|  | 

Жаһан жаңалықтары

Президент Жээнбеков Атамбаев ісі туралы алғаш рет пікір білдірді

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. 

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев ісі туралы пікір білдірді. Шу облысында 31 шілдеде өткен тұрғындармен кездесу кезінде журналистер сұрағына жауап берген президент “Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі керек. Барлық адам заңға бағынуы тиіс” деді.

“Қырғызстандықтардың Атамбаев ісіне қатысты мені не дер екен деп отырғанын білемін. Атамбаевқа қатысты болып жатқан оқиға, оның тергеуге шақырылуы – заңды құбылыс. Құқықтық мемлекетте заң аясында ғана әрекет ету керек. Адам кім болса да, бұрынғы президент пе, шенеунік пе, әскери не қарапайым қызметкер ме – заң алдында бәріміз теңбіз, бәріміз заңға бағынуымыз керек. Сонда ғана ел дамиды. Атамбаевтың ісі де Қырғызстан заңнамасының аясында шешілуі керек” деді Жээнбеков.

Бұл – Жээнбековтің Атамбаев ісіне қатысты алғаш рет пікір білдіруі.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі бұрынғы президентті үш рет тергеуге шақырғанымен, Атамбаев ешбіріне бармаған. Оның заңды өкілі Сергей Слесаревтің сөзінше, 2003 жылғы президент қызметі туралы заңға сәйкес, Атамбаевтың тиіспеушілік мәртебесі бар. “Сондықтан полицияның тергеу кел деп жіберген шақыртуларының заңды күші жоқ” дейді Атамбаевтың адвокаты.

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған.Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, үстінен қозғалған істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Бейруттағы жарылыс: Қаза болғандар артты, порт басшылығы қамауға алынды

    Бейрут қаласы жарылыстан соң, Ливан. 5 тамыз 2020 жыл. Бейрут портындағы ірі жарылыстан кейін іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, кемінде 135 адам қаза болған, шамамен 5 мың адам жарақаттанған. 250 мың адам баспанасыз қалған. Биліктің айтуынша, қаза болғандар саны артуы мүмкін. Жарылыстан кейін ондаған адам із-түзсіз жоғалған. Құтқарушылар оларды үйінділер астынан іздеп жатыр. Ливандық LBCI басылымының жазуынша, үкімет жарылысқа кінәлілер табылғанға дейін порт басшылығын үйқамаққа алған. Ішкі істер министрлігі тергеуді бес күн ішінде аяқтауға уәде берді. Associated Press агенттігінің жазуынша, тергеушілер мән-жайды анықтау үшін жарылыс болған аумақты зерттей бастаған. AP мәліметінше, Ливанға гуманитарлық көмектің алғашқы легі де жеткен. Елді экономикалық дағдарыс жайлап, қоғам наразылығы өрістеген тұста билік жарылыстың салдарымен күресуге тырысып жатыр.

  • Қытай мен Үндістан Гималайда не үшін қақтығысып жатыр? 300 сөзбен түсіндіреміз

    Ладакх аймағындағы Галван аңғарында тұрған үндістандық әскери. 17 маусым 2020 жыл. 15 маусымда Үндістан билігі елдің 20 солдаты шекарада Қытай әскерилерінің қолынан қаза тапқанын мәлімдеді. Пекин өз тарапынан қайтыс болғандар жайлы еш дерек айтпады. ҚАҚТЫҒЫС ҚАЙДА БОЛДЫ? Қақтығыс Гималайдың батыс жағындағы Ладакх аймағындағы Галван аңғарында, Қытай мен Үндістан шекарасында болған. Әскерлер оқ атпаған, бірақ тас лақтырып, өткір заттар қолданған және таяқ жұмсаған. Екі елдің әскері мамырдан бері осы маңға орналасып, ара-тұра жанжалдасып тұрады. Қытай Үндістанның біраз аумағын өзіне алғысы келеді. Ал Дели Пекин Үндістанға тиесілі жерді заңсыз ұстап отыр деп айыптайды. Екі ел Үндістанның солтүстігінде, Қытайдың Ақсай Чин шоқысындағы таулы жерді бөлісе алмай келеді. Даулы аймақ 4250 метр биікте жатыр

  • 2003 жылы SARS қалай тыйылды? 2020 жылы COVID-19 неге ырық бермей тұр?

    2003 жылы қауіпті коронавирус жұққан әр оныншы адам қайтыс болды. Қытайда басталған бұл дерт бірнеше елге тарады. Сегіз айдан соң вирусты тоқтатудың сәті түсті. Азаттық әлемдегі жетекші вирусологтардың бірінен сол кезде бұл кеселді тыюға не көмектесті және 2020 жылы жаңа коронавирустың дүниежүзіне тарауына не себеп болды деп сұрады. Қытайдың Ухань қаласында есінен танып құлаған адамның қасында тұрған дәрігерлер. Науқас атипиялық пневмония (SARS деген атаумен белгілі) жұқтырған болуы мүмкін. Бұл сурет 2003 жылы сәуірдің 29-ы күні түсірілген. Ол кезде әлем 21 ғасырдағы алғашқы пандемияға айнала жаздауға шақ қалған вирусқа жолыққан еді. SARS атты жаңа жұмбақ коронавирус жұқтырғандардың он пайызға жуығы қайтыс болды. Науқастардың көбі дем жетпей қиналып, өкпесі сұйыққа толып қайтыс

  • ҮСТІРТ МАУГЛИІ ЖӘНЕ ТАҒДЫРЫ

    1957 жылы тікұшақпен шыққан бір топ геологтар Үстірт жазығында (Түркіменстан мен Қарақалпақстанның шекарасындағы Сарықамыс көлінің жанында) қасқыр атумен айналысқан. Геологтар қасқырларды ізінен қуып келе жатып олардың арасында шамамен бес жасар қалыспай жүгірген баланы көріп таң қалады. Бала қасқырлармен бірге аспаннан төнген жаудан қашуға тырысып келеді. Олар барлық қасқырларды атып, баланы құтқаруды ұйғарады. Тікұшақты жерге қондырып баланы ұстауға әрекеттенеді. Алайда бұл ойлағандай оңайға соқпады. Бала қасқырдың бөлтірігі құсап адамдарға қарай тістеніп айбат көрсеткен. Дегенмен геологтар оны қолға түсіріп , дәрігердің қарауына тапсырады. Баланың қасқыр үйіріне қалай түскенін және ата-анасы кім екені беймәлім. Ауруханада оған олигофрения диагнозы қойылып, Ташауздағы психиатриялық ауруханаға орналастырылған. Оның өмірінде адам қатарына қосылудың қиын және қайғылы кезеңі басталады.

  • АҚШ барлау қызметі: Қытай коронавирус індетінің шынайы таралу ауқымын жасырды

    02 сәуір, 2020 Маска таққан адам. Қытай, Ухань қаласы, 31 наурыз 2020 жыл. Қытай билігі коронавирус індетінен көз жұмғандар мен вирус жұқтырғандар туралы ресми деректі бұрмалаған. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйге құпия баяндамасын таныстырған Америка барлау қызметі осындай қорытындыға келген. Bloomberg агенттігінің дереккөзі баяндама туралы қосымша ақпарат бермеген. Қытай билігі Ухань қаласында желтоқсан айында тараған вирустан 3300 адам көз жұмды, 82 мыңнан астам адамға вирус жұқты деп мәлімдеген еді. АҚШ-та 200 мыңнан астам адамға вирус жұққан, төрт мыңнан астам адам қайтыс болған. “Қытай ашық болғанда жағдай әлдеқайда жақсырақ болар ма еді. Қытайда вирус пайда болғаны туралы ақпарат әлемге таралғанға дейін эпидемия бір ай бұрын басталған болуы мүмкін” деді сәрсенбі күні АҚШ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: