|  | 

Әдеби әлем

КӨКБӨРІ МҮБАРАК ӨЛЕҢДЕРІ

Magijan Jumabay

МАҒЖАН

Мағжан Жұмабайұлына

 

Сүйріктейін саусағың,

Бірде тоқтаусыз қалам іздеді.

Қарағай күйесін де аңсадың,

Ормандар лүпілдеп табамыз деді .

 

Ыбырсыған сулар көз жасыңа еріп,

Кіріп кетті қарамай ағаштан ары.

Таулардың мейірі он жасында өліп,

Өз құшағын іздеп адасқан бәрі.

 

Үнсіз отырдың, қарашығың ағып

сандалып жүрді әлемде.

Құс жолы тоқсан қара-сұрыланып,

Ағаштарын тонатты тау өрде.

 

қайда Қызылжар? сұр бөрте аспан?

Ғұн-бабама дейін жетелер еді.

Болсаңызда лепті түндерді тосқан,

Дауысың жұтылып кете береді.

 

Алса ғой мынау қорлықтан сүйреп,

Ғұнның жауырынды ерлері.

Тарих шимайлаған зорлықтан күйреп,

Өлгендер қайтып келмеді.

 

Бүйірді аунатты күтпеген бүйі,

Қарағай басына мөлиіп көшті алап.

Мұз жарғақ құшақтап бүктеген күйі,

Магадан отырыпты теріс қарап.

 

Сен сіңіп кеткенсің бұлаққа барып,

Тұмандар онда ойнап жүр.

Әлсіз үнің жетер құлаққа дарып,

Осылай мені ойландыр.

 

Ормандар сені құшақтаған күйі,

Мәңгілік қату басталды.

Аспандар көзінен ұзатпаған жиі,

Есімің тастарда жатталды.

 

Ұшырып етпепті бақбақ дүбірді,

Құрлық теңізге жалпылдап ақсада.

Кезіп кетіпсің жылап әппақ Сібірді,

Мүсініңді жұрт жасап жатқанда…

 

 

СЫҢҒЫРЫН ЕСТІРТПЕЙТІН БҰЛАҚТАР

 

Анау таудың арасында кім жүрді,

Мендей жұтып көп тұман.

Үрккен көлдер жүрегімді бүлдірді,

Кеудемде үнсіз құс сусылын соқтырам.

 

Жапырақтай судыр қаққан көп бұлақ,

Сауылдады малшындырып тауларды.

Қышқыл таста ұйып тыңдар жоқ құлақ,

Жүрегімде солғын ғана шам жанды.

 

Шаңырақта қалғымайды ай енді,

Күлдіреуіштен жұлдыз жаумас сүтке де.

Сайтан қолы жалын өріп тай өлді,

Сары ала қамшым қоймады бір бүктеле.

 

Түйем үнсіз ошағанға айналды,

Жылқым кетті қара адырға жұтылып.

Тарғыл тынжым енді тас боп ойланды,

Бұйырғындар қаймақ қуалап, сүті іріп.

 

Белден асып бұрқыраған қой ізі,

Арқарлардың мүйізіне оралды.

Біздің үйдің көп алқаған өгізі,

Өз көзіне сіңіп кетті қараңғы.

 

Әппақ шаңқан серкелердің сақалын-

Мынау қыста жусан отыр салалап.

Мүлде ескірген шым шилердің шапағын,

Балалығым кетті рең боп аралап.

 

Көбелектер кілемдерге тоналып,

Қиыр-қиыр қалаларға асықты.

Көбелексіз өңір мұзға оранып,

Сауысқанның шықылына қашыпты.

 

Содан бері аққан ғұмыр осы еді,

Сора-сора бұлақтарды іздеймін.

Таудың арғы бетінде өмір кешеді,

Нұр шоршытып бұрынғыдай жүзбей күн.

 

Көк тұмандар жусар бүкіл орманда,

Балалығым шомған қоныс аңырап.

Мың бұлақ кеп салдырлаған аңғарда,

Бал күндерім батты көлге жамырап.

 

Көп жыл жүрді, жаңаланды құрақтар,

Бұлақ сыңғырын тұман жуды бір күні.

Мекендеп бір қалды өлген бұлақтар,

Әжемнің тек ыдысының сыңғырын.

 

 

АҚЫННЫҢ ҚАРТАЮЫ

Қуаныш Дәлейге

 

Қаратеңіздей көл-көсір шашымда,

Ақ толқындар шоршиды ол қалай?!

Ентігіп қарап жасынға,

Бұлттарға тасаланды таңғы арай.

 

Мекенге қараймын таңды ырғап,

Ағаш діңін оюлап сары салқын.

Сүйкімді күн қолын бал бұлғап,

Кеудеме тебітті аңсар күн.

 

Шилі өзенде қонақжай шөрелер,

Ұңғыма уыстарды қондырған.

Жым-жырттық шашпаса көл егер,

Өзеннің дауысы болдырған.

 

Қартая бастаппын, байқадым,

Қабыршақ мұз жауды иығыма.

Бұршақ жайлы да көп айтамын,

Арудың қашқақтаған бұрымына.

 

Тауларға тасырет түс жауды,

Бергі аспан сеспей қатыпты.

Австралияға құс та ауды,

Шашымдағы аязды таныпты.

 

Қыстырмаймын тісіме бір сыздық,

Елең де алаң мезгіл күркіреп.

Маңайды қамайды нұрсыздық,

Әлсіз сәулелерді сілкілеп.

 

Сыр-Дәрияның жұпар ауасы,

Кеңсірігімнен аулақтап өтеді .

Нендей бүлік салды қарашы,

Мойынымды ғана сипап кетеді.

 

Күздер қоңырауы шағылыпты

Уысымда тұр, көп сынық.

Меннен ғана бұл табылыпты,

Сынықтың дауысы от сүріп.

 

Көктемдер ләйліп тұрды да,

Тауға жұтылып кетті жыпырлап.

Жаз дейсіңбе, жаз сейіл құрды ма,

Сиыр мүйізінен түсіп жатты шыпырлап.

 

Қияқ боп ғана ырғалған сытырлап,

Сол жазды білем жанымды жеген.

Тұман даярлаған бүкіл бақ,

Қыраулар үйіне ағылды денем.

 

Қартайма жетер, Қуаныш ағам,

Құлағымда борап тұр жетіген.

Кірпігіңнен ұшқалы тұр бір алыс ғалам,

Ұстай тұрыңызшы өтінем!

 

 

КӨГІЛДІР КҮН

 

Көгілдір күнге айналды,

Қызғылт еді ғой күн деген.

Бұлттар да буырқанып ойланды,

Дүниенің ауысқанын білмеген.

 

Қоңыр таулардың төбесіне,

Оймақ сап кеткен анам ба?!

Күйген төбелердің тегешіне,

Шуақ қопартып кетті ғалам да.

 

Даланың бозсалқын таңдайы кеуіп,

Құм малдас құрып төрелік айтты.

Жусанның исін арнайы себіп,

Қаралтқым белдер көгеріп қайтты.

 

Қызыл аршаның әні – көктемнің

ауызынан түскен сөз екен.

Дабылын тексеріп өткеннің,

Өкпектен басталды мерекем.

 

Көгілдір күн жұпар құлатты,

Ие болған тау-тау қайыңдар.

Көк алқа таққан бұлақты,

Көгілдір таңдарда табыңдар.

 

Көгілдір жымдарды сипалап,

Бөрілер өткен шайқалып.

Көкше құзардан бір қарап,

Бұқатана бұрқайды жайпауыт.

 

Алабажақ сылқым көбелек,

Көгілдір қолыма қонады.

Жауырымда қалқайған кебенек,

Арттағы даламды шалады.

 

Көк шаңқан тарпаң сағаттар,

Стрелкаларды бұлқиды.

Тұнжыр, қарқара қабақтар,

Көкшіл елестерде шылқиды.

 

 

СЕН

 

Сен қырауға айналған кезде,

Терезені сипадым.

Сен ақ жауын боп ойланған белде,

Қуанышыма симадым.

 

Сен шұғынық атанған жерде,

Қайттым шұшақтап хош иісті.

Жел гүлдерді ұшырып апарған көлге,

Менің де парағым көп ұшты.

 

Сен өзенге сыңғыр тауып бергенде,

Малта тастар қызғанды.

Сен аспанға баяу үңіле бергенде,

Сен үшін ол кемпірқосақ сызған-ды.

 

Тастың ойларына шомылған кезде,

Жусандар саған орман жасап берді.

Аспанда ақ нұрды жамылған меңге,

Ай деген ат қойылып толғамға тап келді.

 

Сен кекілдерді сипалап жүресің,

Желемік еді ғой бір атың.

Ұйқышы жапырақтар да шырқап әңгімесін,

Өміріне  сені ән қып тұратын.

 

Шымал боп бірде аңырасың сен,

Ізбіндерден қарап мені де.

Түйдектеліп жүрегің сағым жасынмен,

Ойнатасың оттарды өзіңе.

 

Сылқым патсайы тоқымақ көлге,

Торала қаздай қарайсың.

Жүрегіңе ұқсатып жапырақ терме,

Жүрегіңдей дүпілдейді қалай шын?!

 

Мәтқапыда жеткен көктемді көрші,

Етегіңе оранып сырғанап.

Балауса құрақ ең, өткенге келші,

Маңдайыңды үрлеуші еді күн қарап.

 

Kokbori Mubarak

Көкбөрі МҮБАРАК (Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, Археология және Этнология факультеті)

Related Articles

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: