|  |  | 

Көз қарас Руханият

Қазақ санасы қырық жамау.

6ccea822f620a10c9b4c70ecd14bb7dc

Қазіргі қазақ санасы апамның құрақ көрпесі секілді.Қызыл,сары,көк т.с.с.Нақтылап айтсақ дәстүршіл қазақ,мұсылман қазақ,христиан қазақ,будда қазақ,католик қазақ,ауылбай қазақ,қала қазақ т.т.Енді осыған Қазақстанда тұратын аз ұлттарды қосайық. 18 миллионға таяу халқы бар,әлемдегі жер көлемі бойынша 9-шы орында тұрған Қазақстанның қазіргі ахуалы осындай.Бірі батысқа,екіншісі шығысқа,үшіншісі солтүстікке,төртіншісі оңтүстікке қарап тұрған қазақта қандай патриотизм болуы мүмкін?Оларды  қалай бір біріне қаратып жақындастыруға болады?Жалпы Қазақстан,халқын бір тудың астында ұстап тұра ала ма?Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.Ежелгі түркі халқының арасына іріткі салып бөлшектеу Аттилла заманынан басталған.Себеб ол кезде түркі жұртының әлеуеті зор,ықпалды мемілекетке айналған кезі.Аттилла Римді жаулап алғанда,сол елдің данышпандары құпия кеңес құрады.Ортаға сөз тасталды «Біз өркениетті империя едік. Азиядан келген әлдебір жабайылардан жеңілдік.Бізден асып түсетіндей оларда қандай құдырет бар?» деді.Сонда,бір данышпан айтты дейді «Олардың бірінші құдыреті үндерінде.Күркіреген дауыстары күнді қалқалап,жерді сілкінтеді.Екінші құдыреті байрағында.Байрақта өрнектелген қосынды бар.Ол күн құдайы Тәңірінің бейнесі» депті.Аттилла шабуылға шығар кезде жауынгерлерін рухтандыру үшін, бақсыларға қобыз ойнатып  көмеймен зікір салдырады екен.Рухы көтерілген жауынгерлер тасты талқандап,тауды қопарып тастауға бекиді екен.Түркілердің екі киелі дүниесіне европалықтар бас ұрып өздеріне иемденіп кетті.Қобыздан скрипканы туғызды.Шаңырақтың қосындысына шоқынып дін жасап алды.Міне,сол кезде түркілерді жою үшін іштей іріту жоспары да жасалғаны сөзсіз.Ол үшін европалықтар не істей алатын еді? Ол заманда түркілерге қарумен қарсы тұру мүмкін емес еді.Сондықтан олар айлаға басып түркілердің арасына әртүрлі діндерді кіргізді.Кейіннен будда,христиан,католик,мұсылман. Қазір әртүрлі секталар.Ғасырдан ғасырға ұласқан әртүрлі идеалогия өзінің жемісін берді.Құрақ көрпе көзге әдемі көрінеді.Ертең біреу келіп «маған қызылы ұнайды» деп қырқып алса.Тағы біреу «көк менікі» деп жыртып алса не болмақ? Я болмаса басқыншы біреу «көрпең жақсы екен» деп  қолтығына қысып алып кетсе қайтесің?Не істемек керек? Қырық түрлі сана қалыптасқан халыққа ұлтшылдықты жалаулатып береке таппайсың.Ұлтшылдықты «халық арасына іріткі салушы» деп қабылдайды.Исламның туын көтерсең уахаб,салаф,суфис т.б.террорист болып шығасың.Азияның туын көтерсең нәсілшілдің қалпағын киесің.Бағанағы төртеуі төрт бағытқа қарап тұрған қазақты бір біріне қарату үшін ортаға дәстүрдің отын жағу керек.Дәстүрдің отынан жандарына қуат алып жүздеріне қан жүрмек.Бойы жылынған адам ортаға қазан асып жылқының жас етін бүлкілдетіп қайнатып бөліп жемек.Бір қазаннан ас ішкен соң қазақ, бірін бірі бауыр екенін сезінер.Дәстүр салт арқылы жақындасып,ежелгі ата бабалырының ұстанған Тәңіршілдің ұғымын санасына құятын болар.Сөитіп қазақ арасындағы дәстүрлі ислам өзінің орнын табар.Жарайды,қазақты осылай ұйыстырдық.Бірақ Қазақтардан бөлек аз ұлттарды сыртқа тепкендей боламыз-ау.Бұл жерде тағыда ата бабалардың ежелгі пәлсафасы Тәңіршілдікке жүгінеміз.Ондағы бірінші өсиетте «Адамды дініне,тіліне,нәсіліне қарап бөлме.Адамгершілік қасиетіне қарап бағала» деген.Қазақ болып осыған тоқтайық.

 

Сұлтан Қаған

kerey.kz

Related Articles

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: