“Қазақ Елі” журналының 1946-жылғы саны
Шамамен екі жылдың алдында “Шарқи Түркістан мен Чин Түркістанның Күресі” туралы бір мақала жазған едім. Алыстағы Нан Кин (南京) үкіметі Мәскеудің “Шарқи Түркістан Проектісін” идеялогиялық жақтан құрықтау үшін және ақпараттық күрес жүргізу үшін Шарқи Түркістан проектісіне қарсы “Чин Түркістан Проектісін” астыртын қолға алады және “Чин Түркістан Ауазы”, “Чин Түркістан” атты журналдар шығара бастайды. Сөйтіп коммунист қытай билігі келіп Минго (民国) үкіметі отставкаға кеткенге дейін қырғиқабақ астыртын айқасқа түседі.
Үрімжі қаласы (ол кезде Диxуа жеп аталды) осы екі идеялогияның (Шарқи Түркістан/Чин Түркістан) ошағына айналды. Сол жылдары яғни 1946-49 жылдары он мыңға жуық атты қазақтар Үрімжі көшелерінде митинг-ке шықты, Мәскеудің Шарқи Түркістан жобасындағы ұлт теңсіздігін айыптап жарқағаздар (афиша) таратты. Сонымен қатар Мәскеу тағайындаған НанКин Құрылтайының кезекті депудаттарына келіспейтінін айтып Қазақ депудаттарының тізімін жасады. Қош, не керек, екі идеялогиялық (Шарқи және Чин) арпалыстың аясында қазақтар саяси потенциялын көрсетебілді.
Пікір қалдыру