|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ шежіресі

Юан имперясындағы халықтар тізімі

Жас  зерттеуші, ЕҰУ-ің  магистранты                    Ерзат Меллатхан

Yuan imperial

“Тау зұң и.оңтүстік қыстақтағы екпешілік естелігі”

Тау зұң и 1329-1412-жылдары жасаған,жыжяң Өлкесінің хуаң ян деген жерінен.Юан дәуірірінің соңы мен Миң дәуірінің бастапқы кезіндегі ақын,әдебиетші,тәрихшы.оның атақты еңбегі “оңтұстык қыстақтағы екпешілік естелігі” 30 орамнан тұрады,онда Юан дәуірінің тарихы,мемілекеттік түзімі,экономикасы және жоу юан жаң бастаған ұлыт азаттық соғысы туралы өте құнды деректер қалдырған.көбі көзімен көрген,елден естіген әңгімелер негізінде жазылған.тарихи зерттеу құбы өте жоғары.

 

Мүңғұлдардың ұлы қорғанға кіруіYuan_in_1335

Юан империасы дәуіріндегі кілем

 

Мұңғүл-Түрік руларының ұлы құрған ішіне барып мекендеуі 1211-жылғы 1- Чүржен жорығынан басталады.алтын елінің жарым жерін жаулап алғаннан кейін оны ұстап тұру Мұқали ноянға тапсырылған екен, 40 мың әскер сонда тұрып қалады.үй-ішімен 200 мың адам деген сөз. Ал 1234-жылы ақырласқан 2- Чүржен жорығында қанша Мұңғүл дың солай кеткені туралы дерек жоқ. Ал

“Батыл да іскер Мөңке қаған тұсында оның Жұрты қара қорымда еді,ел істерін бір жәйлі еткеннен кейін ол інісі құбылайды шығыстағы Қытай қалаларына жіберді,кіші інісі құлағуды батыстағы Араб,Иран Жеріне жіберді. Ол құбылайға 800 мың Мұңғұлды алып Қытай Жеріне барып сонда орнығып,оңтүстік сүң елін жаулап алуға бұйырды.”(Жәмиғ-ат-тауарих.Рашид-ад-дин,3-том 288-бет).

Бұл тәрйхтағы ең үлкен қателік болды,осыдан кейін осы халық пен әскерге сүйенген Құбылай арық бөкені жеңіп шықты.арық бөкенің балалары елін бастап Қайдуды паналады.Мұңғұл үстірті дерлік иен қалды!

Ал бұдан бұрын қасар, белгүтей,темугі отчигіндерде ішкі Жүңго жерінен енші алып ел жұртымен солай кеткен болатын.осылайша Миллион неше жүз мың Мұңғүл-Түріктер сахарадан кетті.сахараның батысында қалған бір бөлігін байқалдан келген Ойраттар алтай асыра қуып тастадыды олар алтайдан ары асып барып Жұңғаря,жетісу,тараз,шімкент өңірлерінде”Мұғұлыстан” мемілекетін құрды. Ойраттар қасиетті даланы басып алып бір жарым ғасырдай даурендеп Мұңғұлдардан кейінгі сахара имперясын құрды.

Ал Юан имперясындағы Мұңғұл-Түрік рулары 1368-жылғы Жоу юан жаңның азаттық соғысында дені қырғынға ұшырады,Лубсан дәнзәннің айтуынша : тоған темір он түмен Мұңғұлмен сахараға қайтқан”. Кей тәрихшылар 1368-жылғы қырғында бір бөлім Мұңғұлдар Мұғұлыстан ға қашқан деп қарайды, бұның да қисыны бар.

“Тау зұң и.оңтүстік қыстақтағы екпешілік естелігі”інде Юан имперясындағы халықтардың тізімі мынадай екен:

“1-дәрежелі халықтар-72 рулы Мұңғұлдар

1.Арула(арулат) 2.Жалайыртай(жалайыр),3.қошын Маңғытай(қосын Маңғыт),4. Қоңыратай(қоңырат) 5.Қоңқотан 6.Үнжірес 7.ұрғұт 8.Құралас 9.Бесутай(бесут )10.Керейтай( Керейт) 11.Төбетай 12.Барула(Барулас,барлас) 13.Күлгні 14.Елшыгын(Алшығын,Алшын) 15.Жарыжыра(жажырат) 16.Дүрбетай(дұрбен,дұрмен) 17.Татар 18.Қатагы(Қатаған) 19.Сартай 20.Қиятай(Қият) 21.Ілесутай 22.Янбұқатай 23.Дайырлеңсей 24.Шашутай 25.Меркітай (меркіт) 26.Адаргытай(Адарғын) 27.Ұрутай(ұрут) 28. Бедерітай 29.Наитай 30.Екемоқала 31.Нояғытай 32.Адарғытай(адарғын) 33.Икіретай(Икірес ) 34.тайкетай 35.Молқы 36.Ұйғұтай 37.Оймауытай 38.Арлатай(арлат) 39. Баяуытаи(баяуты,Байұлы) 40.Негүдей 41.Ойратай(ойрат) 42.Молқытай(молқы) 43.Жыңыштай 44.Қоңқотан 45.Бесутай (Бесут) 46.Ямусаутаи 47.Мұгұнтатаи 48.Маңғытай(Маңғыт) 49.Татартай(татар) 50.Нояғытай 51.Адарғытай 52.Ғұйсын(Үйсін) 53.Тайыр 54.Ұрутай(ұрут) 55.Шашутай 56.Меркі(меркіт) 57.Ақұрылтай 58.Жамартай 59.Орортай(оронар?) 60.Татартай(Татар) 61.бетек наиматаи(бетек Найман) 62.Екелін қара 63.Қоңыратай 64.Жортай 65.Маңғытай(Маңғыт) 66.Оймауытай(Оймауыт) 67.Дүрбетай(Дүрбен) 68.Барын 69.Сарғытай 70.Барқытай(Барқы) 71.Қадатай 72.Ойра(Ойрат)

 

2- Дәрежелі түсті көзділердің 31 елі

  1. Қарлық 2. Қыпшақ 3.Таңғыт 4.Асу(алан) 5.Туба(тыба) 6.Қаңлы 7.Күрлеуіт 8.Рақтай 9.Шұктай 10.Ұйғұр 11.Хорезім(дүңген) 12.Наймантай(Найман) 13.Арғұн(Арғын) 14.Қалутай15.Қорылар(қоры түмет) 16.Сарық 17.Түбетай(Түбіт,тибет) 18.Ұңғытай(Ұңғыт) 19.Мешыс 20.Торы 21.Күрд 22.Гойыш 23.Тұрқа24.Шаралу 25.Қарақытай 26.Жұршадай 27.Тұрбатай28.Қорылар 29.Гамулу 30.Черкеш31.Кашымир

Чүрженнің тайпалары

1. Онгіин 2.Ұгұлұн 3.Кешіре 4.Доутан 5.Нағира 6.Уян 7.Боша 8.Янжан 9.Ундықан 10.Чемо 11.Оутұн 12.Бошру 13.Ила 14.Ол 15.Нара 16.Кагу 17.Пиман 18.Неймаңгу 19.Ожын 20.Адян 21.Аркан 22.Улу .23 Ұндұн 24.Моян 25.Дуле 26.Сата 27.Улинда 28.Боса 29.Шоғу 30 Қолга(қалқа?)

800px-Gengis_Khan_empire-en

Талдау:

 

1-дәрежелі халықтар-72 рулы Мұңғұлдар

  1. Арула(арулат) -Қырғыз, Өзбек арасында әлі күнге осы рулар бар.
  2. Жалайыртай(жалайыр)- қазіргі Мұңғұлдарда Жалайыр емес жалайд деген тайпа бар.
  3. Қошын Маңғытай(қосын Маңғыт)
  4. Қоңыратай(қоңырат)-ішкі Мұңғұлда Қоңырат аймағы бар.
  5. Қоңқотан-қазіргі ордос аймағында аздаған қоңқотан әулеті кездеседі.

6.Үнжірес-кейінгі кезде қалыптасқан ру екені күмәнсіз,15- ғасырда солтүстік Юанның белді тайпасына айналған.

7.Ұрғұт-басқа еш ұлыттың құрамында көрінбегеніне қарағанда 1368-жылы бүкілдей қырылған болуы мүмкін.

8.Құралас-ішкі Мұңғұлядағы құраластар мен Халхадағы құраластар осылардың аман қалған тобы болуы мүмкін.

9.Бесутай(бесут )-Халхалардағы бесут сол сахараға қайта шегінген бесуттер болуы әбден мүмкін.

  1. Керейтай( Керейт)-Халха мен ішкі Мұңғұлда дерліктей кездеспейді деуге болады,өте аз, ал Торғауыттағы Керейлер бұлардан бөлек сықылды.

11.Төбетай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

12.Барула(Барулас,барлас)-қазір Қазақ,Өзбек,Хазара ұлттарында кездеседі,дегенмен олар Юан елінің емес қайта арық бөкеден кейін батысқа жылжығандар болуы мүмкін.

13.Күлгні-Шыңғыс қағанның құлан қатұннан туған күлгін атты ұлы болған ,соның еншісіне тиген ел кейін күлгін атануы заңды құбылыс.(бейне Ноғайға қараған елдің ноғай,Өзбектің заманында алтын орда көшденділерінің Өзбек атанғаны сиақты)

  1. Елшыгын(Алшығын,Алшын)-Халха Мұңғұлдарда елжігін руы бар.

15.Жарыжыра(жажырат)-Халха мен ішкі Мұңғұлда дерліктей кездеспейді. 16.Дүрбетай(дұрбен,дұрмен)-кейінгі төрт Ойраттың бірі Дөрбіт осылардан келген болуы мүмкін.

17.Татар-бір ғажабы кейінгі Миң жылнамаларында құбылай ұрпақтарына қарасты Мұңғұлдар мен басқа елдер Татар атанған.

18.Қатагы(Қатаған)-Халха Мұңғұлдарда Қатағандар бар.

  1. Сартай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

20.Қиятай(Қият)-Халха мен ішкі Мұңғұлда дерліктей кездеспейді.

21.Ілесутай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

22.Янбұқатай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

23.Дайырлеңсей-кейінгі кезде қалыптасқан ру

24.Шашутай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

25.Меркітай (меркіт)-Халха мен ішкі Мұңғұлда дерліктей кездеспейді. 26.Адаргытай(Адарғын)-қазір еш ұлыттың құрамында жоқ,1368-жылы түгел қырылған болса керек.

27.Ұрутай(ұрут)

28. Бедерітай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

29.Наитай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

30.Екемоқала-кейінгі кезде қалыптасқан ру

31.Нояғытай-Рашид-ад-дин айтқан Ноял руы осылар,қазір еш ұлыттың құрамында жоқ,1368-жылы түгел қырылған болса керек.

 

32.Адарғытай(адарғын)

33.Икіретай(Икірес)-қазір еш ұлыттың құрамында жоқ,1368-жылы түгел қырылған болса керек.

34.Тайкетай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

35.Молқы-кейінгі кезде қалыптасқан ру,тегі “құпя шежіреде молқы адам аты,сіра адам атынан қалыптасқан болса керек,Қазақтың Керейлерінде молқы руы осылар болуы мүмкін.

36.Ұйғұтай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

37.Оймауытай-қазір еш ұлыттың құрамында жоқ,1368-жылы түгел қырылған болса керек,ал қазақтың Дулатында әлі күнге Оймауыт руы бар.

38.Арлатай(арлат)

39.Баяуытаи(баяуты,Байұлы)-Халха мен ішкі Мұңғұлда дерліктей кездеспейді.1368-жылы түгел қырылған болса керек.

40.Негүдей-кейінгі кезде қалыптасқан ру

41.Ойратай(ойрат)-бұлар құбылайға ерген Ойраттың бір бөлігі,ал Ойраттың көбі арық бөке жағында болған,кейін сол ата мекеніндегі Ойраттар 200 мың адамға жетіп Мұңғұл үстіртін басып алған.

42.Молқытай(молқы)

43.Жыңыштай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

44.Қоңқотан

  1. Бесутай (Бесут)
  2. Ямусаутаи-кейінгі кезде қалыптасқан ру

47.Мұгұнтатаи-кейінгі кезде қалыптасқан ру

48.Маңғытай(Маңғыт)

49.Татартай(татар)

  1. Нояғытай
  2. Адарғытай

52.Ғұйсын(Үйсін)-Рашид-ад-динның айтуынша Үйсіннің дені дешті Қыпшақта болған,ал Халха мен ішкі Мұңғұлда дерліктей кездеспейді.1368-жылы түгел қырылған болса керек.

53.Тайыр-кейінгі кезде қалыптасқан ру

54.Ұрутай(ұрут)-кейінгі кезде қалыптасқан ру

55.Шашутай

56.Меркі(меркіт)

57.Ақұрылтай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

58.Жамартай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

59.Орортай(оронар?)

60.Татартай(Татар)

61.бетек Найматай(бетек Найман)-Наймандардың құбылайға ілескен тобы,бетеке адам аты болуыда мүмкін.

62.Екелін қара-кейінгі кезде қалыптасқан ру

63.Қоңыратай

64.Жортай

65.Маңғытай(Маңғыт)

66.Оймауытай(Оймауыт)

67.Дүрбетай(Дүрбен)

68.Барын-қазіргі ішкі Мұңғұлда барин аймағы бар,оларда 1368-жылы сахараға шегінгендер болуы мүмкін не қасардың иелігіне берілгендер.

69.Сарғытай-кейінгі кезде қалыптасқан ру

70.Барқытай(Барқы)-ішкі Мұңғұлда Барға аймағы бар,оларда 1368-жылы сахараға шегінгендер болуы мүмкін не қасардың иелігіне берілгендер.

  1. Қадатай -кейінгі кезде қалыптасқан ру
  2. Ойра(Ойрат)

 

Ескерту:

Кейінгі кезде қалыптасқан ру деп 1206-Жылдан бұрынғы оқиғаларда аталмайтын кейінгі кездерде әскери-саяси Жағыдайларға байланысты жәңадан қалыптасқан рулар айтылып отыр.

02_KZ

72 рудың ішінде Арулат, Қоңырат, қоңқотан,Бесут,Меркіт,Ойрат, Молқы,Шәшутай, Нояғытай қатарлы 9 рудың аты екі қайталанған. Ал ал Маңғыт,Ұрғұт, Татар,Адарғын  қатарлы  4 руың аттары тіпті үш рет қайталанған. Қайталанып айтылған руларды бір ру деп қарасақ онда 17 рудың аты қысқарып қалады да 55 ру қалады, ал бұның ішіндегі кейін қалыптасқан Үнжірес, Түбетай, Күлгін, сартай, Илесутай, Янбұқатай,Дайырлеңсей, Шәшутай, Бедертай, Найтай, Еке моқала, Тейкітай, Молқы,оиғұтай, Некудей, Жіңшетай, ямбұ саутай,НүГүнтай, Тайыр, Ақұрылтай, Жамартай, Екелін қара,Жортай,Сартай,Қадатай қатарлы 27 руды шығарсақ көне тәрихи рулардан 28  ру қалады.

Ал осы 27 рудың ішінде дарлекін Мұңғұлдардан : Қоңырат,Құралас, Алшын, Үйсін, Баяуыт ралары болса ; Нирун Мұңғұлдардан : Қиат, Маңғыт, Қатаған, Қоңқотан, Бесут, Барулас,Жажырат,Дұрбен,Адарғын, Ұрут,Ноял, Икірес,Арулат, Барын сиақты 14 ру.

Ал кейін Мұңғұлдарға бағынып Мұңғүл атанған : Татар, Керейт, Найман, Жалайыр, Меркіт,Оймауыт,Барқы, Ойрат қатарлы рулар.

Бұлардың ішінде “Юан имперясындағы бес арыс” атанғандар : Қоңырат,Жалайыр, Ұрут,Маңғыт,Икірес.

Жалпы 55 рудың ішінде қазақта  бар ортақ рулар: Қоңырат, Меркіт,Молқы,Маңғыт,Құралас, Алшын, Үйсін, Баяуыт(Байұлы),Қиат, Қатаған,  Барулас,Дұрбен,Керейт, Найман, Жалайыр, Меркіт,Оймауыт,Барқы қатарлы 18 ру.

 

2- Дәрежелі түсті көзділердің 31 елі

  1. Қарлық 2. Қыпшақ 3.Таңғыт 4.Асу(алан) 5.Туба(тыба) 6.Қаңлы 7.Күрлеуіт 8.Рақтай 9.Шұктай 10.Ұйғұр 11.Хорезім(дүңген) 12.Наймантай(Найман) 13.Арғұн(Арғын) 14.Қалутай15.Қорылар(қоры түмет) 16.Сарық 17.Түбетай(Түбіт,тибет) 18.Ұңғытай(Ұңғыт) 19.Мешыс 20.Торы 21.Күрд 22.Гойыш 23.Тұрқа24.Шаралу 25.Қарақытай 26.Жұршадай 27.Тұрбатай28.Қорылар 29.Гамулу 30.Черкеш31.Кашымир

Бұның ішінде Қыпшақ,Қаңлы,Найман,Арғын,Ұңғыт,Күрлеуіт,Черкеш,қара Қытай қазақтағы белді рулар.бұл көшпенді Түрік рулары түсті көзділер арасында қалғандардан Жоғары тұрған екен.

Басқа түсті көзділердің ішіндегі ең көбі Хорезімдіктер болып олар 1219-1226-Жылдардағы батысқа Жорықта 400 мыңнан аса Хорезімдік ерлер тұтқынға түскен,кейін олар Ханзу  сиақты шығыстық Халықтардың қыздарымен үйленген,Юан имперясында Мұңғұлдарға көмекші болып әр өлкеде ел басқарысқан,кейін Мұңғұлдар қырғын мен қуғынға ұшырағанда бұлар аман қалған сол бұрынғыдай әр өлкеде тұра берген тілдері кейін келе мұтылғанда тек діндері исіламды берік ұстап қалған.қазіргі Жүңгодағы Дүңген ұлтының тегі негізі сол Хорезімдік ерлер, тек олар ғана емес басқа әр түрлі халықтарда бар.

 

 

 

3- Дәрежелі халықтар

  1. Қытай(қидан) 2.Корей3.Чұржен 4.Жойынтай 5. Шүркітай 6. Жуун 7.Жұштай 8. Бохай

 

Автор айтқандай сол дәуірде 750 мың халқы бар Қытай елі 3- сортты халық екен,қазіргі Мұңғүл атанып отырған халықтың үлкен бөлігі осы қидандардың ұрпағы саналады.арине олармен араласып кеткен Қоңырат, Найман, Керей,Барын, Горлос(құралас) ,сондай -ақ әскери түзімнен келіп шыққан Кешіктен, Қоршын руларыда бар.демек атақты Ляу империасын құрған қидандар ешқайдада кетпеген ,тәрихи мекенінде отыр.ежелгі Қидан жері шыфың ,тұңляу,шиң ән және солармен іргелес жилин,хыбей олкелерінде 4 миллионнан аса Мұңғұл отыр.

 

Корей-көрейлерде Юан империасының боданы болған.

mongolempire_map

Чұржен -1125-жылы Ляу имперясын жеңіп алтын хандығын құрған осы Чүржендер болатын. Тұңғыс текті халыхтардың ең үлкен тобы саналады.осы Алтын хандығының ең күшейген кезінде халқы 53 миллионнан асқан екен, оның 4,5 миллионы Чүржендер болыпты.кейін орта жазыққа дендей еніп қоныстанған Өгедай қаған тұсында айамай қырғынға ұшыраған.деседе үлкен халық есебінде қала берген.қазіргі Ханзу халқының үлкен бір бөлімі осы Ханзуласқан Чүржендер, ал кейінгі кезде ата жұртында қалған Чүржендер әйгілі Чиң имперясын құрған.3

 

Чүрженнің тайпалары

1. Онгіин 2.Ұгұлұн 3.Кешіре 4.Доутан 5.Нағира 6.Уян 7.Боша 8.Янжан 9.Ундықан 10.Чемо 11.Оутұн 12.Бошру 13.Ила 14.Ол 15.Нара 16.Кагу 17.Пиман 18.Неймаңгу 19.Ожын 20.Адян 21.Аркан 22.Улу .23 Ұндұн 24.Моян 25.Дуле 26.Сата 27.Улинда 28.Боса 29.Шоғу 30 Қолга(қалқа?)

Бұлардың бір тобы орта жазыққа орнығып кейін бүкілдей Ханзулармен араласып Ханзуға айналды,мысалы Онгиін әулеті Чүрженнің патшалары шығатын әулет еді олар кейін王ген фамиляны қолданып кеткен. деседе олардың тіліде ханзу тіліне орасан зор әсерін тигізді,бұл 1125-1234 жылдардағы алтын патшалығы мен 1644-1912-жылдардағы Чиң имперясының үстемдігін қосыңыз.

Бір қызық жері осы Чүржен тайпаларының қатарында осы күнгі Мүңғүл елінің негізін ұстайтын Халха  руымен аттас тайпа тұр, бұлар кезінде халха өзені бойында балықшылықпен шұғылданған шағын ру екен, олардың қазіргі мекеніне келуі 16- ғасырда болған іс. Даян хан 1495- жылы 6 түменді ұйыстырғандағы рудың бірі осы Халха екен.Ойраттар сахарадан түгел қуылғаннан кейін Халхалар сахараға келіп осы сахараның соңғы иесіне айналады.кейінгі Халхалар : ониегут, ерчигит, хиерегут,хорго ,хор циехор,сартүгүл,хухеит,Жалаид руларына бөлінеді екен. Оларға Түрік-Мүңғүлдың Қатаған,Елжігін,Ұраңқай,құралас, бесут рулары қосылыпты.

Tugirilhan

Қортынды:

Қалай айтсақта осы Юан имперясын құрғандар қҚазақ текті көшпенділер,Қазақты құраған талай рудың осындағы 1-,2- сортты халых екендігін көрдік.аянышты жері басым көбі 1368- жылы қасап қырғынға ұшырады,кей рулар тұқымымен құрып кетті,Адарғын, Ұрут,Ноял, Икірес, руларының қазір жоғалғаны соған дәлел.Құбылайдың тәрихи қателігінен кейін неше мың жылдық Түркінің қасиетті Жұрты Ойраттың қолына түсті! Ойратта онда 150 Жылдан артық дәурен сүре алмады.миллиондаған көшпенді ең даңықты имперяны құрған батырлар өлім құшты.солардың қалайда бірәзінің кейінгі Мұңғұл мемілекеті”Мұғұлыстан”ға келгенін айттық,ал Мұғұлыстандық көшпенділердің дені кейін Қазақтарға қосылғаны белГілі!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. “Тау зұң и.оңтүстік қыстақтағы екпешілік естелігі”
  2. Жәмиғ-ат-тауарих.Рашид-ад-дин,3-том
  3. Жәмиғ-ат-тауарих.Рашид-ад-дин,2-том

kerey.kz

Суреттер әлеуметтік желіден  алынды

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: