|  |  |  | 

Көз қарас Руханият Саясат

Айталы: «Латын әліпбиі? Ресей бекер алаңдап отырған жоқ»

Amangeldi Aytali

Amangeldi AytaliЛатын алфавитіне көшудің себептері неде? Бұл туралы kaz.365info.kz сайтына тұрақты авторымыз, танымал ғалым Амангелді Айталы Жіліктеп, айтып берді.

Назарбаев нақты қадам жасады 

Латын алфавитіне көшу – тек қазақ тілі ғана емес, қазақ қоғамын жаңғырту бағытындағы маңызды бетбұрыс. Н.Назарбаев бұрын латын алфавитіне көшудің қажеттілігін еске салып келсе, бүгін бұл мәселе нақты сипат алды.

Соңғы жүз жылда Қазақстандағы тіл саясаты бұлтарыс, қалтарыстар мен тосын өзгерістерге толы болды. 1910 жылы 23-маусымда Қазан қаласында өткен миссионерлердің съезінде кириллица алфавиті Ресей мемлекетінің бірлігіне қызмет жасауы керек, орыс емес халықтар бір тілде сөйлеп, бір тілде жазуға тиісті, сондықтан оларды жаппай кириллицаға көшу мақсаты мақұлданды.

Бірақ 1928 жылы түрік, малай тілдерімен бірге латын әліпбиіне көшу біздеде қолға алынды. «Латын алфавиті- жеңімпаз пролетариат алфавиті»- деген ұран да тасталды.

30-шы жылдардың аяғында Кеңестер Одағында әлеуметтік — саяси ахуал өзгерді, ұлттық мәдениеттерді дамытудан гөрі, орыстандыруға бетбұрыс басым бола бастады.

Бұл үрдіс, әсіресе, тіл саясатында көрініс алды.

1938 жылдың 13-наурызында қабылданған Халық Комисариаттары Кеңесі мен Бүкілодақтық большевиктер партиясы Орталық Комитетінің «Ұлттық Республикалар мен облыстарда орыс тілін міндетті түрде оқыту» қаулысы осы беталыстың басы болды. Осыған байланысты латын графикасынан кириллицаға ауысу ісі басталып кетті.

Жаңа алфавит латиницаға қарағанда, асығыс –үсігіс жасалып, тілдің көптеген фонетикалық ерекшеліктері бұрмаланды. Кеңес үкіметінің орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды.

Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды.

Сондықтан кеңес үкіметі құрамындағы қазақ, өзбек сияқты басқа да түркі халықтарының санасында кириллица мәжбүрлеумен және  зорлық-зомбылықпен байланыстырылады.

…шын тәуелсіздік аламыз 

Қазақ алфавитінің кириллицадан латиницаға ауысуы — отарсызданудың бір маңызды қадамы, отарлаушылардың зорлап таңылған алфавитінен арылу, еркіндік алу.

Осы жағдайға байланысты, бүгін Ресейдегі кейбір саяси топтардың қазақтардың латын алфавитіне көшуі оларды ресейлік мәдени кеңістіктен алыстатады деп, өкініш білдіруі де тегін емес.

Дегенмен латын алфавитін пайдаланатын көптеген халықтар орыс мәдениетімен тығыз байланыста, сондықтан қазақ-орыс экономикалық, мәдени және ғылыми байланыстары да дамып, тереңдей береді.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне кириллицадан тілдің фонетикалық құрылымына бейімді және саяси жағынан бейтарап латын алфавитіне көшу ұлттық психологиясы тұрғысынанда ақылға қонымды.

Бірақ бұл мәселені тек жай ғана алфавит алмастырумен байланыстыруға болмайды.

Бұл маңызды мемлекеттік мәселе экономикалық, мәдени, ұлтаралық, ұлттың ішкі мәселелермен байланысты.

 Латын алфавитіне көшу қандай қиындықтар тұғызады?

Ең алдымен, латын алфавитіне көшкен өзбек,әзірбайжан халықтарының бастарынан кешкен, бүгінде кешіп отырған және біз де айналып өте алмайтын мәселелерді айтайық:

1) күні бүгінгі дейін өз тілдерінің құрылымына бейімделген алфавитті әлі де айқындауда;

2) араб графикасында алфавитіндегі, бүгін кириллица алфавитіндегі рухани мұраны толық пайдалана алмайды;

3) техникалық және жаратылыстану саласындағы ғылыми әдебиет және әлемдік әдебиет жастарға қолжетімді бола бермейді;

4) балабақшадан бастап, жоғары оқу орындары үшін оқулықтар шығару орасан қаржы талап етеді;

5) алғашқы жылдарда, әсіресе, орта жастағылар менегде тартқандар арасында ұлттық тілдегі баспа өнімдеріне сұраныс азайып, олвар орыс тілді өнімдерге ден қоя бастайды.

Дегенмен, ғылыми технология мен қаржылық қолдау бұл қиындықтарды еңсереді деуге негіз болар.

Қазақстандағы ерекше жағдайлар

Мәселе адамдық факторға тіріледі. Өзбекстан мен Әзірбайжандағы барлық дерлік азаматтар  мемлекеттік тілді меңгерген, ана тілдерінде сөйлеседі, оқиды, жазады және ойлайды, олар негізінен бірұлттық мемлекеттер.

Өзбекстан халқының 4,8 пайызы ғана орыстар, славяндар.

Өзбек тілі ұлтаралық тіл.

2009 жылғы халық санағы бойынша, бізде жағдай оңды деуге болар. Қазақтардың 98,3 пайызы ауызекі сөзді түсінеді, 95 пайызы қазақ тілінде оқиды, 63,2 пайызы еркін жазады. Бірақ осы статистика сенімсіздік туғызады. Себебі, мамандардың айтуынша, қазақ тілінде сөйлейтін қазақтардың басым көпшілігі қазақ тілін орыс сөздерімен араластырады, шұбарланған тілде сөйлейді, ал қазақ тілінде теледидар көрушілер көп, бірақ қазақша оқырмандар, жазатындар аз.

Өзбекстан мен Әзірбайжанмен салыстырғанда, Қазақстанда постколониализм белгілері (синдромы) көзге ұрып тұр.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, іс қағаздарын жүргізуде, сот жүйесінде, құқық қорғау органдарында, басқа да салаларда да орыс тілінің басымдығы аңық көрініп тұр.

Бүгін орыс мектептерінде кириллица алфавитінде 700 мыңдай оқушы білім алады. Олар қазақ тілін өте нашар білгендіктен, білімдерін колледж, университетте орыс тілінде жалғастыра береді.

Тіпті, бара-бара, ата-аналардың ұстанымы өзгеріп, балаларын орыс мектептеріне беруі мүмкін.

Себебі, орыс мектептерінің тұрақты, сыннан өткен оқулықтары бар, орыс тілінде басқа да ғылыми –әдістемелік әдебиеттер жеткілікті. Осыдан, латын алфавитіне көшу қазақ ұлтының тұтастығына өз әсерін тігізбесе, деген қауіп жоқ емес.

Руға және жүзге, діни ағымдарға, дәулетіне қарай бөлінген қазақтар енді білімі, тілі, мәдени ұстанымы айырмашылығы жағынан «латыншылар» мен «кириллицадағылар» болып бөлінбейді деп шек келтіруге болмайтын сияқты.

Одан әрі ойлансақ — Қазақстан қоғамның бірлігіне де секем тумай ма деген ой да мазалайды.

Сөз жоқ, латын алфавитіне өту қазақ тілінің әлеуметтік мәртебесін көтеріп, аясын кеңейтуге арналған реформа — жай ғана алфавит алмастыру емес, оның терең экономикалық, мәдени, этникалық проблемалар тұғызатыны анық және біз оған дайын болуымыз керек.
Осыдан, қазақ тілінің мәртебесі төмен елде қазақ тіліндегі латын алфавитіне қалай сұраныс тудырамыз деген мәселе туатыны анық.

Есіңізде ме? 

Дегенмен,

бүгінгі қоғамдық пікірде латын алфавитіне көшу мемлекеттік тілдің барлық мәселесі өзінен өзі шешілетіндей, қазақ тілін жатырқайтын нигилизм психологиясының беті қайтатындай, орыс тілінің мысы басылатындай тым көтеріңкі, қуанышты көңіл-күй байқалады.

Осындай көңіл –күй XX ғ. 80-шы жылдардың аяғында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған кезде де орын алған. Кейін мемлекеттік тілді меңгеруге сұраныстың аздығы, талпыныстың төмендігі байқалды.

Сондықтан бүгін тиянақты, мұқият, алдын ала ойланған шаралар қажет. Ең алдымен, тіл саясатын саралап ойластырған жөн. Бір жағынан, қазақ тілінің әлеуметтік қолдану аясын кеңейту десек, екінші жағынан, қалай болғанда да орыс тілінің бүгінгі мәртебесін, қызметін осы күйінде сақтауға бағытталған саясат ұстанамыз.

Бұл, қазақ тілінің бүгінгі төменгі беделі де сақтала береді деген сөз.

Мәселе, орыс тілінің мәртебесін әдейі төмендетуде емес, орыс тіліне қоғам өмірінде қаншалықты сұраныс бар, сол сұранысты қанағаттандыру керек. Сонымен бірге, демографиялық жағдайды да ескерген жөн: елімізде қазақтар мен түрік текті халықтардың саны өсуде, ал орыс, славян тектілердің саны азаюда. Демек, тіларалық қатынастарда өзгеріп жатыр.

Қазақ тілі тарихи жарақат алған тіл.

Ол жарақаттың орнын толтыру жолдары — балалар әдебиетін, қазақ әдебиетін, театрын, киносын, өнерін, музыкасын, мектебін, мәдениет қайраткерлерін қаржылай қолдау. Қазақ кітаптарына, баспасөзіне, қазақ тіліне ерекше мән беру.

Көптеген постколониалистік елдерде мұндай істер үйреншікті жағдайға айналған.

Латын алфавитіне көшу тіл саясатын қайта қарауға үлкен бір бетбұрыс болып, стратегиялық мақсатқа айналғанда ғана қазақ ұлты рухани тұрғыдан жаңарады.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: