|  |  | 

Көз қарас Руханият

ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ

6ccea822f620a10c9b4c70ecd14bb7dc

Қазіргі ислам жүздеген ағымдарға бөлініп саясиланып кетті.Біздің қазақ халқы да әртүрлі ислам,христиан,будда,тағы басқа құдайшыл ағымдардың жетегінде кетіп барады.Бұл болашақта Қазақ мемілекетін ыдыратып,қазақ жерін талан таражға салудың ашық жоспары.Бұны қазақ саяси элитасы біліп отыр ма?Әлде білседе білмеген болып жеке бастарының қамын күиттеп,жасаған бизнесіне алданып жүр ме?Белгісіз.Қазақ мәңгілік ел болуға талпыныс жасап жатыр.Құптарлық іс.Мәңгілік ел болу үшін алдымен саяси бағыт бағдар болу керек.Саяси бағыт бағдар тамырымен қандай нәрсеге байлануы керек?Ол ең әуелі халықтың жаны ұлттық таным түсінікке,салт-дәстүріне,сенім-нанымына, тілі мен ұлттық психологиясына негізделуі керек.Бұл кез келген халықтың ғасырлар бойы тәжірибеден өткен рухани құндылықтары.Ал рухани құндылықтарға ревизия жасағысы келетін кейбір діндарлар халықтың қарсылығын туғызатыны заңдылық.Теледидарда дін туралы сұхбат жүріп жатыр.

Журналист сұрақ берді:

-Біздің қазақта әулиеге зиярат етіп ақтық байлау деген ырым бар.Сол дұрыс па?Бұл жөнінде шариғат не дейді?

Имам:

-Иә кейбір қазақтар әулиеге зиярат етіп көмек сұрайды.талдың басына ақ шұберек байлап ырым етеді.Бұның бәрі шариғатқа қайшы.Ислам оны құптамайды.Бұл Аллаға серік қосу болып есептеледі.

Ойланбай айтылған екі ауыз сөздің ішінде халық тағдыры жатқанын олар біліп отырған жоқ.Себебі өресі жетпейді.Өздерінің сана сезімі төмен бола тұра халыққа ақыл айтқыш. Жол сілтегіш білімсіз,мәдениетсіз адамдар көбейді.Ондайларды теледидардан,интернеттен шеттету керек.Жарайды. Енді осы екі сөзді талдайық.

Журналисттің «сол дұрыс па?» деп сұрауының өзі қателік.Себебі ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың дәстүріне күмәнмен қарау, қазақ ұлтынан жеріну.Арабтарға бүйректің бұруы.Араби исламды ұстанғанмен арабтар сені араб ретінде қабылдамайтынын түсінбеу.Нәтижесінде я араб емес я қазақ емес түсініксіз тағы бір ағым қалыптастыру.Бұл қазақ мемілекетіне керек емес.

Имамның «Бұның бәрі шариғатқа қайшы.Ислам оны құптамайды.Бұл Аллаға серік қосу болып есептеледі»деген сөздерінен өзінің қандай мемілекетте өмір сүріп жатқанын білмейтіндігі аңғарылады.Шариғат-/тура,дұрыс жол.Беделді билік арқылы орындалуы міндеттелген заң,нұсқау/Яғни шариғат өзін ислам мемілекеті ретінде жариялаған мемілекеттерде орындалатын заң.Қазақстанда әртүрлі діни конфессиялар бар.Шариғат заңдарын  қазақ санасына тықпалаудың қажеті жоқ.Қазақтың өз дәстүр-салтына негізделген заңдары бар екенін ұмытпау керек.Қазақстан кониституциясының 1-бабында былай деп жазылған:Қазақстан республикасы өзін зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемілекет ретінде орнықтырады.Оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары.

Зайырлы мемілекет-мемілекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған,қоғамдық қатынастар,діни нормалар негізінде емес,азаматтық негізде реттелетін, мемілекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемілекеттің сипаты.Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы.Кез келген дін /діндердің бәріне қатысты/прогрессивті емес регрессивті сананы қалыптастырады.Ғылымдағы математика,астрофизика,химия,философия,психологияның алғашқы жаңалықтарының бәрі ежелгі арабтарда ашылды.Ол кезде арабтар діни фанатизмге берілмеген еді.Қалай діни фанатизімге жол ашты солай ғылым тоқырауға ұшырап өркениеттен кейін қалды.Дінге үстемдік бермеген Америка,Жапония,Қытай,Германия,Оңтүстік Корея әлем экономикасында көш бастап тұр.

Аллаға серік қосуға келсек Құрани кәримнің Тәубе сүресінде былай дейді: Олар/Яхуди,Христиандар/ғалымдарымен,машайықтарын және Марйем ұлы Ғисаны Алладан өзге Тәңір қып алды.Негізінде олар,бір Тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын.Өйткені,одан басқа ешбір тәңір жоқ,Ол олардың қосқан шерігіне пәк.Яғни Аллаға серік қосу дегеніміз өз өзін «Алла»деп жариялау.Құрани Кәримді дұрыс түсініп оқи алмаудың өзі имамдардың діни сауатының төмендігін аңғартады.Қазақтың түсінігі бойынша балаға тіл-көз тимесін деп мойнына тұмар тағатын дәстүрі бар.Кейбіреулер араб әріптерімен жазылған тұмарды машиналарына да тағып жүреді.Сонда тұмар араб әріптерімен жазылса қасиетті,басқа әріптермен жазылса қасиетсіз болып көрінеді.Тұмар тағу қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі.Ежелгі қазақтар тұмарды күмістен соқтырған.Қыз келіншектердің алқа.сырға,шолпылары ата аналарының көзіндей болған тұмарлары.Құрани Кәримнің мәйда сүресінде былай дейді:Әй иман келтірушілер! Алланың белгілеріне/хаж амалдарына/құрметті айға,құрбандықтарға,мойындарына тағылған белгілерге,және раббыларының ризалығын ілтипатын іздеп,ардақты үиге/қағбаға/келуші хажыларға құрметсіздік етпеңдер.Мұндағы «мойындарына тағылған белгілерге» дегенде  тұмар мен крестті меңзегені  айдан анық.Ал әулиенің басына барып зиярат етуге келсек ол Аллаға серік қосу болып есептелмейтінін жоғарыда айтып өттік.Қазақ жерінде жатқан 362 әулиенің бірде біреуі өзін «Мен Алламын» деп айтқанын тарих жазбаған.Олар исламды жергілікті халықтың салт дәстүрімен қатар ұстанғаны ақиқат.Зиярат ету әрбір адамның ішкі сенім нанымына байланысты жүзеге асатын әрекет.Оны шектеу өркениет заңдарына қайшы.Өркениет деп сана сезімі адамгершілік қағидаларына негізделген,шексіз сана иесін айтамыз.Шексіз санаға адам баласы үздіксіз білім мен ғылымның арқасында қол жеткізеді.Шексіз сана иесі адамдарды дініне,тіліне,нәсіліне қарап бөлмейді.Ол адамдарды адамгершілік қасиетіне қарап бағалайды.Қазақ халқы дәл осындай санадағы адамдардан құралуы керек.Біз Қазақстанды мәңгілік елге айналдырамыз десек Арабтың дәстүр салты мен дінін насихаттағанша қазақтың дәстүр салты мен ежелгі Тәңіршілдік пәлсафасын жандандыруға баса назар аударымыз керек.Тәңіршілдік біреулер айтып жүргендей дін емес ол қазақтың дәстүр салтынан тамыр алып жатқан өмірлік пәлсафасы.Тәңіршілдік пәлсафасында адам ол тұлға.Тәңіршілдік пәлсафасының атрибуттарын қазақтың туы мен елтаңбасынан айқын көруге болады.Яғни біз ата баба дәстүріне адал болып,осы жолдан таймасақ мәңгілік елге айналатынымыз хақ.

Сұлтан Қаған

kerey.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: