Беларусь президенті Александр Лукашенко 21 қаңтарда Минск қаласында мұнай тасымалдау мәселесіне арналған жиында “Ресей Қазақстанға Беларусьқа мұнай сатуға рұқсат бермей отырғанын” айтты.
“Қазір расымен Ресей мұнайын толық алмастыратын басқа көз жоқ. Мұнайды жан-жақтан алу керекпіз. Бәрібір мұнайдың 30-40 пайызын Ресейден сатып аламыз. Қалғанын30 пайызын Балтық елдерінен, 30 пайызын Украинадан алуымыз қажет. Егер Ресей келіссе, Қазақстан да бізге мұнай жеткізіп бере алады. Біздің бір одақтасымыз екінші одақтасымызға мұнай тасымалдауға келісім бермей отырғаны таң қалдырады” деді Лукашенко.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Беларусь еліне мұнай тасымалдауды тоқтатқан. Осыдан соң Беларусь елінде мұнай тапшылығы басталды. Лукашенко мен Ресей мұнай тасымалдау туралы бірнеше рет келіссөз жүргізгенімен нәтиже шықпады.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру