|  |  |  | 

Көз қарас Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Біз- алашпыз ба, қазақпыз ба?

 

2-batyr

“Алаш” – күллі қазақ үшін қастерлі ұғым. Бұл сөз жайдан-жай емес ерекше жағдайда айтылып, бойға қуат, жанға жігер береді, жеке адамдардың санасын оятып қана қоймай, оларды біріктіріп, ынта-жігерін бір арнаға бағыттап, ортақ мүддеге жұмылдырады. Заманауи ұлттық санамыздың негізін қалаған “алаш азаматтары” аталған Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған топ. Ұлттық саясатымыздың тәлім болар ең озық үлгілері – Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің іс-әрекеттері. Рухани дүниемізде осындай орны бар “Алаш” сөзін қалай түсініп, қолданып жүрміз?

Тарихшыларымыз алты алашқа қазақтың үш жүзін, Ташкент маңындағы құраманы, қырғыз бен қарақалпақты жатқызады. Алаш 13 ғасырда, қазақтың Үш жүзі 16 ғасырда  қалыптасса, қырғыз  ешбір тарихи кезеңде қазақпен бір тудың астында болмаған. Саяси іс-әрекетте бұл халықты туысқанбыз деп ішке тарту орынды болғанымен, тарихты ойдан құрастыруға болмайды. Алты Алаш жөніндегі тарихи деректер оған Керей, Найман, Меркіт, Қоңырат, Жалайыр және Моңғол жерінде болған Татарды жатқызады. Алтын Орда заманында татарлар басшысының есімімен «Ноғай» атанған. Алтын Орда ыдырап, қазақ болған рулар шығысқа қайтқанда ноғайлар батыста қалған. Ол заманнан қазақ пен ноғайдың  қоштасу жырлары сақталған. Ал бізге белгілі қазіргі татарлар  «бұлғар» аталған. Бұлға – ұлы өзен, ертедегі Еділ өзенінің атауы, кейін  ол «Великая русская река – Волга» болды.  Бұлғар – сол өзен жағасын мекендеген халық. Еділ, Ноғай, Мамай – осы өлкеге билік еткен кісі аттары. Отаршылдық жүйе елге, жерге иелігін бекемдеу үшін олардың атын да затында өзгертіп, өз ыңғайына бейімдейді. Ал Жалайырға келсек – оның аттың жалына қатысы жоқ, ерте заманда «жал» деп қорғанды атаған. Бұл ру қытайдан төлем алып, қытай қорғанын сырттай бақылайтын болған.

Ол дәуірде хан өзіне жақын қарашы топты таңдаған, қалған жұрты алашысы, олар ханның билігіне бой ұрғаны үшін, жарлығын орындап, барлық қажетін өтегенінің қарымтасы ретінде «хан талапай» етіп  барлық мал-мүлкін, тіпті ырым ретінде үстіндегі киіміне дейін бір жапырақтан бөлісіп алған. Ханға ешбір жекеменшіктің қажеті жоқ, өйткені ол бүкіл мемлекеттің  иегері. Шыңғыс ханның қарашысы моңғол текті өз руластарынан болып, алашысы – алаш атанған жоғарыдағы алты ру ел екен.  Ел аузындағы аңыздарда ханның қахарына ұшырап, жазықты болғанда рахымшылық өтініп, «Хан ием, жақсы көрсең – қарашыңмын, жек көрсең де – өзіңнің алашыңмын» деген мойын ұсыну уәжі сақталған. Ондағы мағана: жақсы көрсең қасыңда ұстайсың, болмаса жай ғана бағыныштыңмын дегені.

Алты алаш деп алты санын қолдану көне дәуірден қалған нысан ғана. Алаш ұғымы ру немесе ұлтпен шектелмейді, оның шын мәні – бір ортаға топтасқан берекелі, ынтымағы жарасқан, ,бағынышты болса да қадір-қасиетін сақтаған қауым. Оны тарихтағы орны дүдәмәл Алаша ханға телу де орынсыз. Алаш негізінен әлеуметтік категория,  қарапайым халық, көпшілік қауым дегенді білдіреді. Алаш партиясын құрушылар бұл атауды ұйымның демократиялық сипатын айқындау үшін таңдады. Ол кездегі қазақ қауымына демократия дегеннен алаш сөзі түсінікті еді жәнесінде Кенесары құсап тағы бір хан азаттық туын көтерсе деген арман болатын. Көзі ашық оқыған азаматтар ондай заманның қайтып келмейтінін, халық (алаш) өз жоғын өзі жоқтауы керек екенін түсінді. Хан тұқымынан шыққан Әлихан Бөкейханов «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тәуелсіздігін сақтай алмадық, қарызымызды өтеу үшін көшін бастай алмасақ қосшысы боламыз» деп, айтып та, жазып та кетті. Алаш партиясының шын мәніндегі демократияшылдығын оның бағдарламасы мен барлық іс-әрекеті дәлелдеді. Ал Алашорда нағыз ұлтжанды халықтық үкімет болды.

Арғы түп төркініне барсақ “Алаш” институты ұлы империя құрамындағы бағынышты жұрттың өзіндік қадыр-қасиетін сақтау мүмкіндігін қамтамасыз етті. Шыңғыс ханға бағынған қаншама тайпалардың ішінде алаш атанғандардың мерейі үстем болып, армияның ең бір айбынды, қуатты құрамы болды. Олардың көрнекті өкілдері әскербасылық, мемлекеттің  беделді билік дәрежелерін иеленді. Алаш құқығындағы топтар жойылып не үстем тайпаларға сіңісіп кетпей, бет-бейнесі мен ерекшеліктерін сақтап, кейін өз алдына дербес мемлекетін құрды. Империя құрамындағы бағынышты жұрттардың жағдайының әрқилы болатынын кешегі өзіміз болған Кеңес Одағынаның ақуалынан-ақ түсінуге болады. Мәскеудегі Орталық үкімет Украина, Белоруссия, Грузия, Прибалтика республикаларына жалпы директивалар ғана берсе, басқа Одақтас республикалардың шаруашылығын тұрақты қадағалады. Оның ішінде Қазақстанды тікелей басқарды. Тіпті Орталық аппаратқа ұсынылатын басшылар алдымен Қазақстанда істеп, тәжрибе алды. Қазақстан – халықтар достығының лабораториясы емес, іс жүзінде отарлық басқарудың сынақ алаңы болды. Ресей империясы қазақ қауымын жоғарыдан уезд деңгейіне дейін бақыласа, Кеңес дәуірінде бақылау ғана емес басқару бір де бір мекеме, құрылымды тыс қалтырған жоқ. Ал оқу-білім жүйесі арқылы әрбір қазақтың санасын ұлы державаға толықтай бағынышты етті.

Алаш болу деген – жоғарғы хандық биліктен өз еркімен бас тартқанымен, есесіне жерге иелікті, басқа да әлеуметтік-құқықтық құндылықтарды сақтап қалу. Моңғол империясы кезінде алаш болып топтасқан алты жұрттың кейін бесеуі қазақ болып Алтын Ордадан бөлініп кетті.  Қазақ болу деген – бөтеннің билігіне бой ұсынбай, өз бетінше жеке болу, қазіргіше – тәуелсіздік. Алаш партиясын құрушылар  «Алаш» ұранын толық мемлекеттік тәуелсідік емес, тек қана  автономия алу үшін көтерді. Тіпті Кенесары да патша үкіметіне «Біз – жай ғана тобыр емеспіз, алашыңбыз, қонысымызға, ішкі билігімізге қол сұқпайсың» деп, Ақ патшаның аталарымен келісімін орындату үшін қол бастап, қару алды.  Біз қазір этникалық мағанада ғана емес, тарихи-саяси тұрғыдан да қазақпыз, тәуелсіз мемлекет құрған ұлтпыз. Бұрын алаш болғанбыз, қазір қазақпыз. Қазақ халқының қалыптасуы 1456 жылы Жәнібек пен Керей хандардың басшылығымен туын көтерген шын мәнінде тәуелсіз мемлекттіктің жемісі. Бұл тәуелсіздіктен Ресейге бағынғанда айырылдық, 1847 жылы Кенесарының басы алынғанда ұлттық туымыз да құлады. Ресейдің қол астында барлық болмысымыздан, жер-судан айырылып, “өз малымды – өзімдікі” дей алмайты халге жеткенде “бағыныштылығымыз құлдық сипатта емес, алаштық дәрежесінде болсын” деп, ұлтжанды азаматтар Алаш қозғалысын бастады. Бұл бірден-бір мүмкін, сол кездегі қоғамдық-саяси жағдайдағы реалистік, тиімді бағыт еді.

Қазақ болғанға дейін аталарымыз әр өлкеде тоз-тоз болып бытырап та, қуатты империялардың құрамында да өмір кешті. Ғундар, түріктер, Шыңғыс хан құрған империялардың аясында жеке тайпа-ру болып қалыптасты, ал Алтын Орда дәуірінде бұл ру-тайпалар ерекшеленіп ортақ тіл, ортақ дін, ортақ салт-дәстүр негізінде кейін бір халық болып топтасты. Бұл топтасу – алаштық ұстанымның нәтижесінде мүмкін болды. Қай империяның құрамында қандай жағдай болғанын саралап, оң, немесе теріс баға беріп, дәл сипаттау мүмкін емес. Тіпті кешегі Кеңестік империяны әсіре мақтап, оны аңсайтын қандастарымыз да жоқ емес. Оның объективтік себептері де бар, жекелеген тарихи оқиғаларды әртүрлі позициядан бағалауға болады. Мысалы, 1916 жылдары Амангелділер орыстар үшін қан төкпеу үшін соғысса, Отан соғысында Бауыржандар империяны қорғап шайқасты. Бұлардың қай-қайсысы болмасын қазақтың ерлік рухын паш еткен ұлттық мақтанышымыз. Әйтседе, қазақтың ұлттық мүддесін ту етіп, өткен ғасырдың ортасында Қытайда ұлт азаттық көтерілісіке шыққан Исламұлы Оспан батыр бастаған майданның тарихи маңызы ерекше.

Tileuberdi

Сайдулдин Тілеуберді, ҚР ҰҒА академигі

Қорыта айтқанда, Алаш болу – белгілі шартты жүйе бойынша қадір-қасиетіңді таптатпай, тіршілік кеңістігін сақтап, қажетті азаматтық және шаруашылық құқықтарға иелік етіп бағыну. Қазақ болу – басқаның шылауында болмай, тәуелсіздік пен дербестікті қамтамасыз ету. Ресейге бағынғанда алаштық дәрежеге көтерілуге тырыстық, оның өзі де қол жетпеген арман болып қалды. Қазір Дүниежүзі мойындайтындай тәуелсіз мемлекет құрып жатқанда “Алаш” ұранын ту еткеніміз білместік немесе саяси соқырлық деуге келеді.  Адамның балалық шағын аңсағанындай, тарихи жадымыз алаш идеясын қастерлегені орынды болғанымен, балалық шақты сағынып, «Сәби болғым келеді» деп өлеңдеткенмен, саяси сәби болмау керек!                              kerey.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: