|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Коммунистік кәмпескіге дейін қытай қазақтарының буржуазиялық өнеркәсіптену белсенді көрініс тапты.

92471375_1672184096278504_1378775997704306688_nБұл сүгірет 1946-жылы Нань Кин (南京) қаласындағы бір тоқыма фабрикасында түсірілген. Сүгіреттегі кісі Үрімжі уалаятының әкімі Қадуан Мамырбекқызы және өлкелік коалиция үкіметтің төраға орынбасары Ақметжан Қасми.

Коммунистік кәмпескіге дейін (1951-1958′ге дейін) қытай қазақтарының буржуазиялық сипаттағы өнеркәсіптену қабілеті біршама белсенді көрініс тапты. Қазақ ССР-да социяистік жоспарлы шаруашылық ерте жүргізілгендіктен (1922-25) капиталистік сипаттағы нарыққа тікелей өте алмады. Тіпті сорақысы елде таптық күрес орын алып кетті, ірі буржуаз күштер түбегейлі кәмпескіге ұшырады, мал дүниесі таран-таражыға тап болды. Ал, қытайда коммунистік жоспарлы шаруашылық форматы 1951′ден соң басталды. Сол себепті 1912-1951 арасында қытай қазақтары капиталистік сипаттағы нарықтың дәмін біршама татып үлгірді. 

1912- жылғы қытай революциясынан соң елде капиталистік нарық үлгісі жаппай орнай бастады. Осы жылдың революциясынан соң қытай қазақтары отырықшы тұрмысқа көшіп, тың игеріп, тоған қазып, жүн фабрикасы, ұн заводы немесе тері өңдеу цехі қатарлы шағын және орта бизнес ошақтарын құрыа бастады, сөйтіп бір жағы патшалық ресейдің “сауда соғысына” байланысты ел-елде, жер-жерде буржуазиялық нарыққа негізделген “өнеркәсіп төңкерісін” бастап кетті.

Қысқа уақыттан соң Алтай, Тарбағатай және Іле уалаяаттарындағы қазақтар біршама жиы орналасқан аудандарда капиталистік форматтағы өндіріс, сауда ошақтары пайда болды. Қазақ шонжарлары екі салада баса дами түсті. Олар: Малшаруашылығы; Ауылшаруашылығы;

Малшаруашылығына байланысты тері өңдеу, жүн мәнерлеу цехтері пайда болды. Тіпті мал тұқымын асылдандыру тәжірибесі 1912-жылдан соң қарқынды жұмыс істеді.

Ауылшаруашылығына байланысты тың игеру, суармалы егіс алаңдарын ашу, ұн фабрикасын құру, шетелден соқа саймандарын алдырып өндіріске реформа жасау, тб шағын өндіріс орындарын ашты.

20- ғасырдың 20-30-40 жылдарында бұл өндіріс орындары Іле мен Тарбағатай уалаяты қазақтарында біршама әктіп (актив) жұмыс жасады. бір жағы жергілікті әкімшілік те мүдделі болды, аймақтық өнімдерді қаржылай қолдап патшалық ресей мен совет одағының сауда-бизнес ықпалын азайтпақ болды.

20- ғасырдың 40- жылдарынан бастап өлкенің саяси, мәдени орталығы Үрімжі қаласында да қазақтар заманауи өндіріс ошақтарын құрып, ірі кәсіпорындардың кәперетібін (кооператив) алғашқы қадамда аша бастады. Бірақ, қазақтар өлкедегі азаматтық соғысқа белсенді қатысуына байланысты, шағын және орта өнеркәсіп біржолата құлдырай бастады. Бұрын шағын завод құрып, цех ашқан адамдар жеке бастың амандығы мен рулы елдің тыныштығы үшін көп ауғындыққа ұшырап, жер аударып кетті.

Eldes Orda

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: