|  | 

Тұлғалар

СЕПОН АҒА

23794767_927886867368641_781005537442899884_nТоқсаныншы жылдардың басы еді. Біз 5-6 оқитын оқушымыз. Ауылдың «Серікболсын Әбділдин келеді екен» деп абың-күбің болып жатқанына он күн өткен. Ол кезде Серікболсын аға – Жоғарғы Кеңестің төрағасы.

Ағамыз келетін күні ел мәдениет үйінің алдына жиналды. Ауданның басшылары қайта-қайта дайындықты пысықтап қояды. Бір уақытта алыстан сүліктей қара көлік көрінді. «Времядан» анда санда байқап қалатын Горбачев мінетін машинаға ұқсайды. Балалар «Чайка» деді. Біреулер «Лимузин» деді. Ел қақ жарылып жол берді.
Қара сұр пальтосын киіп, көліктен түскен Серікболсын аға тіп-тік қалпымен Мәдениет үйіне қарай жалғыз беттеді. Ауылдың әншілері Айтқожин Дүйсен мен Қаржаубаев Сәкен домбыраларын күмбірлете жөнелді.
- Қасиетті, армысың, туған жерім – оу!
Қонақсытып шығардың төрге мені – оу, туған жер!..
Иә. Серікболсын аға туған жеріне келген еді. Кіндік қаны Егіндібұлақтан сегіз шақырым жатқан Қызылкесік ауылы. Қанша жылдан кейін жолы түскенін ешкім дөп басып айта алмады. Ағамыз туралы ол кезде тек қана аңыздар ғана жүретін. Жұмысынан қолы босамайды дейтін. «Талай жылы Мәскеуде өтті емес пе?» деп қосады бірі.
Серікболсын ағаға алдымен ұстазымыз, журналист Бектеміров Шаяхмет амандасты. Екеуі құшақтасып ұзақ тұрды. Біз бәрін алыстан ғана көрдік.
Бір уақытта елдің бәрі клубқа беттеді де, «Чайканың» маңында ешкім қалмады. Жүрексініп тұрмыз. Сонда да ақырын-ақырын жылжып жанына бардық. Артқы әйнектері қап-қара, іші көрінбейді. «Қандай екен?» деп қоямыз. Бой үйренген соң, одан да жақын келдік. Қолды көлегейлеп, терезеден ішке үңілдік. Керемет! Отыратын орындығы мен есігіне дейін қып-қызыл атласпен тысталған сияқты. Ар жағында тамақ ішетін үстеліне дейін бар екен.
Ағамыз келетін күн жақындағанда ол кісімен туыспайтын, ол кісімен жақын араласпаған ешкім қалмағандай. Бәрі бірге өсіпті. «Сепон» дейтінбіз дейді. Мектепті үздікке бітіріпті. Соғыс кезінде қой баққан. Асау үйретудің шебері екен. Өз күшімен оқыған. «Ауылға бір дұрыстап жол да салып бермеді» дейтін өкпе де бар арасында.
Ағамызбен кездесуде не айтылғанын білмейміз. Клубқа бізді кіргізбеді. Біз «Чайканың» маңынан қайтқанбыз…
Бірақ ауылымыз Сепон ағалары президенттікке түскенде дауыстың көбін Назарбаевқа берді. Сөйтіп бергізген де шығар? Энгельс Ғаббасовқа бір дауыс беріпті деп жүретін.
- 100 процент Әбділдинге берсе де, туған ауылы ғой, ешкім ешкімнің басын кесіп алмайтын еді, – дейтін марқұм әкем.
«Жоғары жақ қой» дейтін ел ақталып. «Әйтпесе, Сепон аға Қызылкесіктің жүрегінде ғой!» деп қоштайтын…
Сепон аға! 80 жасыңыз құтты болсын! Сіз шынында да Қызылкесіктің жүрегіндесіз!

Bolat Mursalimның facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл

    Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл

    Бүгін Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл толып отыр. Құжаттарды оқысақ, Хрущев Қырымды Украинаға берген соң республикалардың аймақтарын басқаша бөлмек болған екен. Қазақстанда целинный край құрып, елдің оңтүстік бөлігін көрші елдерге беруге үзілді-кесілді қарсы болған. Бұл мәселенің тіпті қарастырылуына қарсы шыққан. Кейін осы ұстанымы үшін қызметі төмендетілді. Министрлер кабинетінің төрағасы қызметінде Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаевты Ұлы Отан соғысының батыры атағына бірнеше рет ұсыныпты. С.Нұрмағамбетовке көмектесіпті. 1960ж 212 пәтерлі үйді қазақ өнерінің майталмандарына бергізіпті. 1955ж Қытайдан оралған 100 отбасы далада қалғанда олардың мәселесін шешу үшін үкіметтен арнайы комиссия құруды сұраған екен. Елге қызмет еткен азамат қой. p.s. мұндай принципшілдік – бүгінде сирек кездесетін қасиет. Nurmukhamed Baigarayev

  • НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    Ашық дереккөздерден 1920 жылғы 20 наурызда Ташкентте Тұрар Рысқұлов қол қойған Наурызды атап өту туралы бұйрыққа көзім түсті. Демек, биыл бұл тарихи құжатқа – 105 жыл! Алайда, арада небәрі алты жыл өткен соң 1926 жылы Наурызға тыйым салынды. Ал, 1920 жылы Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың тағдыры қандай қайғымен аяқталғаны баршамызға мәлім. Оны “халық жауы” деп танып, 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына кескен… Нашел вот такой документ в открытых источниках: Приказ, изданный в Ташкенте Тураром Рыскуловым от 20 марта 1920 года о праздновании Наурыза. Получается, в этом году этому историческому документу исполнилось 105 лет! В 1926 году Наурыз оказался под запретом. А

  • Алаштың алғашқы математиктері

    Алаштың алғашқы математиктері

    Фото: aikyn.kz Математика – адамзат өркениетінің дамуына негіз болған іргелі ғылымдардың бірі. Оның бастауын ежелгі Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай және Грекия өркениеттерінен байқауға болады.  Бұл халықтар математикалық білімнің алғашқы жүйелерін қалыптастырып, арифметика, геометрия, алгебраның негіздерін қалады. Кейінгі орта ғасырларда араб-мұсылман әлемі математика ғылымының дамуына зор ықпал етті. Әл-Хорезми, әл-Фараби, Омар Хайям, Насиреддин Туси сынды ғалымдар алгебра, тригонометрия, сандар теориясы мен астрономия салаларында жаңалықтар ашып, кейінгі еуропалық ғылымға негіз қалады. Бұл үрдіс түркі халықтары қоныстанған аймақтарға да әсер етті. Қазақ даласында математикалық білімнің өзіндік ерекшеліктері болды. Көшпелі өркениет тұрмыс-тіршіліктің қажеттіліктеріне негізделген математикамен тығыз байланыста дамыды. Қазақ халқы астрономиялық есептеулерге сүйене отырып, уақытты анықтау әдістерін қолданды, геометриялық принциптерді жер өлшеуде, құрылыс салуда,

  • ШҰБАРТАУ. КӨПБЕЙІТ. МАҒАУИН.

    ШҰБАРТАУ. КӨПБЕЙІТ. МАҒАУИН.

    Базарбек Атығай Соңғы уақытта, соңғы болғанда, классик жазушы, қазақ әдебиетінің дәлелді тарихын үш ғасырға тереңдеткен теңдессіз ғалым Мұқтар Мағауин дүниеден өткелі бері, БАҚ-та, әлеуметтік желіде ол кісі туған өңір – Шұбартау аты көп аталды. Осы орайда кейбір жазбалардан Шұбартау тауы деген тіркес ұшырасып қалады, арагідік өзімізден де Шұбартау тауы қандай тау, Шыңғыстаудың жалғасы ма, әлде оқшау тау сілемі ме, қай тұста деп те сұрап жатады. Сол себепті жалпы әңгімені Шұбартаудың қандай тау екендігіне қатысты қысқа қайырым анықтамадан бастағанды жөн көрдік. Ең әуелі айтарымыз – Шұбартау тау емес. Яғни, қазақ даласында Шұбартау атаулы тау жоқ. Ал Балқаш жақта дейтұғын, кейде ресми жағрапиялық деректерде қосар айтылатын, кейде Саяқ деп қана жалқы аталатын

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ