|  | 

Жаһан жаңалықтары

Венгрия көп бала туған әйелдерге жеңілдік жасамақ


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан жолдауы аяқталған соң жүздеген адам наразылыққа шықты. Будапешт, 11 ақпан 2019 жыл.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан жолдауы аяқталған соң жүздеген адам наразылыққа шықты. Будапешт, 11 ақпан 2019 жыл. 

Венгрия үкіметі халық санын көбейту мақсатында бала тууды қаржылай ынталандыруды қолға алмақшы.

Ақпанның 10-ы күні Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан халыққа жолдауы кезінде үкімет екі баласы бар отбасыларға “салықты азайтып, төменгі пайызбен ипотека ұсынуды, автокөлік алуға субсидия беруді жоспарлап отырғанын” айтты.

Орбанның сөзінше, үкімет төрт және одан көп бала туған әйелдерді жеке табыс салығынан босатады.

“40 жасқа толмаған әйел бірінші рет тұрмысқа шықса 10 миллион форинт (36 мың доллар) субсидиялық несие береміз. Несие алған отбасының екінші баласы туғанда қарыздың үштен бір бөлігі кешіріледі. Ал егер үшінші бала дүниеге келсе, несие толығымен кешіріледі” деді Орбан.

Виктор Орбан жолдау жасаған сәт. Будапешт, 11 ақпан 2019 жыл.

Виктор Орбан жолдау жасаған сәт. Будапешт, 11 ақпан 2019 жыл.

Орбан Еуропаға Таяу Шығыс, Азия және Солтүстік Африкадан мигранттардың жаппай келуін сынайтын саясаткер ретінде танымал. Венгрия премьер-министрі Еуропада туу деңгейі төмендеп кеткенін, бірақ мигранттарды қабылдау мәселенің шешімі емес екенін айтқан.

“Бізге статистика керек емес. Бізге венгриялық балалар керек” деген Орбан жыл сайынғы халыққа жолдауында.

Орбан жолдауы аяқталған соң Будапеште жүздеген адам көшеге шығып, үкіметке наразылығын білдірді.

Орталық және Шығыс Еуропада туу деңгейі төмендеп, халық саны азайып барады. Венгрия, Польша, Румыния және Болгариядан миллиондаған адам жоғары табыс көзін іздеп Батыс Еуропа елдеріне кеткен.

Премьер бұл мәлімдемесін өзін қолдайтын Fidesz партиясы Еуропа парламентіне енуге талпынып жатқан тұста жасады. Билік партиясы биыл Венгриядағы жергілікті сайлауларға да қатыспақ. Желтоқсанда елде Орбанның саясатына қарсы шерулер өткен. Сыншылар популист Орбанды Венгриядағы демократияны күйретіп, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын тұншықтырып отыр деп айыптайды. Оны Ресей президенті Владимир Путинге бүйрегі бұрады деп те сөгеді.

Бізге статистика керек емес. Бізге венгриялық балалар керек.

 

Өткен жылы Венгрия парламент жұмыс берушілерге қызметкерлерінен жылына 400 сағат артық жұмыс істеуін талап етуге мүмкіндік беретін еңбек кодексіне түзетулерді қабылдаған. Осыдан кейін желтоқсанның ортасында Будапеште мыңдаған адам көшеге шығып, еңбек қатынастарын реттейтін жаңа заңдарды «құлдар заңы» деп атап, наразылық танытқан.

Өткен жылы қарашада АҚШ мемлекеттік департаменті Венгрияны қару-жарақ саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған екі ресейлікті жауапқа тартқысы келген АҚШ-қа бермей, Ресейге қайтарып жібергені үшін сынаған.

2018 жылы Будапешт қаласында жұмыс істеген Орталық Еуропа университеті негізгі бағдарламаларын Венаға көшірген. Америкалық миллиардер Джордж Сорос құрған бұл университет Венгрияда және басқа елдерде либералды құндылықтарды насхиаттаған. Орбан үкіметі елдегі шетелдік университеттерге талапты күшейткен.

 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: