|  |  | 

Жаңалықтар Әлеумет

Қазақстан азаматтығын алған 11 мыңға жуық этникалық қазақтың көбі Өзбекстан мен Қытайдан келген

Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жыл басынан бері 10,7 мыңнан астам этникалық қазақ Қазақстан азаматтығын алған. Бұл ақпаратты 5 қыркүйекте Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ақпарат бойынша, азаматтық алғандардың басым бөлігі (48,5 пайыз немесе шамамен бес мыңнан астам адам) Өзбекстан және Қытайдан (36 пайыз) келген. Қазақстан төлқұжатын алғандар арасында бұған қоса, Моңғолия (6,2 пайыз), Түркіменстан (5,4 пайыз), Ресей Федерациясы (1,1 пайыз), Иран (0,5 пайыз) және өзге елдерден келгендер де бар.

Министрлік дерегінше, келген азаматтар негізінен Ақмола және Маңғыстау, Жамбыл облыстарына шоғырланған.

“1991 жылдан бастап 300 мыңнан астам отбасы немесе миллионнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған” делінген министрлік хабарламасында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ахмади Сарбасовтың айтуынша, елде оралман мәртебесі бір жылға дейін жарамды. Оның айтуынша, “кейбір оралмандар ұсынылған уақыт ішінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алмаған және мұндай мүмкіндіктен айырылған”.

Мұндай азаматтар жеңілдетілген тәртіппен оралман мәртебесін ұзарту үшін “жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады және Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды тапсыра алады”.

26 тамыз күнгі жағдай бойынша, осы акция аясында алты мыңға жуық этникалық қазақтың оралман мәртебесі ұзартылған. Оның бес мыңға жуығы азаматтық алуға құжат тапсырған.

2013 жылы желтоқсанның 10-ы күні бекітілген “Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға сәйкес оралмандарға азаматтық Қазақстанға көшіп келген соң 4 жылдан кейін беріледі деп көрсетілген. Бұл заң оралмандар мен олардың құқығын қорғаушылардың наразылығын тудырып, қызу қоғамдық талқылауға ұласқан еді. Кейін заңға қайтадан өзгерістер енгізіліп, шетелден келген этникалық қазақтар бір жылдың ішінде азаматтық алатын болған.

 

Бірақ сол уақытқа дейін жарамдылық мерзімі шектеусіз түрде (Қазақстан азаматтығын алған күнге дейін жарамды – ред.) беріліп келген “оралман” мәртебесі бір жылға ғана жарамды болып бекітілген болатын.

Дәл осының алдында Өзбекстанда мыңнан астам адамның азаматтықтан айрылуы мүмкін екені, олардың басым бөлігі этникалық қазақ екені хабарланды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Шетелдік компания Алматының ауруханаларына 15 ингалятор тарту етті

    Шетелдік құнды аппараттар пневмония және Covid-19 ауырып жатқан науқастарды емдеуге арналған деп хабарлайды Kerey.kz ақпараттық порталы. QNET халықаралық тікелей сауда компаниясы 15 ингаляторды фтизиопульмонология орталығына жеткізді. Пневмония және Covid-19 вирусымен ауырып жатқан науқастар аталған аппараттардың көмегі арқылы дәрілік заттарды дем арқылы жұтады. «Бұл компанияның республикамыздағы соңғы айлардағы алғашқы қайырымдылық акциясы емес. Көктемде бизнесті дамыту бойынша көпбалалы кәсіпкерлерге арналған онлайн вебинарлар өткіздік. Аз қамтылған отбасылар 50 азық-түлік жиынтығын алды. Жазда Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 және №3 ауруханаларына да қайырымдылық шарасы жасалды. Ол жердегі медқызметкерлер мен емделушілердің таза су ішуіне мүмкіндік жасалды. Суды тазартуға арналған «HomePure Nova» және ауаны тазартуға арналған «AirPure» фильтрлары мен бетпердені ұзақ уақыт таққаннан зардап шеккен дәрігерлердің терісіне арналған

  • Қазақстанның экс-президенті Назарбаевқа да коронавирус жұқты

    Қазақстанды отыз жылдай басқарып, былтыр наурызда президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирус жұқты. Бұл туралы Назарбаевтың ресми сайты хабарлады. “Қазіргі кезде Қазақстанның бірінші президенті оқшауланған. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр” делінген хабарламада. Қазақстанды ұзақ жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев былтыр президенттік өкілетін тоқтатып, орнын Қасым-Жомартқа Тоқаевқа тапсырып кеткенімен қазір Қауіпсіздік кеңесінің мәңгі төрағасы ретінде биліктің бір тармағын ұстап отыр. Ол басқаратын Қауіпсіздік кеңесінің құрамына президент Қасым-Жомарт Тоқаев та кіреді. Осыған кейін “Назарбаев билікті ресми түрде бергенімен, шын мәнінде уысынан шығарған жоқ” деген болжамдар айтылған. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин, президенттің баспасөз хатшысы Берік

  • Президент Тоқаевқа ашық хат

    2020 жылдың 28 мамырында, Мәскеуден жіберілген менің жүгім Қызылордаға келді. CDEK фирмасы, тапсырыс нөмірі 1173341109 жіберілім. Қос чемодан. Менің құжаттарым, базарлықтарым, киім-кешек, ұялы телефондарым өз орнында. Неміс тіліндегі Гёте жинағы,  орыс классиктерінің кітаптары, КСРО журналдары  мен басқа әдебиет те өз орнында. Бірақ, Қыдырбек Рыспекұлы құрастырған, жұдырықтасу жұлдыздарының қолтаңбаларына толы “Қазақ боксшылары” атты кітап жоғалған. Сонымен қатар, тарихшымыз Кәрішал Асан Атаның қос кітабы да жоқ. Әрине, бәрі болуы мүмкін. Алайда, қазақи кітаптарымды орыс жүк тасушысы немесе ресейлік шекарашы жымқырды деп ойламаймын. Погон таққан жергілікті хайуандардың сасық әрекеті болса керек. Барып тұрған оңбағандар ғой! Мысалы, бокс кітабымда маған арналған Ермахан Ыбырайымов пен Жандос Көкімовтың ізгі тілектері жазылған. Сонда не? Офицер атағымен жамылған

  • Тоқаев “Қырым сценарийінің қайталану мүмкіндігі” жайлы: “Бұлай болжауға негіз жоқ”

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орыстар көбірек шоғырланған Қазақстанның солтүстік облыстарында “Қырым сценарийі қайталануы мүмкін” деп болжауға негіз жоқ деп санайды. Ресейлік “Комсомольская правда” газетіне берген сұхбатында президент осылай деген. “Псевдосарапшылардың мұндай болжамдары ештеңе негізделмеген. Мұндай жорамал Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және Ресеймен арадағы тату қарым-қатынасты бұзуға бағытталған. Мұндай болжамды тек біліксіз адамдар, біреуге жағынғысы келген қаскөйлер ғана айтуы мүмкін” деді Тоқаев басылым тілшісіне. Президент сонымен бірге Қазақстанда орысша елді мекен аттарын қазақшалау және “славян ұлты өкілдерінің мемлекеттік органға орналасу кезінде қиындықтарға ұшырайтыны” туралы сұрақтарға жауап берген. “Елді мекен аттары жаппай өзгертіліп жатқан жоқ” деген президент бірқатар елді мекендердің көне аттары қайтарылды, “совет дәуірін еске салатын үндеспейтін топонимдер, жергілікті

  • Сардоба, Рогун, АЭС. 

    Алапат апат болып, қалың ел суға кетіп жатқанда билік ойнап жатқандар Өзбекстанға нота жібереміз бе, жоқ па дегенді де ақылдаспапты. Нотамызды дайындап қойдық деген вице-министрдің сөзіне қарағанда, шекарада салынып жатқан су қоймасы жөнінде Қазақстан “бірнеше рет” сұраса да Өзбекстан жөндем жауап бермепті. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан шенеуніктер сірә, “біз сұрадық, міндетімізден құтылдық” деп жылы жауып қойса керек. Табандап тұрмаған, жеріне жеткізбеген. Әйтпесе, халықаралық заң нормасын бұзды деп Біріккен ұлттар ұйымына арызданар еді, әлемнен бейтарап сарапшы шақырар еді. Іздедім, ондай жоқ. Сардоба салынса, тым болмағанда Сырдария суалмай ма, Кіші Аралға зар болмаймыз ба деген де есеп-қисап жоқ.  Сардобаның мәселесі екі жемқор жүйенің арасында жалған ағайынгершілікпен, бәлкім, сен іш, мен іш

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: