|  | 

Жаһан жаңалықтары

Трамп: Иран соғыс ашса, өз түбіне жетеді


АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп. 

19 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соғыс ашпауды қатаң ескертті. Трамп өзінің Twitter парақшасына “Иран соғысқысы келсе, өз түбіне өзі жетеді. Бұдан былай АҚШ-қа қоқан-лоққы көрсетуші болмаңдар!” деп жазды Трамп Тегеранға қарата.

АҚШ-тың мәлімдеуінше, Тегеран Парсы шығанағында қайықтарға зымырандарын орналастырып, Біріккен Араб Әмірліктерінің жағалауында төрт кемені атқылаған. Иран мұны жоққа шығарды.

Мұндай жазба жарияламастан бірер күн бұрын Трамп АҚШ-тың Иранға қысымы дауға ұласып кеткенін қаламайтынын айтқан. 16 мамырда президент “АҚШ соғысқа дайындалып жатыр ма?” деген журналистер сұрағына “Дайындалып жатқан жоқ деп үміттенемін” деп жауап берген. Тегеран да Иран билігінің “соғысты қаламайтынын” айтқан.

Екі апта бұрын Вашингтон Парсы шығанағына “Авраам Линкольн” зымыран тасығыш ұшақтарын қондырған. АҚШ Иранға қарсы 120 мың әскери жібергелі жатқаны жайлы да хабар тарады. Бірақ Трамп мұны жоққа шығарып, “Сарбаз жіберу әзірге жоспарда жоқ, бірақ қажет болса, мұнан көп әскери жібереміз” деген. Артынша Вашингтон АҚШ-тың Ирактағы елшілігінде істейтін қызметкерлерінің басым бөлігін “Иран қатерінен соң қауіпсіздік мақсатында” эвакуациялады.

Вашингтон мен Тегеран арасындағы бұл дау Иран өткен аптада 2015 жылғы ядролық келісім талаптарының кейбірін орындаудан бас тартып, ядролық қару дайындауға қажет байытылған уранды қайта өндіре бастайтынын айтқан соң туған. Ядролық келісім аясында АҚШ Иранға санкциясын азайтып, есесіне Тегеран ядролық бағдарламасынан бас тартуы керек еді. Бірақ Вашингтон “Иран талаптарды бұзды” деп былтыр бұл келісімнен шығып кетті. Артынша Трамп Тегеранға санкцияны қайта күшейткен.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ барлау қызметі: Қытай коронавирус індетінің шынайы таралу ауқымын жасырды

    02 сәуір, 2020 Маска таққан адам. Қытай, Ухань қаласы, 31 наурыз 2020 жыл. Қытай билігі коронавирус індетінен көз жұмғандар мен вирус жұқтырғандар туралы ресми деректі бұрмалаған. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйге құпия баяндамасын таныстырған Америка барлау қызметі осындай қорытындыға келген. Bloomberg агенттігінің дереккөзі баяндама туралы қосымша ақпарат бермеген. Қытай билігі Ухань қаласында желтоқсан айында тараған вирустан 3300 адам көз жұмды, 82 мыңнан астам адамға вирус жұқты деп мәлімдеген еді. АҚШ-та 200 мыңнан астам адамға вирус жұққан, төрт мыңнан астам адам қайтыс болған. “Қытай ашық болғанда жағдай әлдеқайда жақсырақ болар ма еді. Қытайда вирус пайда болғаны туралы ақпарат әлемге таралғанға дейін эпидемия бір ай бұрын басталған болуы мүмкін” деді сәрсенбі күні АҚШ

  • Қытай коронавирусты шынымен жеңді ме?

    Энди ХЕЙЛ Бейжің метросына жүрген тұрғындар. 10 наурыз 2020 жыл. Қытайда коронавирусқа қарсы үш айға созылған күрестің алғашқы нәтижесі наурыздың 18-і күні байқалды. Осы күні елдің ішінде вирус жұқтырған адам тіркелмеді. Қытайдың вирусты тоқтату үшін жасаған шаралары шынымен тиімді болды ма? «Айдаһардың бақылауы» немесе «Мао стиліндегі әлеуметтік бақылау». Қытай шенеуніктері елдің орталық бөлігінде енгізген, коронавирустың тарауын тоқтату үшін жасаған шаралары халық арасында осындай атауға ие болды. Қытай билігі коронавирус пен оның салдарынан туындайтын COVID-19 ауруының қаупін түсінген бойда жүздеген миллион адамды карантинге жауып, бақылауға алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай эпидемиологтары миссиясының дерегінше, елде «ауруды тоқтату үшін бұрын-соңды болмаған ең қатал әрі жедел шаралар жүзеге асқан». Мұндай шараларды жүзеге

  • “ИСПАН ПАНДЕМИЯСЫ” немесе “ИСПАНКА”.

    ‎Қанат Ескендірдің facebook парақшасынан алынды 1918-1919 жылдар аралығында миллиондаған адам көз жұмған алапат тұмау. Ғылыми атауы – La Grippe Espagnole немесе испанша La Pesadilla. 18 айдың ішінде әлем бойынша 550 миллион адам “испанкаға” шалдыққан, яғни, планетаның 29,5% халқы жұқтырған. 18 айда 50-100 миллион адам осы аурудан көз жұмған, яғни, планетаның 2,7-5,3% халқы шәйіт болған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында басталған бұл қауіпті індеттің тез тарауына поезд, дирижабль, кеме транспорты секілді заманауи техниканың жедел дамуы көп ықпал еткен. Сол себепті, әлемде барлық мемлекеттер сот қызметі, мектептер мен балабақшаларды, шіркеу, театр, мейрамханалар мен халыққа қызмет көрсету орындарын жауып тастаған. Дүкендер өз тұтынушыларын сырттан қабылдап, сатушылар тіпті өз туыстарын да кіргізбей қойған. Барлық

  • Қытай коронавирус жұқтырғандар саны азайғанын хабарлады

    07 наурыз, 2020 Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Ухань ауруханасы. 4 наурыз 2020 жыл. Қытай билігі вирус ошағы Ухань қаласынан тыс аумақта тек шетелден келгендерден коронавирус табылып жатыр деп мәлімдеді. Басым бөлігі – Ираннан ұшып келгендер. 7 наурызда билік Қытайда соңғы бір тәулік ішінде 99 адамнан вирус табылғанын (Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 143 болған) хабарлады. Бұл 20 қаңтардан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Хубэй провинциясынан тыс аумақта 6 наурызда 25 жаңа оқиға болғанын айтты. Оның 24-іне вирус Қытайда жұқпаған. Комиссия дерегінше, науқастардың басым бөлігі елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі Ганьсу провинциясында карантинде болған. 2-3 наурызда провинция орталығы Ланьчжоуға Ираннан коммерциялық рейстермен жолаушылар ұшып барған. Ақпарат бойынша Пекинде төрт

  • Қытайдағы вирус бой бермей тұр. Қазақстан сақтық шараларын күшейтті

    Азаттық радиосы Пекин орталығында жүрген адамдар. 22 қаңтар 2020 жыл.  Қытай билігі 29 қаңтарда елде коронавирус жұқтырғандар саны 5974 адамға жеткенін, 132 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Қазақстан көрші елдегі жағдайға байланысты автобус, теміржол және ұшақ рейстерін уақытша тоқтатып, Қытай азаматтарына виза беруге шектеу қойды. Қытай билігі қазір елде 9239 адамның вирус жұқтыру күдігімен дәрігерлер бақылауында екенін мәлімдеді. Қытайдағы коронавирустың өршуінен кейін Қазақстан 29 қаңтардан бастап екі ел арасында қатынайтын автобустарды, 1 ақпаннан бастап Алматы – Үрімжі, Нұр-Сұлтан – Үрімжі, Достық – Алашанькоу, Алтынкөл – Қорғас бағытындағы пойыздарды, 3 ақпаннан бастап ұшақтарды тоқтатпақ. Екі ел арасында қазақстандық Air Astana, SCAT және қытайлық China Southern Airlines, Air China әуе компаниялары тұрақты түрде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: