|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Шығыс Қазақиядағы Саяси Қуғын-Сүргін Туралы Не Білеміз?  (1937-1939)

34396162_1092323517597901_6934284300653166592_n

Дербес ел, тәуелсіз мемлекет ретінде Шығыс Қазақиядағы саяси қуғын-сүргін туралы бүгінгі күнге дейін ғылми сараптама жүргізе алдық па? Не үшін Қазақ ССР-дағы Қазақтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырауы Шығыс Қазақиямен бір уақытқа сәйкес келеді? Не себепті Қазақ ССР-дың НКВД тергеушілері Үрімжі, Құлжа, Шәуешек пен Алтайда құпия тергеу операциясын жүргізеді? Ең, өкініштісі, қазір Қазақстанда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақ қайраткерлерінің тергеу құжаттары негізінен ашылды, ал, қытайдағы Қазақтардың тергеу құжаттары ашылған жоқ… Келесі жылы (2019) Қытай Қазақтарының Саяси Қуғын-Сүргінге ұшырағанына 80 жыл толады (1939-2019). Бұл постты соған арнаймын! Аруақтардың рухы бір аунағай!34395327_1092323460931240_6210434044711141376_n

Әлқисса…
шағын сараптама

* Шың Шысайдың Тыңшылық Органдары;

* Шығыс Қазақияның Тұңғыш Саяси Қуғын-Сүргін Құрбаны- Баймолда Қарекеұлы;

* “Қазақ-Қырғыз-Моңғол” Құрылтайы;

* Саяси Қуғын-Сүргіннің Ұлтқа Тигізген Зардабы;

* Ақиқатты Оқпен Өлшеу немесе Шығыс Қазақиядағы Ұлт-Азаттық Төңкеріс;34274561_1092323430931243_6994234523617591296_n

Шың Шысай билікке Сталиннің әскери һам саяси жәрдемімен шықты. Ол Шыңжаң Өлкелік үкіметін жеке дара бір өзі он бір жыл биледі. 1934-1935 жылдан бастап Шыңжаң Өлкелік қорғаныс миністірлігі жанынан тыңшылық орган құрылады да әр қала, уалаят, аудандарда (окург) бөлімшелері ашылды. Бұл Шығыс Қазақиядағы мемлекеттік деңгейдегі саяси қуғын-сүргіннің ең алғашқы адымы еді. 4-5 жылдан соң құпия тыңшылық орган неге он мыңнан астам тұлғаның үстінен күдікті деректер жинап үлгіреді, сонымен Шың Шысай Сәбет одағымен бір уақытта Шыңжаңдағы саяси қуғын-сүргінді бастап кетеді.

Шығыс Қазақия қазақтарының тұңғыш саяси қуғынға түскен көрнекті тұлғасы- Баймолда Қарекеұлы еді. Ол 1937-жылы күдікті ретінде ұсталып ұзақ уақыт тергелуден соң Үрімжі қала маңында тірідей көмілген 200 қазақтың қатарында сүйегі мен мазары бүгінге дейін әлі табылған жоқ. Баймолда не себепті ең алғашқы болып қуғынға түсті деуіңіз мүмкін:
Ол Шығыс Қазақиядағы ең беделді тұлға болды. 1912-жылы Зәкәрия төреге аудармашы болып Пекинге ұлттық конгреге барды, сайлауда дауыс беріп президентпен жүздесті, келген соң Үрімжіде өлкелік үкіметтің құрлыс министірі болды және жеке Қазақ атты полькін басқарды, Үрімжіге Қазақ жастарын жиып, интеллектуалды ошақ қалыптастырды, Қазақ ССР-дан келушілерді мемлекеттік жұмысқа тартты, ағартушылық пен баспасөз тақырыбын көп қозғады. Сондықтан төрт үкімет дәуірін бірдей бастан кешкен оны алдымен саяси қуғынға ұшыратуы сөзсіз еді.34416328_1092323544264565_188750231972610048_n

Баймолда ұсталған соң қазақ зиялылары топ тобымен дүркін дүркін абақтыға қамала бастады. 1939- жылы Шың Шысай Үрімжі қаласында Үш Ұлт құрылтайын ашамыз деген сылтаумен бес уалаяттан ұзын саны 500 де 300 қазақ зиялыларын бір күнде түрмеге тоғытып, тергеуге алады. 1938-жылдан бастап әр қазақ аудан орталығынан тергеу, қамау орындары ашылып қазақ игі-жақсыларын тұтқындай бастайды. Түрмедегі ұлт зиялыларын Қазақ ССР-дың НКВД сұрақшылары да келіп сұрақтың астынан алады. Шың Шысай мен СССР НКВД тергеушілері бірігіп жұмыс істегендіктен екі ел арасындағы рухани, мәдени сабақтастықты ұлт мүддесіне жақсы пайдаланып жатқан қазақ интеллегенцсиясы ауыр соққыға тап болды. Зайсан арқылы Семеймен байланысып, Алматы, Ташкен асып университет оқыған Шығыс Қазақияның жаңа буын ұлт интеллегенцсиясы түгелдей қуғынға ұшырады. Ұлттық ояну процессі он жылдан астам уақыт тұрақтап қалды. Шыңжаң өлкелік қорғаныс миністірлігі жанындағы тыңшылық органның құжаты бойынша 30 мыңнан астам тұлғаға қылмыс күдіктісі деген дело тұрғызылған. Бірақ, сол жылдары (1937-1944) нақты қанша қазақ атылып, қанша қазақ топыраққа тірідей көмілгенін анық білмейміз… Әр уалаяттың жергілікті архив деректерін сараптап оның мөлшер санын шығаруға әбден болады. Ең маңыздысы, Шығыс Қазақиядағы саяси қуғын-сүргін туралы тақырып Қазақ ақпарат әлемінде осыдан соң тілге көп тиек етілуі керек.34395373_1092323614264558_8891252051330203648_n

1939-1941-1944 жылдар арасы Шығыс Қазақияның бүкіл игі жақсылары негізінен түрмеде еді десек артық айтпаған болар елік. Бұның соңы ұлттық теңдік сұрауға әкеп соқты. Алтай уалаяты 1939-жылдан бастап ұлт-азаттық төңкерісін бұрқ еткізді, сонымен Шыңжаң өлкелік үкіметі Алтай көтерілісшілерін басып жаныштау үшін Шыңжаңның әскери күшін Алтайға лек легімен жөткей бастайды. 1939-1944 жылдар арасы бес жыл Алтай үздіксіз ұлттық толқуда болғандықтан және Қытай әскерімен табанды күрескендіктен Шың Шысай Іле, Үрімжі және Тарбағатай уалаяттарындағы әскери базаны Алтайға тасып әкетіп стратегиялық жақтан Іле мен Тарбағатай уалаятындағы әскери қорғанысты әлсіретіп алады. Ал, Алтайға лек легімен жөткелген әскери қосын мамқара жеңіліп Манас пен Шонжыға шегініп кетеді, бұның соңы Іле Қазақтарының тез арада ұлт азаттық көтеріліс жасап Құлжаны басып алуына жол ашады. 1944-жылы Шың Шысай Шыңжаң өлкелік үкімет билігін Нан Кин үкіметіне өткізіп беріп өзі оцтовкоға кетеді. Жаңадан билікке келген У Жуңшинь Шыңжаң саяси стратегиясынан білікті маман болмағандықтан қазақ ұлт азаттық көтерілісін жаншуға шамасы келмей, сосын түрмеде тірі отырған қазақ зиялыларын босатып жібереді. Ал, 1944′тен кейінгі тарихты алдағы уақытта жан-жақтылы талдап сараптап берейін.

Eldeç Orda

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: