|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ шежіресі

Арқадан Алтайға ауған елдің ізі (Яғни Арқадан Алтайға ауған Абақ Керейдің керуен көші жәйінда)

Байахмет Жұмабайұлы ea1fba229814d8adeb999ac9fff9df

Кіндік сөз:
Керей тайпасының ежелгі мекендері Арқадан Алтай бетіне іргелі елдің қақпайынан ауғаны распа?».

«Абақ Керей елді Арқадан Алтайға «Ақмырзаның өліміне себепші болып көшкені» рас па?

«Бұқар жырау Абылай ханның бұйрыуымен Керей көшін тоқтатуға алдынан шығып жотасын көрсеткені распа?» т. б. Сұрақтар төңірегінде тарихшы болмасамда ызденістің натижесінде өз әлімше көзғарас білдіруді жөн көрдім. Артық – кемін кешірммен қарарсыздыр.

Шыны керек, осы тақырыпқа қатысты жазба деректер аз болғандықтан, дәлелсіз сөздің дәрмені шамалы болар деген оймен, тартыншақтап келген едім. Жуықтан бергі әлеуметтік желілерде бұл тақырып төңірегінде талас-тартыстар малыға бастағанын көріп қолыма қалам алып, осыдан бір қанша жыл бұрын «Қазақтың қысқаша тарихы» деген еңбегімен екі миллярд қытайға ғана емес, шет елдердегі тарихшыларға танымалы Ниғымет Мыңжанұлының дәл осы тақырып аясындағы көзқарасыын есіме алып, оқырманға сол көзғараспен бөлісуді жөн көрдім.
Әлі есімде, 1989-жылдары болатын. Қолымда кәдімгі құлыптың кілтіне ұқсайтын, көлемі жарты қарыстай металдан жасалған заттың нендей бұйым екенін әркімге көрсетсемде анығына жете алмай жүргенімде, жолым болып Үрімжідегі орталық кітапхананың алдынан әйгілі ғалым Ниғымет ақсақалға кезігіп қалдым. Аман-сәлемнен соң әлгі затты сумкамнан алып шығып, көрсеткен едім. Ниқаң іркілген жоқ. Көрген жерден: «Германиядағы мұражайдан кезіктіргенмін. Бұның басқы бөлегіндегі тесіктен жіп өткізіп мойынға немесе білекке тізбелеп тағып жүретін ежелгінің ақшасы» екенін бірден кесетті.
Біздің кеңесіміз енді Ниқаңның отбасында жалғасты. Әйгілі ғалыммен бұлайша кезігу орайы келе бермесін ескердіп, көңілімде ұзақтан түйіншектеліп шешімін таппай жүрген түйткілді сұрақтарымды бірден қоя бастадым.
Әуелгі сұрағым рулар хақында болды. Мұнда халық ішінде рулардың келіп шығу тарихы тым қарапайым деректермен дәлелдеп жұретінін ескере: Шимойын Керейдің бала күнінде мойны жіңішке болып «Шимойын» аталғанын. Жастабанның аяғында тартқан шалғайлығы шылғи болғандықтан «Жастабан» аталғанын. Қарақас атаның қасы қара болғансоң «Қара қас» аталуы. Көнсадақ руының қорамсағы көнен болғансоң «Көнсадақ» аталуы, «ителі руы ақты көлге төгіп, ителі атанған»… дейтін т. т. Аңыздық деректердің шындыққа қаншалықты жанасымды екендігін ұғысқанымда: Ниқаң «Бұлайша жорамал деректер ғылымға жат. Ұрпаққа зйан екенін, мұмкін адамдар бір рудан бір руды төмендету ұшін, яғни мысқыл, әзіл ұшін тіпті мұқату үшін шығарған сауатсыз аңыздар екенін. «Шәкәрімнің ‹қазақтың арғы тегі Арабтан, бәленбай сақабаның тұқымы› дегендерге тойтарыс бергендей мына аңыздарғада тойтарыс беру қажет екенін ескерте кетті.
Кеңес тұйіні Абақ Керейдің өз заманында Арқадан Алтайға қоныс аударған кешірмелері жайында болды. Ниқаң – Бұл тақырыптың оңай әрі күрделі тақырып екенін, «оңай» болатыны кеше ғана халықтың басынан кешкен соқпағы айқын тәрихы болғандықтан деректерден тысқары қолда азды-көпті архифтік матерялдарға сұйенуге болатынын, ал «қиын» деуіміз – бұл тарих империялық саясаттың азуында неше жұз жыл қаузалып, жасалып, өңделіп ел аралық қайшылыққа, шекаралық тартысқа арналған жасандылықпен әбден сығымдалған тарих болғандықтан, мұндай қитұрқылықпен сомдалған тарихты халық санасынан арашалап алу мың да бір машахат екенін ескерте: сол бір 1758-жылдардағы «Абақ Керейдің ежелгі ата жұртын тастап кетуі», «Ақмырза дегеннің өліміне себепші болудан» немесе «Жуан рудың қақпайынан» болды дейтін. Ал ұдіре көшкен көшті «Абылайханның әмірімен Бұхар жырау тосыуға барды» деген деректерге тоқталды:
Ендеше Ақмырза кім?, оның ұрық – жырағаты қайда?, деген сұраққа ең әуелде тамыры үзілмеген, тарихты арыдан қозғауға дәрменді шежіреге айалдауға тиіс едік. Өкінішке орай Ақмырзаның тегін дәлелдейтін анықтамалар бізге жете қойған жоқ. Ал осы көшті тоқтатуға «Бұқар жырауды Абылай хан жіберді» делінетін анықтамаға айалдар болсақ, архифтік деректер «Абылайханның Циң хандығымен келісім арқылы Алтай, Іле, Тарбағатай өңіріне елді көшіріп әкелуге келсімге келіп жатқаны»(1) анық тұрса, қалайша Абылайхан Бұхар жырауды көшті тоқтатуға әмір етеді?» деген сұрақ туындайды. Сұйте тұра жасандылықтың асқыныуы сонша, ежелгі «Садыр қайда барасың» деген жұртқа әйгілі тарихи оқиғаны бұрмалап, «Керей қайда барасың» деп «бұрмаланды» деуімізге дәлел іретінде тоқтала кетейін; «орталық қазақстан» сайытын, (Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлыны, Бұқар жырау деген тақырыпты ашыңыз) «Абылайхан алдында сөйлеген сөз» деп басталып «Садыр – Матай саусындай, дау Матайдың даусындай» деген қазақ жұртында бір сөз бар. Сол Садыр батыр өрдегі Найманан ауып, Арғын ортасына келіп, бір Ақмырза деген Арғынды өлтіріп, кұн бермей, елне көше қашыпты. Барса сөз бермейді, «аттыға жол бермейді, жәйауға жол бермейді» деген байдың өзі екен, көк шолақтың көзі екен. сонан соң Арғын болып Бұқарды жібереді: «осы кісі бір тіл алып келер!», – деп Бұқарекең барса. Садыр Матайдың ауылы Сарсыуды өрлеп көшіп бара жатыр екен, сондағы Бұқар жыраудың көп алдынды Садырға жолығып айтқаны» екен деп басталалатын жыр:
Садыр, қайда барасың,
Сарсуды көбелеп.
Ақмырзаны өлтірдің,
Ақсойылмен төпелеп….(2)- деп жалғасады. Міне осылайша ен – таңбесы айқын тұған тәрйықтың «Керей қайда барасыі?» деп өзгеруі мұмкін Шар россия (Совет үкіметі) кезінде шекараның екі жағында тұрған қазақтарды қошқарша сүзістіріп бірінен бірін қожыратуға арналған жасанды хикая екені айдан анық.
Қараңыз, енді әңгіме жоғардағы айтылымдарды растағысы келіп, Бұқар жырауға ер Жәнібекті кезіктіріп диалокқа келтіретінін көріңіз, мақұл; ер Жәнібекпен Бұқар жырау көшу мен көшпеу жәйінда «елдің іргесін сөкпеу» жәйінда қимастық, бауырмалдық сезіммен осылай сөзге келселіскен болсын ақ, сондада Бұқар жырауды «көшті тоқтату ұшін Абылайхан жіберді» дегенге келспейтініміз сол кездегі ел «Циң хандығымен аралық дипломатикалық қатынасты» Аблайхан қандық тұрғыда тұрып бұза алмайтындығы анық еді.
Әрине ғалымның айтпағы тұсінікті ақ; Сонау «Үйсін, Қаңлы, Аландар заманында қазақтар мен Хан хандығы арасында жібек, парфор ыдыстар мен ат айырбас саудасы болған»(3) осы қарым-қатынас жалғасым тауып «Циң ұкіметімен Абылайхан арасындағы бітімгерлікпен іске асқандығы»(4). «Үрімжі, Тұрпанға дейін Қабанбай батыр бастаған қазақтар жылқы саудасымен келгенін анықтайды»(5). Ал Алтай, Тарбығатай, Іле өңірінен қоныс алған қазақтарды Циң ұкіметінің мақұлдауымен «Шегара өңірлерді қорғап тұру, әр жылы 10 мың сары ақ күміс және жылқыдан салық беріп тұру»(6) архифтіқ деректер жоғардағы пікірімізді тіптен растайды.
Әрине, «Циң өкіметі мен Абылайхан арасындағы елді Алтай, Іле, Тарбағатай өңіріне Қоныстандыру»(7) келісімі Циң ұкіметі Іле генаралына «Шекарада отырған Абылайханның еліне мән беру»(8) жөніндегі архифтік деректемелерден және «Циң өкіметінің» Алтай шекарасын Ресей (Совет), сырт Моңғұля аралығындағы шекараны қорғауға қазақтан қарулы қосын әзірлеу»(9). Және деректері, «Көгедай төреден бастап Закарияға дейінгі Алтайдың тіке Бейжиңге төте қарап, өзін-өзі басқарып тұруы»(10) міне, бұның бәр-бәрі Абақ Керейдің Алтай бетіне не себептен келіп қонстанғандығына шынайы дәлелдер болмақ.
Йә, Алтайғаға көш басын бұрып қоныс алу оп – оңай болмады. Алтайда сар жұрттап қалған Жоңғардың қалдық күштерін бірде достасып, кейде күшке келіп жүріп байырғы мекендерін алуда Ызғұтты, Ақтай, Жарқынбай, Сәйеке, Тұрым, Далай, Жуанған, Арқалық, Зуха т. б. Қаншама батыр бабаларымыздың бас кетіп, қаны төгілді десеңізші…. «ақ патша әскері», көшкен елдің соңынан өкшелей қуа соғыс салып қаншама бейуаз елді қынғындаса, «еру елдің тайыншасы …» болып жөнін көрсетіп елді сүліктей сорып, көнбегенді көмусіз қалтырып қырғындаған Мәнжұряның бәр – бәрінің бетін қайтарып, бораның өтінде отырған кім екені айдан анық тәрих еді ғой, дізбелеу бұл мақаланың салмағына келмейдіде….
Міне, оқырман осылардың барлығын сараптап жетпей тұрып империялардің ағайын арасын аразашты ету арқылы өзіне ұпай жиыуға әзірлеген жасанды тарихқа аңғарлықпен қарайтын уақыт жеткен тәрізді.
Сөз соңында «Ер тағы көк аспан» (2008 жыл, Еркін Көкейов Әнуарұлы, «Алматы» ) деген кітапта: «Жоңғар оқиғасынан кейін иен қалған атамекен босап, Циң династиясы жылқыға мұқтаж болғанына Абақ Керейлер қайтадан керуілге қарай жылыстады. Алғаш қазіргі шығыс Қазақстан өңірінен 1756-жылдан соң Шақабай Жәнібектен тәрихтың Керейлер және Найманның Қызай, Байжігіт рулары бұрынғы ата мекені, қазіргі Шинжяң өңіріне қайта қоныстана бастады. Керулен өзенінен ығысып (алтын хандығы құрамынан) ата жұртына ауған «Абақ» атын алып, жүз деген жылдар өткенсөң қайта оралған бұл елдің қасыретті тағдыры мүнымен біткен жоқ. Бұларды алдымен діні бөлек, тегі бір туысы торғауыт шапты. . .» деген айтылымнаң біз қаузаған тақырыпқа аз да болса тұздық болар деген оймен оқырманға ұсыныумен сөзімді тәмәмдаймын.

Әдебиеттер:
(1)(4)(6)(8) «Мұра журналы» 2006-жыл. Және «Зейнолла шығармаларынан». Зейнолла Сәнікұлы,
(2) «орталық қазақстан гәзеті»
(5) «Ұйсіндер туралы» «қоғамдық ғылым мінбесі» жорналы. Сұлтан Жанболат.
(7)«Қазақтың қысқаша тарихы», Н. Мыңжан
(9) (10) «Келелі кеңес, тарихи дерек», асқар татанай
(3)(11) қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер»
(12) Алтай тарихи матерялы.
МӘТЕРЙАЛДЫ ҰЛЫҚСАТПЕН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ. АВТОРЛЫ ҰКЫҚ ҚОРҒАЛҒАН

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: