|  |  | 

Көз қарас Саясат

Батыстағы бейсаяси олимпиада туралы бір сөз

Danyar Eleusin

Олимпиада кезінде спортшыларымыз жеңген сайын “бұл – бүкіл елдің жеңісі” деп дүр-дүр ету негізінен спортты саясиландырып, мемлекет қарауына алған Ресей мен Қытай бастаған пост-советтік және социалистік елдерге ғана тән бе деп қалам. Күніне алтынды уыстап алып жатқан Батыс елдерінде қандай да бір жеңіс ең әуелі сол бір жеке спортшының маңдай терінің нәтижесі ретінде қабылданады. Ол жеңіс тұтас мемлекеттің “үстем” екенін, халқының “сапалы” екенін, билігінің “ерекше қамқор” екенін көрсетпейді. Ел ішінен шыққан жеке бір чемпионның жігерлі, қажырлы, қайратты, талантты һәм еңбекқор адам екенін көрсетеді. Сол себепті Ұлыбритания мен Германия спортшысы, я командасы финалда кездесіп қалса, жанкүйерлер ең әуелі екі күш иесінің немесе екі ұжымның бәсекесін бақылайды. Спортшылар да, олардың қолдаушылары да өткен тарихта Ұлыбритания мен Германияның арасында болған қисапсыз қырғын, небір соғысты жадында қайта жаңғыртып, бір-біріне кектене қарап, кемсіте сөйлеп, “жаман немістен жеңілдік-ау”, я болмаса “тәлпіш ағылшынның астына түсіп қор болдық-ау”, “басқаны жеңу бір бөлек те, ағылшынды тұқырту бір бөлек қой, шіркін!” деп кіжінбейді:) Жеңген жақ та, жеңілген жақ та жекпе-жек, жарыс, я матчтан соң төс қағыстырып, “күш атасын танымас” деген – осы” деп жылы жымиысып тарайды.

Батыс елдерінде олимпиада құрамасын мемлекет емес, халық қаржыландырады. Мысалы, олимпиада жақындаған кезде АҚШ-тың банктері барлық клиенттеріне арнайы хат жібереді. Соның бірнешеуін өз көзіммен көрдім. Қысқаша баяндасам, былай деп жазылған: “Құрметті Пәленше! Алдағы олимпиада кезінде ұлттық құрамамыздағы спортшыларымыздың маңдайы жарқырап жүруі үшін, спорттық формасы ерекше әдемі болып тігілуі үшін, жатын орындары жайлырақ, ас-сулары құнарлырақ, құрал-жабдықтары толығырақ болуы үшін қайырымдылық қолын созсаңыз. Жоспарымыз – 1 доллардан жинау. Егер 2 долларыңызды қисаңыз – құба-құп. Құрметпен, банкіңіз”. Сол себепті де миллиондаған америкалықтың қаржысымен жарысқа аттанған олимпиада құрамасы шынайы “халық командасы” болып қабылданады. Олимпиада жеңімпаздарына Ұлыбритания үкіметі көк тиын төлемейді. Өйткені чемпиондар елге оралғасын оларға еркін нарық заңдарымен іс қылатын жергілікті небір бизнес компаниялар мен брендтер тауарын насихаттау үшін “жарнамамызға түссеңіз” деп жата кеп жабысады. Кейбір атағы шыққан жүлдегерлер тиімді контрактілер арқылы миллиондап та пайда табады. Былайша айтқанда, айналып келгенде тағы сол қарапайым тұтынушылардың – халықтың арқасында еңбегінің жемісін, бейнетінің зейнетін көреді. Сондықтан билікке жалтақтамайды, президентке алғыс айтпайды, үкіметтің пиар акцияларына пысқырып та қарамайды.

Батыс елдерінде олимпиада құрамасына іліну үшін жеке-жеке әуесқой спорт клубтарының арасында әділ бәсеке өтеді. Олимпиадаға кім баратынын құраманың бас бапкері шешпейді, бәсеке шешеді. Сол себепті кейбір жарыс түрлері бойынша бір елден бірнеше спортшы жолдама алып, қатар қатысып жатады. Бұның бір жақсысы – жанкүйерлер арасында “Түгенше мықтырақ еді, бас бапкер өз кандидатына бұра тартып, құрамаға алмай қойды” деген әңгіме тумайды.

Осындағы френдтерімнің қаперінде жүрсін деп ескертіп жатқаным.

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Қызық…

    Қызық…

    1989 жылы Қазақ ССР-дың мемлекеттік тілі біреу, ол қазақ тілі болған. 2026 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі болмақ. Мәселе, 37 жылдан бері публикацияға тіл туралы баптың 1- тармағын көрсетіп (қоғамдағы ұлтшылдықты басу үшін) ал ісжүзінде 2- тармақпен баса жұмыс істеуінде жатыр. 1989 жылдан бері қазақ тілінің құзіреті конституцияның күшінен көбірек қазақ ұлтшыларының инерциясының арқасында өркендеді. Өйткені қазақтілді орта урбанизацияланды, былайша айтқанда қаладағы мәдени аймақтарды қазақтілді ішкі миграция басып алды. Қазақша мектеп, бала-бақша, орта және шағын бизнес тб бәрі ішкі миграция мен урбанизацияның есебінде көбейді. Конституцияда мем-тіл қазақ тілі деп көрсетілсе де мем-жүйе 2-тармақпен жұмыс жасады. Ал кейбір мекемелер мен облыстардағы қазақ тіліне басымдықтың берілуі тікелей демографиялық

  • Математиканың Nature-сы мен Science-ы

    Математиканың Nature-сы мен Science-ы

    Математиканың Nature-сы мен Science-ы: Математика саласы әрдайым басқа ғылымдардан ерекшеленіп тұрады және ешбір ғылымнан тәуелсіз, өз алдына дамып келеді. Керісінше, көптеген басқа ғылым салаларын математикасыз елестету қиын. Бүгінгі жазбамда математиканың тағы бірнеше ерекшелігін атап өткім келеді. Бұл ақпарат ғылыми ортада жүрген көптеген адамдарға пайдалы болады деп үміттенемін. Барлығымыз білетіндей, көптеген ғылым салалары үшін ең жоғары марапат саналатын Нобель сыйлығы математиктерге берілмейді. Алайда бұл математиктер Нобель алуға қабілетті емес дегенді білдірмейді. Керісінше, басқа салалар бойынша Нобель сыйлығын алған математиктер де бар. Математиктердің «Нобелі» саналатын әлемде ең ірі екі сыйлық бар. Біріншісі – Фильдс сыйлығы. Бұл марапат 40 жасқа дейінгі ең үздік математиктерге, ұзақ жылдар бойы шешілмей келген аса күрделі есептерді шешкен

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: