|  | 

Әлеумет

Дертіне шипа іздеген алматылықтар буддиске ағылып жатыр

Моңғолияның атақты халық емшісі, буддист қазақтарды емдеу үшін Алматыға келді. Ламаизм дінінің өкілі өздерінің құдайы Бурханға сиынатынын айтады. Қазақтар 80 жастағы буддистен шипа алу үшін кезекте тұр.

Бөхчулуун Дамдин Қазақстанға арнайы шақыртумен келген. Төрт күннен бері алдынан адам үзілмей жатқан 80 жастағы ақсақал, 2 жарым мың шақырым жолдан шаршап келсе де бір күннен соң жұмысына кірісіп кетті. Ми шайқалу, түрлі бас аурулары, бүйректің созылуы, буын аурулары, көз тию, бала көтермеу сынды өзге де денсаулығында кінараттары бар адамдарды қарайды.

Моңғолдардың уранхай руынан шыққан Бөхчулуун ақсақалды өзінің жолын қуған, 12 жасынан ламалық жолға түскен 40 жастағы ұлы Галөрөг ертіп жүр. Ақсақал емшілік қасиеттің ата-бабасынан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Емшілік төртінші аталарымнан бері келе жатқанын білем, бұл қасиет 8 баламның (4 ұл, 4 қыз) екеуіне қазір дарыды, – дейді қолында биотоғы бар қарт.

Алматы іргесіндегі қазақтардың үйіне тұрақтаған қарт емші күн сайын 40-50 шақты адамды қарап үлгереді.

«Мақсатым адамға жақсылық жасау. Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Ерлерде бел аурурлары, әйелдерде жатыр аурулары көп екен. Монғолдарда мидың шайқалуы жиі  кездеседі. Аурудың көбі негізінен бүйрекке де байланысты. Аяғы, буыны ауырып, тізесін баса алмау да көбіне бүйректің бұзылуынан, бүйректің төмен түсуі, тамырының жіңішкеруінен болады», – деді емші.

Ламаизм дінінің өкілі өздерінің құдайы Бурханға сиынатынын айтады. Халық емімен, буддалық іліммен кеңес кезінде адам қарауға тиым салынса да тығылып, ата салтын  жалғастырған. Қартын жетектеп, баласын көтеріп қаралуға келген қазақтар қазір 80 жастағы буддистен шипа алу үшін кезекте тұр. Өзін Алтынгүл Миллионқызы деп таныстырған әйел ұлын, келін-немересін ертіп осымен екінші күн қатарынан келіп жүргенін айтты.

«Ол (Бөхчулуун) кісінің қолы қай жерге тиді, сол жердің бәріне әсер етті. Жақсы екен. Сездім. Біз бұл адам туралы бұрыннан еститінбіз. Тіптен шешем мен інім бұл емшіні Монғолияға арнайы іздеп те барған. Бірақ ол кезде кездесе алмады, адамдар өзге жаққа алып кеткен екен. Басым жиі ауыратын. Бүйректің ісігі басқа әсер етіп, енді аяққа шауып бара жатыр екен. Үш күнде нәтиже береді деді. Басымды ұстаған  соң миым бос, солқылдап қалған сияқты болды. Ұлым, келінім, немерем, інім бесеуміз де емделіп жүрміз,- деді алматылық Алтынгүл Миллионқызы.

Алматыда тағы жиырма күндей аялдайтын лама-емші қызметі үшін ақы, ақша сұрамайды. Оның алған ең үлкен дәрежесі “Ард эмч”, яғни “Халық емшісі” деген  атағы екен.  12 жасынан бастап будда ілімін алған Галөрөг Бөхчулуунұлы да әке жолын қуған.

«Әкем Қазақстанға шығарда буддалық салтпен де емдеуге қажетті шөп, құмалақ, дұға кітаптарын, ламалық киімдері сынды өзге де қажетті заттарын  салып алыпты. Монғолияның ішіндегідей деп ойлаған болуы керек, қарт адам ғой. Шекарада проблема болуы мүмкін деп түсіндіріп, қалдырып кеттік. Әрі мұсылмандардың арасында буддалық іліммен емдеуге рұқсат жоқ. Қазір әкемді Қарағанды, Астана, Павлодар жаққа да шақырып жатыр. Биотоғы бар, тамырдан-ақ көп ауруларды анықтайды, сипап емдейді.  Адамдардың  бергенін алады, дүние қумайды, құдайдың қасиетін халыққа көрсетуім керек деген мақсат онда», – деді Ард эмч-ге жол көрсетіп жүрген ұлы Галөрөг Бөхчулуун.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: