|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Өзбекстанның келесі президенті кім болуы мүмкін?

Өзбекстан премьер-министрі Шавқат Мирзияев.

Өзбекстан премьер-министрі Шавқат Мирзияев.

Өзбекстан үлкен саяси өзгерістің алдында тұр. Тамыздың 29-ы күні Өзбекстан президентінің кенже қызы Лола Каримова Instagram-дағы парақшасында 78 жастағы әкесі Ислам Каримов миына қан кетіп, ауруханаға түскенін хабарлады.

Каримов инсульттен олай-бұлай болып кетсе немесе бұдан әрі президент міндетін атқара алмай қалса не болмақ? 1991 жылы Совет Одағы тарағалы елін үздіксіз басқарған президенттің орнын кім басуы мүмкін? Бұл сұрақтар тек Өзбекстан халқын ғана емес, Орталық Азия жұртшылығын толғандырып тұр.

Өзбекстанның конституциясына сәйкес президент өз өкілетін жүзеге асыра алмаған жағдайда парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы үш ай мемлекет басшысының міндетін атқарады. Бүгінде бұл қызметте көпшілікке онша белгісіз Нигматулла Юлдашев отыр.

«Өзбекстанның келесі президенті кім болуы мүмкін?» дегенде аталатын кандидаттар аз, тізімде – үш-ақ адам.

Көпшіліктің пайымдауынша, 2003 жылдан бері үкіметті басқарып келе жатқан 58 жастағы Шавкат Мирзияев – президенттікке басты кандидат. Каримовтың туған жері – Самарқанмен іргелес Жызақ аймағында дүниеге Мирзияевті өз жерлестерімен қоса Самарқандағы кландар да қолдауы мүмкін. Ислам Каримовтың ауруханаға түскенін растаған ақпаратты Мирзияев басқаратын министрлер кабинеті таратқанын да ескерген жөн.

Билік ауысу процесі кезінде кландар маңызды рөл атқармақ. Елді қатаң тәртіппен басқарған Каримов тұсында бөтен пікір айтуға жол берілмеді, оның үстіне ол Өзбекстандағы кландарды бір-біріне айдап салып, сол арқылы жеңіске жетудің шебері болды.

Кей сарапшылар Мирзияевті агрессияға жақын тұратын ұрда-жық адам деп сипаттайды. 1996-2001 жылдары Жызақ облысының әкімі болған тұста ол аймақтағы ауыр жағдай туралы айтып шағымданған бір фермерді ұрып тастаған деген ақпарат тараған. Мирзияевтің ізбасары, маңайындағыларды ұрып, жазалаушы отряд құрды деп айыпталған Убайдулла Яманкулов кезінде қолы кісенделіп, тікұшақпен әкетілген. Мирзияев пен Яманкулов бір-біріне жақын адамдар болған.

Өзбекстан шенеуніктері Мирзияевті үкіметтің «ақыл-ойы» дегеннен гөрі «жұдырығы» деп есептейді. Бірақ бұл оның президенттікке ұмтылуына кедергі бола қоймайды. Кей сарапшылардың айтуынша, ол қаталдығы үшін көп сыналған Каримовтен де асып түсетін диктаторға айналуы мүмкін.

Өзбекстанда соңғы бес жылда конституция көп өзгертілді. Кей өзгерістер премьер-министрдің құзыретін қағаз жүзінде кеңейтті. Бұл өзгерістер Мирзияевтің келесі президент болу ықтималдығы жоғары екенін аңғартады.

Алайда басшылары Исмаил Журабековтың кесірінен Самарқан кланы 1990-жылдардың соңынан бері Каримовтың кәріне ұшыраған. 1980-жылдары Каримовтың Компартиядағы билік баспалдақтарымен өрлеуіне септігін тигізген Журабеков тәуелсіздік алған соң жоғары лауазымды қызметтерге ие болып, бизнеске де араласқан. Оның ықпалы өте күшті еді, кейін 1999 жылғы ақпандағы Ташкентте болғанжарылысты Журабеков ұйымдастырды деген де дақпырт тараған. Көп ұзамай Журабеков зейнеттік демалысқа шығарылып, ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.

Біраз уақыттан соң үкіметке қайтып оралған Журабеков 2004 жылға дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Дегенмен Каримов пен Самарқан кланының арасындағы байланысқа сызат түсті. Журабековтың үлкен саясаттан кеткеніне де біраз болды, бірақ президент пен Самарқан кланының арасы жақсарды ма, жоқ па – ол жағы түсініксіз.

Президенттің орнын иеленуден басты үміткерлердің бірі – 56 жастағы қаржы министрі Рустам Азимов. Ол – Ташкент облысында туған әрі Ташкент кланының өкілі. Азимов 1998 жылдан бері қаржы саласына қатысы бар лауазымды қызметтер атқарып келеді.

Өзбекстанның қаржы министрі Рустам Азимов.

Өзбекстанның қаржы министрі Рустам Азимов.

Азимов – Мирзияевқа қарағанда күрделі әрі сыртқы әлеммен қарым-қатынаста көбірек тәжірибесі бар адам. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Өзбекстан Ұлттық банкінің сыртқы байланыс бөлімін басқарған ол Еуропадағы қайта құру және даму банкімен (EBRD) келіссөздерге жауап берген.

Ең жоғары лауазымды қызметтен үміті бар үшінші кісі – Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 72 жастағы басшысы Рустам Иноятов. Бұл қызметті 1995 жылдан бері атқарып келе жатқан ол Ташкент кланының өкілі саналады.

Каримовтың денсаулығы сыр берген соңғы жылдары Иноятов саясатқа көп ықпал етті дейді сарапшылар. Президенттің ықпалды кәсіпкер әрі саясаткер қызы Гүлнараны «тұқыртқан» да осы кісі деген болжам бар. Гүлнара Каримоваға қатысы бар телекоммуникациялық компаниялардағы жемқорлық туралы дау-дамай шыққан 2014 жылдан бері президенттің үлкен қызы ел алдына шықпай кетті. Кей деректерге қарағанда ол үйқамақта отыр.

Иноятовтың 70-тен асқанын ескерсек, оның президент бола қоюы екіталай, алайда оған өтпелі тұлға рөлі берілуі де мүмкін.

Иноятов патшаның тасасында жүретін адамға көбірек ұқсайды. Оның соңғы 10 жылда түскен жалғыз ғана фотосуреті бар, онда Иноятов Қытайдың қауіпсіздік саласы басшыларымен кездесіп жатыр. Ол ел назарына түскенді ұнатпайды.

Дегенмен, ешбір үміткер оның көмегінсіз Өзбекстанның келесі президенті болып сайланып, елді еш кедергісіз басқарып кете алмайды.

Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Рустам Иноятовтың (сол жақта) 2014 жылы Қытайға сапары кезінде түскен суреті.

Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Рустам Иноятовтың (сол жақта) 2014 жылы Қытайға сапары кезінде түскен суреті.

Кей сарапшылардың пікіріне қарағанда, Иноятовтың Мирзияевпен қарым-қатынасы жақсы, сондықтан ол қазіргі үкімет басшысының кандидатурасын қолдайды. Оның үстіне Журабеков биліктен кеткен соң Иноятовтың ықпалы күшейе түскен, әрі Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы ретінде ол Самарқан кланының осал тұстарын тауып, оларды таққа жолатпауы мүмкін.

Екеуі де Ташкент кланының өкілдері болғандықтан, Иноятов Азимовқа қолдау білдірсе, мұнысы қисынға келер еді. Дегенмен кландар арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте қиын. Осыған дейін самарқандық президент Ташкент кланының ықпал етуіне жол беріп, теңгерме саясат жүргізіп келген. Осы «бейбітшілікті» сақтау үшін ғана Азимовтың кандидатурасы өтпей қалуы мүмкін.

Брюс Панниердің блогы ағылшын тілінен аударылды.

Related Articles

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Қызық…

    Қызық…

    1989 жылы Қазақ ССР-дың мемлекеттік тілі біреу, ол қазақ тілі болған. 2026 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі болмақ. Мәселе, 37 жылдан бері публикацияға тіл туралы баптың 1- тармағын көрсетіп (қоғамдағы ұлтшылдықты басу үшін) ал ісжүзінде 2- тармақпен баса жұмыс істеуінде жатыр. 1989 жылдан бері қазақ тілінің құзіреті конституцияның күшінен көбірек қазақ ұлтшыларының инерциясының арқасында өркендеді. Өйткені қазақтілді орта урбанизацияланды, былайша айтқанда қаладағы мәдени аймақтарды қазақтілді ішкі миграция басып алды. Қазақша мектеп, бала-бақша, орта және шағын бизнес тб бәрі ішкі миграция мен урбанизацияның есебінде көбейді. Конституцияда мем-тіл қазақ тілі деп көрсетілсе де мем-жүйе 2-тармақпен жұмыс жасады. Ал кейбір мекемелер мен облыстардағы қазақ тіліне басымдықтың берілуі тікелей демографиялық

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: