|  |  | 

Көз қарас Тарих

Шарқи Түркістан мен Чин Түркістанның астыртын айқасы

Orda Eldec суреті.Orda Eldec суреті.

Шарқи Түркістан- شارقي تۇركىستان
Чин Түркістан- چين تۇركىستان

Шың дубнның шыңжаңды он бір жыл билеп-төстеу кезеңі Шығыс Түркістандағы советтік мәдени, саяси, экономикалық құбылысты өте қоюлатып жіберді. Яң Зың Шин мен Жин Шу Рінге қарағанда Шың дубан советтік билікке саяси “есігін” ашып ішкі қытаймен арасын алыстатты. Сонымен бірге ішкі қытайдан келетін қаптаған қалың қытай мигранттарды кері қайтарды, онымен қоймай орталық үкімет нұсқауына бойсынбай, орталық биліктің наразылығына қарамай жеке аумақтық конституция жасады, жеке байрақ, жеке әнұран, жеке валюта шығарды. Диxуада (Үріжіде) Орыс және Қытай тілінде сабақ беретін саяси, әскери институттар, мектептер пайда болды. Керек десеңіз орыс тілі екінші тілге айналды. Шың дубан ішкі қытайға ұшып баруын біржолата тоқтатып Мәскеуге жиы барғыштап кетті және Мәскеу үкіметі астыртын қаржыландырған Гоминдаң үкіметінің көзіне сүйел болған әлсіз де аз санды қытай көменестерімен де жақсы байланыс жасап, олардың бетке ұстар адамдарын арнайы Диxуаға (Үрімжіге) да алдыртты. Мәскеу билігіне наразы болып Шығыс Түркістанға қоныстанған антисоветшіл, антикөменесшіл саясаткерлерді Шың дубан ұсағанын ұстап, атқанын атып, атпағанын топыраққа тірідей көміп көзін жойды. Мәскеу көмекке жіберген тұлғаларға биік мәртебе беріп саяси қолғанаты қылды. Мәскеу Шығыс Түркістанның күншығыс қақпасы Құмыл уалаятының аумағына әскери әуе базасын құрды, соның ыпқалында Ішкі қытайдан ешкім рұқсатсыз аттап кіре алмады. Бұл фактор Шығыс Түркістандағы Советшіл “Шарқи Түркістанның” пайда болуы мен саяси күшке айлалып кетуіне апарып соқты. Шың дубанның советшіл саясатынан үрейленген Орталық Гоминдаң үкіметі Шығыс Түркістаннан айырылып қалмас үшін шетелге кеткен немесе Шың дубанмен текетіресіп ішкі қытайға қоныс аударған Шығыс Түркістандық тұлғаларды өзіне тартып, олармен санаса бастады, оларды арт-артынан орталық үкіметке шақырып оларға биік мәнсап беріп солар арқылы Шығыс Түркістанға астыртын үгіт жасағысы келді. Нанкин сияқты орталық Гоминданның астанасында газет-журнал шығарып Шығыс Түркістандықтардың “Мәскеуге, Шың дубанға, Көменестерге сенбеуіне” нәсиқаттады. Орталық Гоминдаң үкіметі бір мезгіл “Чин Түркістан” қадамына баруы осы кезеңде басталды. Онысы саяси шарасыздықтан немесе Шыңжаңды Советшіл, Мәскеушіл Түркістандықтардан көрі демократиялы орталық қытайшыл Түркістанға бетбұрғызу, алдаусырату керек болды.
Кейін Шың дубан мен Мәскеудің ара қатынасы араздыққа ұласты. Шың дубан Шығыс Түркістандағы советтік тұлғалар мен әртүрлі советтік күштерді бір күнде-ақ шекарадан шығарып олармен саяси, мәдени байланыста болған Шығыс Түркістандықтарды абақтыға тоғытты. Орталық Гоминдаң үкіметіне қайта жалт беріп шыңжаңдағы советшіл күштерді қидай сыпырды. Мәскеу де құр жатпай Шың дубан үкіметіне қарата оқ атқан Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды астыртын қолдап солар арқылы Шың дубанмен “есеп айырыспақ” болды. Бұның соңғы нәтижесі советтік негіз бен қолпаштаудағы “Шарқи Түркістан үкіметін” дүниеге әкелді. Бұл құблыс орталық Гоминдаңның ұйқысын қашырды, өйткені, шыңжаңдағы орталық үкіметке қайта қараған Шың дубан кезіндегі қалдық әскери күштер, саяси құрлымдар қауқары жоқ, соққыға шыдамайтын еді, алда жалда Шарқилар Манас өзеінен өтіп Диxуаға(Үрімжіге) басып кірсе тіптен насырға шабады, сорлағанның көкесі сонда дей келе шарасыздықтан саяси сауда жасап әккілікке салынып, саяси әдіс-айламен шешуді қолға ала бастады. Ең әуелі Шарқидың артқы тірегі Мәскеумен құпия ымыраға келді, сол арқылы Шарқи әскерін Манас бойында ілгерлетпей торуылдатып қойды, тағы сомен Шарқи әскерінің жартысын еөп азаматтарды ауылына қайтартып жасақ күшін сейілтті. Ішкі жақтан Нәнкинде сонау жылдары жинап алған Шығыс Түркістандықтарға дереу Диxуада (Үрімжіде) үлкен мәнсап беріп жеті уалаяттағы xалықтың үш уалаяттағы советтік Шарқиға үн қосып бірігіп кетуінің алдын тосты. Бір мезгіл “Шарқи Түркістан”ға қарсы “Чин Түркістан” яғни Қытай-Түркістан үгіт-нәсиқатын жасады, құжаттар, құрлтай керме тулары, саяси сабақтар бәрінде уақытша “Чин Түркістан” ұранын көтерді. Чин-Түркістанды- советтен де “демократиялы, адам құқын қорғайды, әр xалықтың ұлттық құндылығын заңды қорғауға алады, жергілікті xалыққа саяси, әкімшілік мәнсап көптеп беріледі, жалаң қытай ұлтшылдығы жасалмайды, кемсіту болмайды, теңсіздіккке жол жоқ, тб” деген үгіт-нәсиқат желше гуледі. Ішкі қытайда 8 жыл жүрген Жолбарыс та, түрлі себептермен орталық үкімет құрамына орныққан Айсабек, Имн Бұғра, Масғұдтар да осы кезеңде Нәнкиндегі үкіметтен Диxуаға (Үрімжіге) жөткеледі, оларға маңызды мәнсап тағайындалады.
Манас өзеніндегі әскери күшін қайта реттеп алған Шарқи Түркістан уақытша үкіметі бұл кезде Әлиқан Төрені тұтқиылдан “жоғалтып” алып сәл дағдарып тұрған кезі еді. Үрімжідегі түрмеден шыға салып ұшақпен Құлжаға ұшып бара сап екі-үш айдан соң Шарқи Түркістанның басына төраға болып отыра салған Ақметжан Қасмиды әрине түсінбей қалған болуы да мүмкін. Бұл кезең “Шарқи Түркістан уақытша үкіметі” атауын және “азат шарқи түркістан” атауымен шыққан газет-журналдарды біржолата өзгертіп жатқан күрделі өзгерістер кезі еді. Қысқа мезгілде өте үлкен күшке айналған “Шарқидың” енді желі шыққан доп құсап бырысып бара жатқан тұсы. Советшіл Шарқилар “азаттықты емес, жоғары автономияны алсақ деп қолымызға лажысыздан қару алдық” дегенге сендіріп, орталық Гоминдаң үкіметінің Диxуаға (Үрімжіге) енді орнығып жатқан саяси күштерімен екіжақты келсім жасасу ойын ашық айтқан “қызықты дәуір” еді. Сонымен не керек көп өтпей “Біріккен Үкімет” құрылды. Үш уалаят өз өкілеттерін, Жеті уалаят өз өкілеттерін ұсынады. Бұл кез- “Шарқи Түркістаншылдар” мен “Чин Түркістаншылдар” тартысының ең қызған кезі еді. Бір-бірлеріне арыз беру, домалақ қағаз жазу, астыртын соққыға жығу, соғып кету, ереуіл жасап наразы болу жилеген кез. Бір-бірінің өкілетті тұлғаларын мойындамай ақыр аяғы “Біріккен Үкімет” тарап кетті. Бұндай оқиға Нәнки мен Мәскеу үкіметіне “бала бақшадағы балалардың төбелесі” сияқты қызықты “ойын” болды. Екі ірі елдің саяси “керегіне” айналған “Түркістан” ұраны осылай ырду-дырдудан, жік-жікке бөлінуден көз ашпауға әкеп соқты. Нәнкиндегі Гоминдаң үкіметі “Шыңжаң Мәселесі” үшін қатты алаңдаулы еді, өзі құжат қабылдап үгіттеген “Чин Түркістан” ұранының әлсіз де болса “жеміс” бергеніне саяси қуанышы мол еді, деседе терістікте күшейіп келе жатқан МАО үкіметінің мәселесін шешу тіптен алаңдататын. Өйткені, Мәскеу “Шарқи Түркістан” арқылы есеп айырспаса да “МАО ҮКІМЕТ”і арқылы есеп айырысатыны ап-анық еді.

Суретке түсінік: Шарқи Түркістан үкіметі шығарған ұлттық ақша. Келесі бірі, Чин Түркістан үгіті гулеп тұрған кезде шыққан Шыңжақ ақшасы. (бетінде Чин Түркістан жазуы бар)

ОРДА Елдес
04.01.2017

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: