|  | 

Саясат

Мырзахметов: Бизнесте қазақ тілін дамыту – «Атамекеннің» парызы

«Әуелі ұлт алдындағы парызымыздан бастайын» деп ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ә дегеннен жиналғандардың назарын өзіне аударды. Осыдан екі жарым жыл бұрын Кәсіпкерлер палатасы туралы заң жобасы парламентте талқыланып жатқан кез болатын

Сонда депутат Оразкүл Асанғазы: «Абылай, өзің ауылда, қазақы тәрбиемен сусындап өскен азаматсың ғой, кәсіпкерлікте қазақ тілінің орнын әрдайым биік ұстап, іскерлік қарым-қатынас тілі ретінде дамытсаңдар» деген өтінішін айтқан еді». Міне, содан бері, бұл мәселе, «Атамекеннің» парызына айналды.

Сонымен, «Атамекен» атан түйеге жүк болар қарызын өтеуге кірісті. Жуырда қазақ тілін іскерлік қарым-қатынас тілі ретінде қалыптастырып, дамыту мақсатында төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен палатада арнайы бөлім ашылып, пікірсайыс алаңында сол құрылымның жұмыс жоспары талқыланды. Екпіні тау қопарардай болып басталып, соңы сиырқұйымшақтанып, аяқсыз қалған талай істі білеміз ғой, десек те, дәл осы Кәсіпкерлер палатасының қадамынан үмітіміз мол. Іс оңға басып, нәтижелі болып жатса, егемендік алған ширек ғасырлық белесімізде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған ең бір соны әрі тың бастама болар еді.

Осы уақытқа дейін том-том сөздіктер мен оқулықтар жарыққа шығып, биік-биік мінберлерден небір жалынды сөздер айтылса да тіл түйінін түбегейлі шеше қоймағанымыз рас. Әйтсе де, «баяғы жартас – сол жартас» емес, тоң жібіп, сең қозғалғаны көңілге медеу. Бүгінгі талап та, көзқарас та бөлектеу. Егер бұрынырақта «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» десек, бүгінгі мақсат – қазақ тілін ғылымның, бизнестің тілі ретінде қалыптастыру, яғни, салалық және сапалық бағытта дамыту болып отыр.

Абылай Мырзахметов.

Абылай Мырзахметов.

ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің айтуынша, қазір еліміздің облыс орталықтарынан бөлек, барлық аудан, елді-мекенде 188 кәсіпкерлерді қолдау орталығыашылған. Басты мақсат – ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту. Осы тұрғыда тіл мәселесіне қатысты қандай да бір қиындықтар мен қолайсыздықтардың алдын алуды жаңадан құрылған бөлім қамтамасыз етпек.

Қазір мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға арналған қолдау бағдарламалары көп. Бірақ көп жағдайда осы бағдарламалар туралы ауылдағы ағайындарымыз біле бермейтіні рас. Біз еліміздің түпкір-түпкірінде болып, мемлекет ұсынып отырған бағдарламаларды түсінікті етіп жеткізіп, оған жан-жақты көмек беру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Тілге қатысты ешқандай кедергі мен қолайсыздық болмауы тиіс, – дейді Абылай Мырзахметов.

Айгүл Ахметқалиева.

Айгүл Ахметқалиева.

Кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасының кеңесшісі Айгүл Ахметқалиеваныңайтуынша, бұл атүсті, асығыс туындаған идея емес. Әбден пісіп-жетілген, жүйелі жоспарланған, мақсаты айқын бастама.

Бұл идеяны жүзеге асыру үшін 9 ай бойы дайындық жұмыстарын жүргіздік. Жобаның тұжырымдамасын палата басшылығына таныстырып, бірден қолдау таптық. Мұның жауапкершілігі жоғары, ауқымды іс екенін түсінгеннен кейін жоба ретінде емес, дербес құрылым ретінде жұмыс істеуі тиіс деген тоқтамға келдік. Бір айта кетерлігі, бұл құрылым қазақ тілін оқыту мәселесімен айналыспайды. Қазақ тілін біз бизнес коммуникация тілі ретінде қарастырамыз. Яғни, коммуникацияның тиімділігін арттыру арқылы бизнестің тиімділігін арттырғымыз келеді, – дейді Айгүл Ахметқалиева.

Cірә, «Хан айтқан сөзді қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» деген сөз тегін айтылмаса керек. Қазақ тілін іскерлік қарым-қатынас тілі ретінде дамытуды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы секілді беделді құрылымның қолға алуы қуантарлық жайт. «Атамекен» осылай деп жатқанда, біздің бейқам жата бергеніміз болмас» деп өзге де ұлттық статусқа ие ұйымдар, ірі-ірі компаниялар, қаржылық құрылымдар да ойланар, бәлкім бұдан кейін. Белгілі алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай айтпақшы, әрі-беріден соң «Атамекеннің» аты ғана емес, заты да ұлттық деген атқа лайық болуы керек.

Әдетте, тіл мәселесін қаузаған болып, әлдекімдердің бақай есеп, бас пайдасын көздеп, ұпай жинап қалуы үшін ұйымдастырылатын жиындарда қара көрсете бермейтін Тұрсын Жұртбай секілді еркін ой, салмақты пікір иелерінің «Атамекен» пікірсайыс алаңына шақырылуы да көңілге қонымды болды. Басқосуда белгілі алаштанушы ғалым, танымал жазушы елдің еңсесін тіктеуге бағытталған мұндай қадамдардың 20-ғасырдың басында да жасалғанын жиналғандардың есіне салды.

Тұрсын Жұртбай.

Тұрсын Жұртбай.

 - Алаш қайраткерлерінің түпкі мақсаты ұлттық-демократиялық мемлекет құру болған еді. Олар түбінде экономиканың жетекші салаға айналатынын біліп, ел тәуелсіз болу үшін ұлттық экономика тәуелсіз болу керек деген ұстанымды тірек етті. Сол себепті ұлттық экономика мен кәсіпті қазақ тілінде жүргізді. Сіздердің сол кездегі алашордалықтар көтерген мәселені қайта жаңғыртып отырғандарыңыз мені қуантады. Алаш зиялылары салып кеткен жолды қайта тірілтуге «Атамекеннің» жігері жетіп отыр. Бара-бара елдегі іскер азаматтарымыз ана тілімізде сайрап, бизнес те өз тілімізде жүргізілер болса, соның өзі жетіп жатыр, – деді Тұрсын Жұртбай.

Жалпы, біз секілді дамушы ел үшін отандық бизнестің тілін ғана емес, тұтас бағыт-бағдарын да ұлттық ерекшелігімізге сай қалыптастырып, дамытуымыз маңызды. Еуропалықтардан асып еуропалық, жапондардан асып, жапон бола алмайтынымыз бесенеден белгілі ғой, яғни, тек өз ұлттық болмысымызбен, қазақы қалпымызбен ғана ерекшелене алатынымыз анық.

Анар Фазылжанова.

Анар Фазылжанова.

Бұл тұрғыдан алғанда А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанованың ойымен келіспеске болмас: «Жаһандану болған жерде этнизация болады. Еуропаны қараңыздар, олар өздерінің ұлттық құндылықтары үшін ақшаны аямай жұмсап келеді. Ірі мемлекеттерді айтпай-ақ қояйық, ұсақ мемлекеттердің өздері ұлттық мүдде үшін күрес жүргізуде. Біздің елімізде де этнизация, яғни қазақтану процесі жүріп жатыр. Егер халық қандай да бір экономикалық құбылысты өз тілінде атаса, бұл оларда экономикалық сана дамып жатыр дегенді білдіреді. «Атамекен» палатасы құрамынан бизнесті ұлттық тілде жүргізуді мақсат тұтқан бөлімнің құрылуы – елдегі экономикалық сананың өскендігінің белгісі».

Сайып келгенде, ұлтты ұлт ретінде ерекшелейтін не? Әрине, ең әуелі оның тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихы. Тілінен жеріген, дәстүрі мен мәдениетінен ажыраған, тарихын ұмытқан ұлттың болашағы бұлыңғыр екені айтпаса да белгілі. Ендеше, «Атамекен» сүйіншілеген игі бастама, азаматтық миссия баянды болып, қазақ тілі қалың бұқара, іскерлік ортаның тіліне айналсын деп тілейік.

forbes.kz

Related Articles

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: