|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

АҚШ санкция ықтималдығымен «Кремль есебін» жариялады 


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков (арт жақта) ТМД елдері басшылары жиынында отыр. Сочи. 11 қазан, 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков (арт жақта) ТМД елдері басшылары жиынында отыр. Сочи. 11 қазан, 2017 жыл.

АҚШ қаржы министрлігі жариялаған “Кремль есебінде” Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы санкция салынуы мүмкін адамдардың аты-жөні белгілі болды. Есепке ілінген 210 адамның ішінде үкімет мүшелері, Путин әкімшілігінің қызметкерлері, олигархтар және “өзге де жоғары лауазымды саяси жетекшілер” бар.

АҚШ-та жариялануы көптен күтілген осы тізімдегілер болашақта Америка санкциясына алынуы әбден мүмкін. “Кремль есебіне” Ресейдің 114 жоғары лауазымды саясаткерлері және 96 олигарх қамтылды. Бейресми түрде бұл есеп “Путин тізімі” деп аталады.

ТІЗІМДЕГІЛЕР

Аталған тізімге алынғандардың ішінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, президент әкімшілігінің басшысы Андрей Вайно, премьер-министр Дмитрий Медведев және сыртқы істер министрі Сергей Лавров бірден көзге шалынады.

“Өзге де жоғары лауазымды саяси жетекшілер” бөлімінде Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко, Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин, Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин, Тергеу комитеnінің төрағасы Александр Бастрыкин, ФСБ басшысы Александр Бортников және Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің аты-жөні аталған.

Ресей президенті Владимир Путин Қырымды Ресей Федерациясының субъектісі ретінде мойындайтын құжатқа қол қою кезінде. Сол жағында - Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко. Оң жағында - Мемлекеттік думаның сол кездегі басшысы Сергей Нарышкин.

Ресей президенті Владимир Путин Қырымды Ресей Федерациясының субъектісі ретінде мойындайтын құжатқа қол қою кезінде. Сол жағында – Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко. Оң жағында – Мемлекеттік думаның сол кездегі басшысы Сергей Нарышкин.

“Кремль есебінен” ресейлік мемлекеттік корпорациялар басшыларын да көруге болады. «Роснефть» басшысы Игорь Сечин, «Газпром» басшысы Алексей Миллер, «Ростех» жетекшісі Сергей Чемезов, “Ресей темір жолы” компаниясының бас директоры Олег Белозеров, Сбербанк басшысы Герман Греф, «Интер РАО» жетекшісі Борис Ковальчук – осы қатардағы тұлғалар. Тізімдегі «олигархтар сапында» Әлішер Усманов, Роман Абрамович, Сулейман Керимов, Олег Дерипаска, Евгений Касперский, Владимир Евтушенков, Петр Авен, Аркадий және Борис Ротенбергтер, Геннадий Тимченко, Олег Тиньков, Александр Мамут, Кирилл Шамалов, Михаил Прохоров, Владимир Потаниндер бар.

САНКЦИЯҒА ӘЛІ ЕРТЕ МЕ? 

“Кремль есебіне” қамтылған шенеуніктер мен олигархтарға болашақта санкция салынуы мүмкін. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі әзірге жақын арада ондай шара болмайтынын айтады.

30 қаңтарда жарияланған бұл тізім Конгреске 29 қаңтарда ұсынылған болатын. Тізім “Америка қарсыластарына санкция арқылы қарсы іс-шаралар” (CAATSA) федералдық заңының негізінде түзілген. Бұл заңға президент Трамп былтырғы тамыз айында құлықсыз кейіпте қол қойған. Аталған заңға Конгрестің қос палатасы басымдықпен дауыс берген еді. CAATSA заңы 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына Ресейдің қатысы болу ықтималдығына байланысты қабылданған.

Оқи отырыңыз: Ресей элитасы АҚШ санкциясынан қауіптенеді

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 29 қаңтарда АҚШ-тың биыл 18 наурызда Ресейде өтетін президент сайлауына осы есеп арқылы ықпал етуге тырысатынын айтқан.

26 қаңтарда АҚШ Ресейдің Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы жағдайға араласуына байланысты санкциясын ұлғайтқан болатын. Ол уақытта тағы да 21 адам және тоғыз компания санкцияға ілінген. Олардың арасында Ресей энергетика министрінің орынбасары Андрей Черезов, “Технопромэкспорт” компаниясы және “Сургутнефтегаздың” еншілес компаниялары бар.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: