|  |  |  | 

Мәдениет Руханият Тарих

Еліміздің Шығыс өңіріндегі діни ахуал. Кеше және бүгін

Қазақ Елінің тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы Ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Орталық Азия мен Қазақстанға Исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады.

Алғашқы араб дін таратушылары 670 жылдардан бастап қазақ жеріне келе бастаған. Тарихшылар VIII ғасыр басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыс жанданған дейді.

Исламның түбегейлі орнығуына VIII ғасыр ортасында, яғни 751 жылы Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жергілікті халық – қарлұқтардың көмегімен жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізген екен. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде Ислам діні мен мәдениетінің орнығып қалыптасуының бастауы болыпты.

Бастапқыда Ислам діні еліміздің оңтүстік өңірлеріне ене бастады. X ғасыр аяғына қарай Ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғасыр басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960 жылы Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.

Бұл аймақ әртүрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан Ислам дінін тарату бейбіт түрде жүріп жатты. Ұлы Жібек жолы көпшілік діндер, солардың ішінде христиандық-несториандық, буддизм, заростризм діндері үшін қолайлы аймақ болды. Далалы өңірде тұратын түркі халқы тәңіршілдікті ұстанды. Тұрғылықты халық арасына Ислам еш зорлық-зомбылықсыз бейбіт жолмен қазақ даласының барлық түкпіріне таралды.

Ал, арғы тарихқа бармай-ақ бергі замандарға үңілсек ислам дінінің шығыс өңірге біртіндеп тарауына жыраулар мен ақындардың, молда-қожалардың еңбегі молынан сіңді.

Абай, Шәкәрім сынды тұлғалар өз заманында қоғамға жаңаша ойлау үрдісін ұсына білді және руханият арнасында елеулі пікірлер мен көзқарастарын қалдырды, бүгінгі тілмен айтқанда ислам дінінің зайырлы ұстанымын негіздеушілер болды деп те айтуымызға болады. Ендеше, қазіргі кездегі әртүрлі жат бағыттағы діни түсініктер қоғамымызда белең алып келе жатқан шақта, олардың алдын-алу шаралары жүйелі түрде қолға алынып отырған кезеңде, жоғарыда аталған ойшылдардың байсалды ұстанымын ашып көрсетіп, оның ішкі мәнінен жетіп, зиялылар танымындағы ой сарынын салыстырмалы талдап, оны қоғам талқысына ұсыну мәселелері зерттеуге зәру бағыт.Қазіргі жаһандану заманында рухани бірлік идеясы ерекше маңызға ие болып отырған кезде, еліміздің ислам дініне қайта бетбұрыс дәуірі басталғанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының діни дүниетанымын зерттеп, оның оңды, тиімді, құнды жақтарын игеру, қазіргі жас ұрпақтың рухани әлеміне баға жетпес құндылық болар еді.

Құнанбайдың қажылықтан келе жатып, Түркістан өңірінен біраз қожаларды Семей өңіріне ала келгені тарихтан мәлім. жазушы-шежіреші Сейт-Омар Саттарұлы бір сұхбатында былай дейді: «Мұхтар Әуезовтің ұлы әкесі Әуез қожа сол аулеттен. Ұлы жазушының Смағұл Сәдуақасовқа жазған хатында: «Менің тегім – Қаратаудан найманның ішіне келген қожалар. Найманның ішінен Бердіқожа бір топ ағайындарын ертіп, тобықты ішіне көшіп келді деген сөз бар. Бақшайыш пен менің атам Омарханның арасы он сегіз ата болады екен. Тым әрі сияқты» деген сөздер бар. Бұл туралы жазған хатынан өзге деректер де кездеседі. Кезінде ұлы тұлғаның тегін қазбалап бес бірдей жазушы қалам тартқаны белгілі. Біздің мақсатымыз, барша қазақтың Мұхтарын қазағынан бөлу емес, тарихи әділдік үшін іздену ғана еді. Алдыңғы зерттеулерде айтылған Омарханның атасы Саяхов көңілге күдік келтіріп, нақты шежіреден шатастырып жіберді.Кейіннен оның да жөнін білдік. 1845 жылдары Архат тауынның етегіндегі Қарасазда «түркістандық сарттармыз» деп отырған 40 шақты үй болғаны анықтадық. Соны негіз етіп, Арқатқа бардық. Жол бастаушы Бекен ағам сақалы беліне түскен ажарлы келген найманның бір шалымен таныстырды. «Өзімнің қожам екенсің ғой», деп бізді бөтенсімеген қария таудың ішіндегі белуардан келетін тас үйілген молалы қорымға алып келді. Ескі жұрттың, («күлтөкпе» деп атайды екен) жайын айтып, «осы жұрт Саяховты кейін шығарды. Оның шын аты – Әбдіқожа. Ол біздің қожамыз. Жылда бір мал сойып тасаттық береміз. Одан басқа қат болған жандар моланы іздеп келіп, қасиетті бабасына тәу етіп, зиярат етіп келіп жатады» деді».

«– Мұхтар Әуезовтің аталары Ысқақ бабтан тарайды. Мұнда Әзірет Әлінің екі әйелінің балалары бар. Біріншісі – Бибі Фатимадан тарайтындар. Оларды “сейіт қожалар” дейді. Әзірет Әлінің тағы бір ұрпағы – Мұхаммедқанафия. Бұларды Мұхаммедқанафия әулеті дейді. Сөйтіп, бұлар Әбдіжәліл баб және Ысқақ баб болып екіге бөлінеді. Ысқақтан тараған Бақшайыш өз алдына бір ата болып кетеді», – дейді Сейітомар Саттаров.

Жоғарыда келтірілген дәлелдер мен дәйектерге сүйене отырып, Шығыс өңірге ислам дінінің тарлу тарихы арыдан екенін білеміз. Міне, бертінгі жылдардағы шығыс аймақтағы ислам дінінің дамуына осы айтылған қожалардың еңбегі де зор болды.

Исламның суниттік бағытын ұстанатын қазақ елі бүгіндері 50-ден астам мұсылман мемлекетін біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшесі. Қазақ қоғамының мәдени және әлеуметтік өмірінде Ислам дінінің алатын орны ерекше, сондай-ақ, баба дәстүріне сай құрылған ізгі жолымен бір қалыпты дамып келеді.

baq.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: