Күлдір – дүлдір ( Жаңа жылдық кешке арналғанәзіл қалжыңдар)
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ
«Әлі бұзылмаған қазағым бар екен» деп барайын»
Үлкен сарайда концерт жүріп жатады. Әншілер өзбек, қырғыз, тәжік, үндіс, орыс, ағылшын ырғағында ән шырқап жатады. Осы кезде сахна сыртында (кулисаның арты) бір кемпір әншілер боянатын есіктердің бірін ашып, бірін жауып жүреді. Оны көрген бір жігіт: “Кімді іздеп жүрсіз?” деп сұрайды. Кемпір: “Осы әншілердің ішінде қазақы ән айтатын адам бар ма екен деп соны іздеп жүрмін” депті. Сол кезде қатардағы боянатын есіктен шыққан бір әнші қыз: “Жүріңіз, апа, мен қазір қазақы ән айтамын” деп үлкен кісіні қолтығынан алыпты. Сол кезде кемпір: “Сөйтші, айналайын.Сенің алдыңдағылардың айғайынан құлағым бітеліп қалды. Бір құрышымды қандырып, қазақи әндер айтшы. Үйге әлі бұзылмаған қазақ бар екен деп барайын” деген екен.
«Жалаңаш шоу көрсетеді»
Ауыл ғой. Бір орта жастан асқан әйел көрші үйге кіріп, өзімен шамалас, пештің жанында от жағып жүрген әйелдің жанына отыра кетеді.
-Құдағи ау, біздің үйдің телевизоры түгілі, радиосы да істемейді. Сендердікі құдайдың рахаты, күні түні телевизор қараудан қолдарың тимейді- дейді.
-Ойбай, айтпа, әсіресе, балалар мен өзіңнің құрдасың сол көк жәшіктен көз айырмай отыруды әдет қылды. Осы үйде тек мен ғой, үйдің шаруасымен жүретін.
-Сонша жабысатын, осы көк жәшіктерің не көрсетеді?.
-Не көрсетеді дейсің. Қарасаң, адам жалығады. Таң сәріден концерт, содан соң шоу, одан кейін концерт, сосын шоу, түстен кейін әншілердің өсегін, аспанға ұшып кеткен “жұлдыздардың” шоуын көрсетеді.
-Ал, түнде не көрсетеді?.
-Түнде ме? Сол түнге лайық жалаңаш шоу көрсетеді. Таяуда бар ғой, жалаңаш дүкенге кіріп тамақ алғандарды көріп талып қалдым.
-Жалаңаш кіріп, тегін тамақ алғаны қалай?
-Ойбай, үлкен қалалардың бірінде жалаңаш кіргендерге 5 мың теңгеге тегін тамақ беріпті.
-Ой, мынауың жақсы жаңалық қой! Ондайды біздің ауданның дүкендері жасамай ма екен?. Үйде шалдың пенсиясы да, менің балаларға алатын жәрдем ақым да бітіп, қазанымыз тақырлап қалып еді- деген екен көрші үйден келген әйел.
«Менің хатшым сұлу, әрі ақылды»
Қымбат мейрамханада екі үлкен мекеменің екі басшысы түскі тамақ ішіп отыр. Біріншісі екіншісіне:
-Менің хатшы қызымды көрдің бе?- деп сұрайды.
-Көрдім.
-Қалай, сұлу ма?
-Иә, әдемі екен. Ал, менің хатшыма назар аударсаң, ол да сондай сұлу, әрі ақылды!
-Ақылды? ! Ол қандай мағынада?
-Ой, сен қызық екенсің ғой! Менің үйдегі әйелім тексеріп күнде жұмысыма келеді. Сонда да ол менің хатшы қызбен жүретінімді сезбейді -депті екіншісі.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ
«Мен мен онымен жата алмаймын»
Бір әйелдің ерке қызы күйеуге шығып, той жасайды. Той бітіп, алғашқы түні қыз бөлмесінен “Мама!”деп айқайлап атып шығып, мамасының жатқан бөлмесіне жетіп келіпті. “Не болып қалды?” дейді мамасы таңданып, сонда қызы: “Мама, оның денесінің бәрін жүн басып кеткен, маған жақындаса болды, денемді қышытады, мен онымен бірге жата алмаймын!” депті.
«Сөз айтпай күлдіруге бола ма»
Жұрт “Қиқу тартар” деген комедияны көріп отыр. Алдыңғы қатарда комедияның режиссері мен театр сыншысы отыр. Комедия жүріп жатыр, бірақ жұрт күлмейді. Сосын режиссер: “бұл жұрт неге күлмейді?” дегендей, сыншығы қайта қайта жалтақтап қарай беріпті.Ұзаққа созылған күлместерден қажыған режиссер қасында отырған сыншыға қарап: “Жұрт неге күлмейді?” деп сұрапты. Оған жауап ретінде театр сыншысы: “Қайдан күлсін, комиктің орында трагик, трагиктің орнында комик ойнап жүрсе!” депті. Сонда режиссер сыншыдан: “Онда елді сөз айтпай күлдіруге бола ма?” деп сұрайды. Оған сыншы: “Болады! Ол үшін Чаплин болу керек қой!” деген екен.
«Сыншылар бар болса, осы отырғандарды бәрі неге классик»
Бір топ ақын жазушылар бір жерде бас қосып қап, ішіндегі біреуі: ” Біздің әдебиет қазір “Алтын ғасырға” өтті. Өлең десең өлең, дастан десең дастан, роман, эпопея, трилогия десең де бәрі бар. Сыншылардың көптігі сондай, аяқ алып жүре алмайсың” деп шалқыпты. Сонда сол жерде отырған бір қисықтау әдебиетші: “Бізде сыншылар бар болса, осы отырғандардың бәрі неге классик?” деген екен.
«Екеуміз қосылғаннан бері мұның көзіне бір шөп салған емеспін»
Тілші “Қарттар” үйіндегі 90- ға келген шал кемпірден сұхбат алуға келеді.
-Мерейлі тойларыңызбен құттықтаймын! (Тілші екеуіне гүл тапсырады). Шал мен кемпір:
-Рахмет!
-Рахмет!- дейді.
-Екеуіңіздің отбасын құрғандарыңызға қанша жыл болды?
-Жиырма жыл.
-О о! Керемет! Осында бақытты ғұмыр кешіп жатырсыздар?
-Иә.
-Иә.Тілші сосын кемпірден:
-Екеулеріңіз қосылғанға дейін басқа отбасыңыз болмап па еді?
-Болған. Мен бұған дейін бес күйеуге тигенмін. АЛ, осы шалға тигеннен кейін мұның көзіне бір шөп салып көрген емеспін!- деген екен.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы
kerey.kz
Пікір қалдыру