|  | 

Мәдениет

КЕРЕКУДЕГІ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

5

Биыл дәстүрлі түрде өтетін журналистика мамандығы бойынша
студенттер арасындағы ХІ республикалық пәндік олимпиада Павлодар
қаласында жалғасын тауып отыр.
Болашақ БАҚ өкілдері бақталасатын бұл жарысқа еліміздің жоғары оқу
орындарынан 17 құрама қатысуда. Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау үшін
бағы мен бабын бағушылар жалпы 5 кезең бойынша шеберліктерін көрсетуі
шарт. Олар жарыс ережесіне сай қазылар алқасының ұпайларымен
бағаланады. Бұл байқаудың берері бәссіз басым. Өйткені келген
қатысушылар тек жарысып қана қоймай, Кереку жерінің көркіне куә болады.
Осы орайда оларға арнайы экскурсия да ұйымдастырылды. +1Саяхат барысында командалар Ауған соғысы ардагерлері аллеясы мен

Сұлтанмахмұт Торайғыров саябағының және әйгілі Мәшһүр Жүсіп мешітінің
тарихымен танысты. Одан әрі Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер
мұражайына бағытты бұрған байқаушылар, қаланың басқа да мәдени
ошақтарын аралады. Айта кетейік, болашақ тілшілер додасы әлі де
жалғасуда. Жүлдегерлер жарыс соңында анықталып, арнайы сыйлықтармен
маратталатын болады.

Нұрлан Әбдікәрім. Тараз қаласы

kerey.kz4+3

Related Articles

  • Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла – кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат. Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен. Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы «жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу ғұмырының мәніне айналған жастарды

  • ОЛ ҚАЗАН МЕН БҰЛ ҚАЗАННЫҢ АРАСЫ…

    ОЛ ҚАЗАН МЕН БҰЛ ҚАЗАННЫҢ АРАСЫ…

    Kairat Sabyrbai «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» деген нақыл да жиі қолданылады. Міне, осы сөйлемдегі «Қазан» сөзі нені білдіреді, осы төңіректе де ой өрбітіп көрсек. Қазақтың бүкіл даласы уәлі сөзге жүгініп тұрған кезден айтылып келе жатқан нақылдарда басы артық сөз болмайтынын ескерсек, қазан сөзінің босқа қолданылмағаны анық. Бұл жерде біз осы сауал арқылы қазан сөзі кәдімгі ас пісіретін қазан ба, әлде басқадай мағынаны меңзейтін дүние ме, екеуін айыру мақсатында біраз ортаға сауал жолдаған едік. Қызығушылық білдіргендер қатары да аз болған жоқ. Түрлі болжамдар айтылды. Соның ішінде көкейге қонымдысына кезек бермекпіз. Біздің тіл қорымызға өзге тілден сіңісіп кеткен сөздер баршылық. Қолданысымызда арап тілінен енген кісі есімдері мен

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: