі бойынша, Стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының «елдеріміз арасындағы институционалдық ықпалдасытығының анықтаушы аспектісіне» айналғанын АҚШ мақтан тұтады.

Осындай пікірді Ақ үйдің Орталық Азия бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің директоры Катриса Бани білдіріп, «жақын дос» болып табылатын Қазақстанға «АҚШ-тың шабыттандыратын серіктесі» деген сипат берді. АҚШ Президенті Әкімшілігінің өкілі ядролық таратпау және зорлық экстремизмге қарсы тұру секілді халықаралық күнтәртібінің маңызды мәселелері бойынша стратегиялық серіктестікті тереңдетуге Вашингтонның дайындығын білдірді.

Саяси мәселелер жөніндегі ССК комитетінің шеңберінде саяси байланыстарды белсендіру, Ауғанстанды қалпына келтіру мен өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар қорғаныс ведомстволары тармағы жағынан ықпалдастықты белсендіру мәселелері талқыланды. Ерекше назар ядролық таратпау және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы 31 наурыз – 1 сәуірде Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік саммитінің жұмысына дайындық мәселелеріне бөлінді.

Гуманитарлық өлшем жөніндегі комитетінің отырысында білім беру және мәдениет, БАҚ дамуы және қазақстандық үкіметтік емес секторын қолдау салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету жолдары қарастырылды. Тараптар америкалық білім алмасу бағдарламалары және ағылшын тілі мұғалімдерін мақсатты оқыту арқылы Қазақстанда үштілдік қағиданы жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге келісті. 2016 жылы ҚР мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орай біріккен іс-шаралар туралы конструктивті пікір алмасылды. Мемлекеттік қызметтің мөлдір және тиімді моделінің, әділ сот жүйесінің, сот үстемділігінің қамтамасыз етілуін қалыптастыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде реформаларды жүзеге асыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Екі тарап аталған салада сындарлы ықпалдастықты нығайтуға дайындығын білдірді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі қазақстан-америкалық ынтымақтастықтың тереңдету мүмкіндіктері экономика бойынша ССК комитетінің отырысы барысында да талқыланды. Жақын арада Орталық Азия елдері және АҚШ арасындағы сауда мен инвестиция салаларында қатынастар дамыту жөніндегі шектелмелі келісім шеңберінде отырысты өткізуге дайындық барысы қарастырылды. Тараптар сауда-инвестициялық салалардағы қауымдасуды нығайтудың нақты жолдарын, соның ішінде кіші және орта бизнес ықпалдастығының тарапы жағынан зерттеуге келісті.

Қазақстандық делегацияның Вашингтонға сапары шеңберінде екіжақты кездесу барысында АҚШ Мемлекеттік департаментінде, Әділет министрлігінде, Қаржы министрлігінде, Хельсинки комиссиясы барысында, сонымен қатар АҚШ іскер және сарапшы топтары мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен кеңейтілген «дөңгелек үстелдер» барысында тақырыптық және өзара мүдделі сұхбат орын алды.

ҚР Сыртқы істер министірлігі

Related Articles

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: