|  | 

Жаһан жаңалықтары

Қытай коронавирус жұқтырғандар саны азайғанын хабарлады

07 наурыз, 2020

Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Ухань ауруханасы. 4 наурыз 2020 жыл.

Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Ухань ауруханасы. 4 наурыз 2020 жыл.

Қытай билігі вирус ошағы Ухань қаласынан тыс аумақта тек шетелден келгендерден коронавирус табылып жатыр деп мәлімдеді. Басым бөлігі – Ираннан ұшып келгендер.

7 наурызда билік Қытайда соңғы бір тәулік ішінде 99 адамнан вирус табылғанын (Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 143 болған) хабарлады. Бұл 20 қаңтардан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Хубэй провинциясынан тыс аумақта 6 наурызда 25 жаңа оқиға болғанын айтты. Оның 24-іне вирус Қытайда жұқпаған. Комиссия дерегінше, науқастардың басым бөлігі елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі Ганьсу провинциясында карантинде болған. 2-3 наурызда провинция орталығы Ланьчжоуға Ираннан коммерциялық рейстермен жолаушылар ұшып барған.

Ақпарат бойынша Пекинде төрт адамнан вирус табылған. Үшеуі – Италиядан келгендер.

Хубэй провинциясында Уханьнан басқа аумақта жаңа оқиға болмаған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Таулы Қарабақ жайлы сіз білу керек 5 дерек

    Майк ЭККЕЛЬ Таулы Қарабақ талай ғасырдан бері түрлі әскерлер мен патшалықтардың жолайрығында жатыр. Аймақтағы кикілжіңді толық тоқтату әрекеттерінің тығырыққа тіреле беретін себебі де сонда. Оңтүстік Кавказдың биік шыңдары мен шөлейт жазықтарының ортасында, империялардың арасындағы тоғыз жолдың торабында жатқан Таулы Қарабақ қайтадан кескілескен ұрыс ошағына айналды. Әзербайжан мен Армения бір-біріне қайта оқ жаудыра бастады, бұл – соғысты тоқтату туралы 1994 жылғы келісімнен бергі ең ірі қақтығыс. 27 қыркүйекте қақтығыс бұрқ еткелі кемінде 532 солдаттың өмірін жалмаған ұрыс совет заманына, тіпті одан әрідегі тарихқа жетелейді. Таулы Қарабақтағы конфликт төңірегіндегі басты жайттарға назар аударайық. ТАРИХҚА ҮҢІЛСЕК… Кавказ жеріне басқаларды айтпағанда, римдіктер, арабтар, оттомандықтар, сефевид парсылар және орыстар әскер жіберген. Мұнда б.з.д. 300 жылдардан

  • Бұл Батысқа айбат шегу ме? Путин, Роухани мен Си Цзиньпин неге бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатыр?

    Александр ГОСТЕВ Ресейдің оңтүстігіндегі “Ашулук” әскери базасынан ұшырылған зымыран. 22 қыркүйек, 2020 жыл. ыркүйекте Ресей, Қытай және Иран құрлықта және теңізде бірнеше ауқымды әскери жаттығу өткізді.  Көп жағдайда бұл шаралар бірлескен формада, аталған үш мемлекеттің және әлемдік қауымдастық, бірінші кезекте Батыс күдікпен қарайтын Беларусь, Мьянма сияқты елдердің қатысуымен өтті.  Кей сарапшы батыс елдері жау көретін, тарихи контекст бойынша қазірдің өзінде “зұлымдық ошағы ” елдері аталып жүрген жаңа әскери-саяси блок пайда болуы мүмкін деп қауіптене бастады. Бұл шынымен солай ма? Мәскеу, Пекин, Тегеран мен Минск қыруар қаржы жұмсаған әскери қимылдар кімді қорқыту үшін жасалған? Александр Лукашенко “Батыс елдерінен қауіп төнгені ” жөнінде мәлімдеме жасаған тұста, 21 қыркүйек күні, Беларусьтің әскери полигондарында Ресей–Беларусь әскерінің қатысуымен

  • Бейруттағы жарылыс: Қаза болғандар артты, порт басшылығы қамауға алынды

    Бейрут қаласы жарылыстан соң, Ливан. 5 тамыз 2020 жыл. Бейрут портындағы ірі жарылыстан кейін іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, кемінде 135 адам қаза болған, шамамен 5 мың адам жарақаттанған. 250 мың адам баспанасыз қалған. Биліктің айтуынша, қаза болғандар саны артуы мүмкін. Жарылыстан кейін ондаған адам із-түзсіз жоғалған. Құтқарушылар оларды үйінділер астынан іздеп жатыр. Ливандық LBCI басылымының жазуынша, үкімет жарылысқа кінәлілер табылғанға дейін порт басшылығын үйқамаққа алған. Ішкі істер министрлігі тергеуді бес күн ішінде аяқтауға уәде берді. Associated Press агенттігінің жазуынша, тергеушілер мән-жайды анықтау үшін жарылыс болған аумақты зерттей бастаған. AP мәліметінше, Ливанға гуманитарлық көмектің алғашқы легі де жеткен. Елді экономикалық дағдарыс жайлап, қоғам наразылығы өрістеген тұста билік жарылыстың салдарымен күресуге тырысып жатыр.

  • Қытай мен Үндістан Гималайда не үшін қақтығысып жатыр? 300 сөзбен түсіндіреміз

    Ладакх аймағындағы Галван аңғарында тұрған үндістандық әскери. 17 маусым 2020 жыл. 15 маусымда Үндістан билігі елдің 20 солдаты шекарада Қытай әскерилерінің қолынан қаза тапқанын мәлімдеді. Пекин өз тарапынан қайтыс болғандар жайлы еш дерек айтпады. ҚАҚТЫҒЫС ҚАЙДА БОЛДЫ? Қақтығыс Гималайдың батыс жағындағы Ладакх аймағындағы Галван аңғарында, Қытай мен Үндістан шекарасында болған. Әскерлер оқ атпаған, бірақ тас лақтырып, өткір заттар қолданған және таяқ жұмсаған. Екі елдің әскері мамырдан бері осы маңға орналасып, ара-тұра жанжалдасып тұрады. Қытай Үндістанның біраз аумағын өзіне алғысы келеді. Ал Дели Пекин Үндістанға тиесілі жерді заңсыз ұстап отыр деп айыптайды. Екі ел Үндістанның солтүстігінде, Қытайдың Ақсай Чин шоқысындағы таулы жерді бөлісе алмай келеді. Даулы аймақ 4250 метр биікте жатыр

  • 2003 жылы SARS қалай тыйылды? 2020 жылы COVID-19 неге ырық бермей тұр?

    2003 жылы қауіпті коронавирус жұққан әр оныншы адам қайтыс болды. Қытайда басталған бұл дерт бірнеше елге тарады. Сегіз айдан соң вирусты тоқтатудың сәті түсті. Азаттық әлемдегі жетекші вирусологтардың бірінен сол кезде бұл кеселді тыюға не көмектесті және 2020 жылы жаңа коронавирустың дүниежүзіне тарауына не себеп болды деп сұрады. Қытайдың Ухань қаласында есінен танып құлаған адамның қасында тұрған дәрігерлер. Науқас атипиялық пневмония (SARS деген атаумен белгілі) жұқтырған болуы мүмкін. Бұл сурет 2003 жылы сәуірдің 29-ы күні түсірілген. Ол кезде әлем 21 ғасырдағы алғашқы пандемияға айнала жаздауға шақ қалған вирусқа жолыққан еді. SARS атты жаңа жұмбақ коронавирус жұқтырғандардың он пайызға жуығы қайтыс болды. Науқастардың көбі дем жетпей қиналып, өкпесі сұйыққа толып қайтыс

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: