Нұрпартиясы мен басқа нөкерлері қала ма, жоқ па бәрібір, енді саяси риторика басқа болады. Біз Назарбаев дәуірінен кейінгі кезеңге көштік.
Екі президенттің ел билігін ойыншыққа айналдырғаны, өтірік транзит жасағансып, спектакль қойғаны – жүздеген шаңырақтың трагедиясымен аяқталды. Трагедия сұраусыз кетпейді.
Қазақстанда қос билік барын, де факто Назарбаев ықпалы басым болғанын бұлар қаңтар көтерілісінен кейін ғана мойындады.
Қаңтар көтерілісі Назарбаевтың отыз жыл бойы қулық-сұмдықпен жинаған супер президенттік билігін Тоқаевқа бір күнде әперді. Сол үшін ол рақмет айтуы керек еді.
Тоқаев нұрпартия сиезінде Назарбаев еңбегіне жоғары баға берді, жетістіктерін көбірек айтайық деді. Осы сөзімен Назарбаевты тарихқа жіберді және баға беру кезеңіне жол ашты.
Мұнан былай саяси қызметкерлер де Назарбаевтың еңбегі мен қателігін қатар айтатын болады. Бірақ ол ұзаққа созылмайды. Қайсысы басым екені мәлім.
Нұр–Сұлтан қаласы, жүздеген Назарбаев ескерткіші мен көшелері тұрғанда Тоқаев айта бастаған “түбегейлі саяси өзгеріс” болмайды. Демек, Астана атауы қайтар күн алыс емес.
Оны Тоқаев өзгерте ме, Боқаев өзгерте ме, көп қалған жоқ.
Кешегі жиында Тоқаевтың “Өткенді жоққа шығаратын, ел басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы бұлыңғыр” деген сөзін көңілге алмаңыздар.
“Бірер жылдан соң мен де кетем, тиіспеңдерші” дегені. Бірақ қазақ халқының ешкімге гарантия бермейтіні, реті келгенде әрекетіне қарай бағалайтыны түсінікті болды емес пе?
Пікір қалдыру