|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас Саясат

Қазақстанға ауыр айып таққан қырғыз ағайынға аяқ-асты не болды? Мамандар пікірі

Сурет Ерлан ҚАРИННЫҢ facebook парақшасынан алынды

Сурет Ерлан ҚАРИННЫҢ facebook парақшасынан алынды

Ай аман, күн тынышта айыр қалпақты көрші ағайын біздің елге — Қазақстанға ауыр айып тақты. Шынымен де аяқ-асты бүлінген қырғыз саясаткерлерінің ойын біздің тарап түсіне алмай дал-деп жазды www.365info.kz.

Ілік еткендері — 2010 жылғы Қырғыз Республикасындағы түрлі-түсті төңкеріс. Сол кезде Қазақстан шекараны жапқан, ол рас. Қауіпсіздік тұрғысында, әрине. Алайда Қырғыз Республикасының қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев та, Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрінің өкілі де мұны қасақана жасалған блокада деп көрсетіп жатыр. Олардың сөздеріне сенсек, шекара жабылған соң елдегі қиын-қыстау заматтан қысылған кейбір азаматтар Шу өзенінен заңсыз өтемін деп, өлім құшыпты. Қазақстан шекара жапқан соң, қырғыз еліне дәрі-дәрмек те жетпей қалып, ауыр-сырқау адамдар ішінде де көз жұмғандар болыпты.

Демек, Қазақстан блокада жасады, біздің азаматтар содан өлді деп айыптайды қырғыз ағайын.

Әрине, бұл өте ауыр айыптау. Сондықтан бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасына аң-таң болып, нота жолдады.

Қырғыз ағайын, жақсылықты білмей ме?

Шындығында, нотада қырғыз билігі 2010 жылы көрші елде болған дағдарысты жағдайды реттеудегі Қазақстан рөлін бірнеше рет атап өткені, көптеген халықаралық құрылымдар да оған жоғары баға бергені атап өтіледі.

Ол кезде Қазақстан дипломатиясы өте жоғары деңгейде көрші елдің жағдайына ат салысты. Себебі ол кезде Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы болған, сондықтан көрші елдегі жағдайдан назардан тыс қалдыра алмаған.

Сөйтіп, тез арада ҚР Мәжілісі төрағасының орынбасары, ынтымақтастық бойынша қазақстандық-қырғызстандық парламент тобының жетекшісі, елші Жәнібек Кәрібжановты Бішкектегі арнайы ЕҚЫҰ елшісі етіп тағайындады. Одан бөлек, ҚР Президентінің Қырғызстандағы арнайы елшісі тағайындалды, ол Қырғызстанның уақытша үкіметі басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, дағдарысты жағдайдан шығу жолдарын талқылады.

Сонымен бірге, Қазақстан қысқа мерзім ішінде өз көршісіне көмектер мен күштер жіберді және елдегі егіс науқанына қолдау көрсетіп, тез арада жанармай мен тұқым жеткізді.

Жалпы алғанда, Қазақстан бауырлас қырғыз халқын қолдау мақсатында 11,6 миллион доллардан астам сомаға гуманитарлық көмек жіберді.

Керісінше, Қазақстан қабылдаған осы және өзге шаралардың нәтижесінде, көптеген адам шығынына әкеп соғатын ушығулар орын алған жоқ.

Міне, нотада осылай дейді. Бұл ақиқат қой. Сонда қырғыз ағайын осы жақсылықтың қадірін білмегені ме?

Ақталудың еш қажеті жоқ

Саясаттанушы Уәлихан Төлешов те 2010 жылы жүздеген қырғыз азаматының өмірін жалмаған Қырғызстандағы саяси тұрақсыздыққа бүгіндері Қазақстанды әкеліп қыстырудың еш қажеті жоқ деп мәлімдейді. Оның пікірінше,

бұл — сау басқа сақина тілеумен бірдей жайт.

— Қазақстан ол кезде экстремистер біздің елге аяқ баспасы үшін шекараны жапты. Оны барлығы жақсы біледі. Бұл арада ақталудың еш қажеті жоқ. Жалпы, саясаткерлер елінде өткен оқиғаны азаматтардың бостандық құқығын қорғау қағидаттарына сүйенетін қазіргі халықаралық қарым-қатынастың факторына айналдыруға еш болмайды. Мұны саясат тілінде, сауатсыздық, сау басқа сақина тілеу дейді.

Бұл — Қырғыз еліндегі сайлау науқаны алдындағы саяси топтардың қатерлі саяси ойыны

Саясаттанушы Дос Көшім 2010 жылы Қазақстан шындығында Қырғызстанды азаматтық соғыстан аман алып қалды деп санайды. Оның пікірінше, көрші елдің саясаткерлерінің қазіргі мәлімдемелері президент сайлауы кезіндегі саяси ойын болуы мүмкін.

Алайда Дос Көшім кез келген саяси ойынды, әсіресе қаралығын халықаралық қарым-қатынас деңгейіне көтеру өте қауіпті, сондықтан қырғыз елшісінің мәлімдемесіне біздің тараптың қарсы нота жолдауын өте орынды деп есептейді.

— Көрші елде қиын-қыстау кезеңде блокада жасады дегенге сай өте ауыр ойлар айтылды. Шындығында, бұл блокада болмайтын. Халықаралық тәртіп, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алып қарастырсақ та сол кездегі Қазақстанның іс-әрекеті дұрыс деп саналады. Өйткені көрші елде түрлі-түсті төңкеріс жүріп жатты, қолына қару ұстаған азаматтар көрші елдің билігіне қауіп төндірді. Сондықтан мұндайда шекараны қымтамаса болмайды. Иә рас, елдегі қиын саяси-экономикалық жағдай салдарынан халық аш болды. Сондықтан бізге қарай өткісі келген азаматтар болғаны, сөйтіп құрбандыққа ұшырағаны рас шығар.

Бірақ бұл біздің кінәміз емес. Ең алдымен, өз азаматтарының қауіпсіздігін, жағдайын қамтамасыз ете алмаған сол елдің жайы емес пе, бұл?

Қазақстан сол кезде Бакиевті тез алып кетті, сөйтіп ереуілдің азаматтық қақтығысқа ұласуына жол бермеді. Мүмкін мәселе осында шығар. Кез келген саяси науқан кезінде саяси технологиялар іске қосылады. Ондайда қаралау да, айыптау да болады. Сондықтан бұл ішкі саяси топтардың саяси ойыны, өткенде кеткен есесін қайтарғысы келгені болуы бек мүмкін. Бірақ мұны осы күйінде қалдыруға еш болмайды.

Екі ел достығы үшін айтылмаған бізде де көп нәрсе бар

Сол кезеңді еске алған танымал журналист Серік Жанболат: „2010 жылы күнде дүрбелең жасап, әскерінің қаруын тартып алып өрекпіген қырғыз жігіттері тауда, жайлауда қоян-қолтық отырған қазақ туыстарына келіп, автомат атып әлек салыпты дегенді естігенбіз„ деп Фейсбуктегі жеке парақшасында жазады.

„Бір емес, бірнеше рет естідік. Бірақ, біздің құзыретті органдар, мекемелер түк білмейтіндей жұмған аузын ашпай үнсіз қала берген.

Сол кезде айдай әлемге жария қылып мәлімдеме жасап барып жабу керек еді шекараны.

Сөйтсек қой, Қырғызстан президенті Атамбаев жеті жыл өткен соң бүйтіп бұра тартып, кінә артып отырмас еді. Енді, міне, шекараны жапқан соң дәрі-дәрмек тапшылығына ұшырап, жан-тәсілім еткен қырғыздар үшін біз кінәлі сияқты болып отырмыз. Уақыт өтіп кеткен соң ақталдың не, ақталмадың не? Шекараны үн-түнсіз жаба салғанымыз рас. Бұл — факт. Ал, оның себебі енді ешкімге керек емес…„ делінеді жазбада.

Сөз соңы: Жалпы, қырғыз тарапының бұл айыптауын түсінбей жатқан біздің ғана саясаткерлер емес екен. Бұған қырғыз саясаткерлері де аң-таң. Әрине, бұл жала дейді олар. Бірақ, әзірге олардың арасынан түсінікті түсіндірме берген әлі бір мәлімдемені кездестірмедік.

www.365info.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: