|  | 

Көз қарас

Алматыдағы атыс нені байқатты.

Абылай хан және Қазыбек би көшелері қиылысындағы атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.Бүгін Алматыда оқыс оқиға орын алды. Құқық қорғау мекемесіне баса-көктеп келген бөгде адам кіре берісте отырған кезекші полицейді жарақаттап, автоматын тартып алып кеткені хабарланды. Әлеуметтік желі арқылы тараған алғашқы ақпараттан кейін оқиға орнына шұғыл жеткенімізде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қоршауға алынғанын көрдік. Онан кейін Никольск базарының алдында машинасына оқ тиген куәгермен жолықтық. Куәгер жігіттің айтуынша оқиға болғанына бірнеше сағат болғанымен бірде-бір құқық қорғау қызметкері келмепті. Оқиғаны көзімен көрген сол жерде тұрған сатушыларда бірдеңе деуге қорқады. «Байқа, ертең келіп алып кетеді» деген өзара әңгімелеріне қарап олардың әлдекімдерден қатты сескенетінін бірден аңғаруға болады.
Оқиғадан кейін үш сағат өткенде барып ресми ақпараттар жария бола бастады. Бірақ сол мезетте, яғни оқиға орнында жүрген Алматы қалалық ішкі істер бөлімі баспасөз қызметінің өкілдерін көзімізі шалды. Ақпарат бермек түгілі мойын бұруға мұршалары келмей кетіп қалды. Тек қарулы күш өкілдерінің бір-біріне хабарлауынан» ұстау операциясының» жалғасып жатқанын түсіндік. Ал әлеуметтік желіні кезген «Сайранда қырғын болып жатыр екен», «Бірінші Алматы вокзалына жарылғыш зат қойылыпты» «Сауда үйінде пәлен адамды кепілге алыпты» іспетті жалған ақпараттар онсыз да көңіліне қорқыныш ұялаған Алматы жұртын одан әрі қорқыта түсті. Алматы жұрты кімге сенерін білмей дал болды. Телеараналар мен радиолардың профилактикалық жұмыс күні екенін ескерсек, ақпаратты әлеуметтік желі немесе сайттар арқылы таратып халықты тыныштандыруға, сақтық шарасын жасауға шақыруға болар еді. Мәселен, сол сәтте Азаттық сайтының фб-парақшасында тікелей транслация жүріп жатқан болатын. Сол арқылы ақ, Алматы жұрттшылығын тыныштандыруға болар еді. Бұған қарап құқық қорғау саласындағы ақпарат қызметінің дұрыс жұмыс ітей алмайтындығын, оқыс оқиға орын алған жағдайда халықпен байланыс орнатуға әлсіз екендігін аңғаруға болады.
Бір мезетте үш жерде орын алған, бірнеше адам зардап шеккен оқиға бұған дейін Алматыда орын алмағаны белгілі. Бұған дейін болған Ақкенттегі атыс немесе Қарғалдағы жарылыс басқа болатын. Ол кезде біздің құқық қорғау қызметкерлері оларды ұстауға барған еді. Ал бұлы жолы олар өздері келді. Тапа-тал түсте, Алматының ортасында орналасқан мекемеге басып кіріп, қаруды алып кетіп қалды. Куәгердің айтуынша, автоматын иығына асынып алған 20-25 жас мөлшеріндегі азамат өте салқынқанды. Асықпай, қорықпайды.Базар маңындағыларға мылтық кезеніп, жолды емін-еркін кесіп өтіп жүр. Сонымен қатар Мұқанов көшесінің Абаймен қиылысар тұсында да екінші жігіттің қару кезеніп, көшедегі көлікке кезеніп жүргенін видеодан көзіміз шалды. Айналдырған екі жігіттің алып мегаполис тұрғындарын осыншама әуреге салуы – біздің құқық қорғау саласының әлі де жетілмегенін аңғаруға болады.
Пысы: Таңертеңгі 11:00-де атыс басталды. Кешкі 17:00 мөлшерінде екінші шабуылшының ұсталғаны туралы бейресми ақпарат тарады.

Нұртай Лаханың facebook парақшаcынан алынды

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: