Әмыр – Сана тауы қақында
Байахмет Жұмабайұлы
Жер тәрйхы әрйне ел тәрйхы,себебы жер аттары-халық тегін анықтау. Жер, су, кісі есімдері, үлкенді-кішілі оқиғалар. Тарихи дөкмөнтәр, архологиялық қазба материалдары. Етнография мәліметтері, ентөмология, лингуистика зертеулерімен қатысты болып, әр кез әр ел ғалымдарының тұжырымдары мен қорытындылау, жинақтауы арқылы халықтың төл тарихын әйгілейтін шикзәт қамбасы болмақ. Сондықтан азаматтық жыуапкершылык тұрғыда мынау дұныйеге аты мәлым болған Әмыр – Сәна тауы жәйында сөз қозғамақпын.
Бұл күнде сыртқы ағыс өзендерінің бірі болған Ертіс өзенінің басындағы ‹‹Әмір-сана›› 艾美尔萨那洪台吉 тауының 2000 жылдан бастап ‹‹қоңырау тас›› 岩 钟 тауы аталуы жайында. Біз әуелі ‹‹Әмір-сананы›› білу үшін сол ортамен танысқанымыз жөн көрінеді.
Төрт ойрат. Яғни жоңғарлықтар деп отырғанымыз. 1). қосұлт (қосұд) 2).шорс (қорс) 3). дөрбіт (доруод) 4). торғаыт (қойса бұның кіші руы) сынды төрт тайпадан құралады. Мұнда тарихта қорыстар-іле, бұратала, еренқабырға өңіріне. Дөржттер-ертіс өзені маңына қосұдтар-үрімжі маңына, қойыдылқтар- тарбағатай өңірінде қоныстанып әр біреудің кіші хандары. Жалпы төбесінен басқаратын хан Қонтажы болса (негізгі аты Бажыр 1671-,1635 жылдары жасаған адам.) кейін ұлы Сүнгі мүрагері болып басқарып кемелді ел болып тұрған. Осы рулардың ішінде ежелде дөрбіттердің негізгі шаруашылығы егіндікпен шұғылданып, өздерін-өздері қамдай алмай ақыры ішкі қытаймен. Патшалық ресейге дейін сауда істейтін сәудәгерлер шоғыры молайды.
Осындай араластықтың соңы моңғұлдар патшалық ресейге арқа сүйеп. Манжұрия үкіметіне қарсы келеді. Алайда 1745 жылы жоңғар ханы Галдансорын (қазақтар қалден серін дейді) дүниеден өтіп. Төрт ойраттың өз ішінен билікке таласумен ыдрап, уақыттық хан Дауатының басқаруының алсыз орайынан манжурия үкіметі 50 мың әскері Дауатыны қолға алады.
Арада бір мұнша жыл өткенсөң яғни 1758-1755 жылдары манжұрия үкіметіне қарсы моңғұлдардың сұрапыл көтерілісі қозғалады. Міне бұл көтеріліс басшылары Амырсана. Зәсәгіт, Котговд, орда оаңы Шингүнжәудәр бастады.
Ендеше негізгі айтпақшы болып отырғанымыз жоғардағы тау аты Әмын санамен шатысып жұрген Әмірсанамыз қайдан пайда болды?
Әмірсана Өйрік ноян ұлы. Әкесі Өйрік елі ішінде зәңгі болған.
Әмірсананың шешесі Өтелік ойрат ішіндегі Қошұлттың әйелі болатын. Қошұлт қайтыс болғансоң, ойраттың ішінде қостың (қосұд) тәйжісіне тигенде амырсана іште келген бала екен. Өтелік бұл ауылға келгенсөң туылған амырсанаға бірге туған ағайындары Үшкір. Иұнзар т. Б лардан қақпай көреді. әсіресе Әмірсана ержеткенсөң ағайындылар арасында әкесінің зәңгілік мәнсәбінә таласу болды. Бірақта әккі Әмірсана төңірегіндегі ұслық ұрдуның басы Ерденені жеңіп, өз тобын молықтырып алады да ендігі жерде торғауыт тайпасына шабуылға өтеді. Ұзамай торғауыт тайпасында жеңіп, өз өңіріне жалын тұрғызып, туын көтерген Әмірсана мұндағы торғауыт, дорбт, шұрш (қарақалмақ), қошыт сынды төрт ойратты басқаратын хандық лауазмын алуды талап етіп қасына Уаң есымды жол бастайтын манжұрды ертіп Бейжиңдегі шың хандығына барады. Шың үкіметі Әмірсанаға өзінің қойыт руын басқаратын. Қолына азырақ әскер ұстап шекара амандығын қорғап тұратын әскери лауазым беріп қайтарады. Әмірсана бұл биліктерді енді жақсы пайдаланады. Әмырсананың ішкы мақсатын былген ресей оны қарыу жарақпен қамдап үшкырте түседы, күн сайын қолындағы жасағының санын молайтып, қару-жарағын күшейтіп Дабасты бастаған қалқа тайпасына сұрапыл соғыс қозғайды Әмырсана елді барынша тоздырып. Бүлік тудырып ақыры жеңістік алады. Осыдан бастап Әмірсана өзін төрт ойраттың ханымын деп есептеп 1755 жылы ойраттың би-төрелеріне хат жазып ‹‹ел мен жерді аман алып қалу үшін мәнжүрмен соғысуды›› үндейді. Бірақ бұл кезде моңғұлдар арасында билікке таласу үдеп берекесіздік толып жатқан болатын. 1756 жылы 9-қыркұйекте көтерілсшілер көтеріліс бастағанымен оған қарсы топтарда көбейді. Мысалы: Әмірсана мен Дондоңманж арасында жік түсіп екеу ара соғыс ушығып соңы көтерілісшілердің күші әлсірегендіктен бұны орай деп білген манжұрия үкіметі әскер шығарып Әмірсанаға тап береді. Өйткені Әмірсананың өз ортасын бұлдырып елді тоздыруынан сол кездегі 600 мыңдай моңғұл халқының 40 мыңдайы орысқа жер аударған еді; сондықтан манжұрия ‹‹амырсананы жазалау›› қосынын шығарды. Амырсана шың үкіметінің қалың қолынан 1757 жылы ‹‹шарболда›› жеңіліп шегіне соғысып іле генәрәлін өлтіріп. Ары қарай Абылай ханды паналамақ болады. Бірақ, Абылай хан бұл кезде шың үкіметімен депылометикалық байланыс орнатып жатқан кез болғандықтан Әмірсанаға көмек қолын бере алмайтынын білдіреді. Амалсыз қалған Әмірсана он неше адаммен патшалық росиадан көмек алуға кетеді. Толықсыз мәлыметте паншалық росиа оның ішкы сырды ашып қойыуынан алаңдап у берып өлтырген деген мәлымет бар, қалайда болмасын Сол кеткеннен яғни 1765 жылы Әмырсананың шешек ауруынан 37 жасында сібериада өлген қабары мәлым болады, міне біз айтып жүрген Әмір-сананың тағдыры осылайша ақырласады, ал біздің қазақтардың арасындағы Әмір-санаға қатысты деректерге тоқталайық.
1-аңыз
Ертеде боғданы мекенденеп хандық құрып отырған әміртемір (кейде түрік темір және әмірхан депте айтады) ‹‹бейжиңдегі хан қобда ханына қызын ұзатыпты›› деген хабарды алып, жол тосуға жасағын шығарады екен.
Неше ай жорытуылдап, жол тосып жатқан жасақтары бейжиң ханының қызын жол жөнекей тосып алып амыр темірге табыс етеді.
Қыс қыстанып жаз шыға хан қызын әмір темір қобдаға жолға салады. Бірақ қобдаға барған хан қызы күніне жетпей босанады да одан туған ұлдың атын Әмірсана қояды. Кейін хан әйелі тағы бір ұлы табады оның атын қоңтажы қояды, екі ұл жылдардың отуымен ержетеді, ханда қайтыс болып енді дәстүр бойынша ханның үлкен ұлы таққа отыруға тиісті еді. Бірақ, Әмірсана хандық орынға тұрмай екінші ұлы қоңтажы таққа отырады болғансоң бұл іске Әмірсана ашу шақырып себебін қуазаған соң, уәзірлер ‹‹Әмірсананың темірханнән күмәнді бала екенін әрі ханның өсиеті осылай›› дегенін ұғындырады. Бұны естіген Әмірсана қоңтажымен жауласып ақыры боғдадағы амырханның қолына келіп, кейін керей, найман тайпаларының ішінде жүріп, моңғұл тұқымына күн көрсетпей соғыс салып тұрғандықтан, моңғұлдар күні бүгінге дейін ‹‹әмірсамбы›› деп амандасуы.бүл ‹‹Әмірсанадан аманбысың›› деген мағанада екен-делінетын аңыз бейне Шыңғысқан қйкәйасынан аумайды.
Бүл аңызды 1989 жылы айтып берген: Көктоғай ауданы ондырқара қыстағындағы қабидолла Орбай ұлы, 67 жаста, сауатты,
2-аңыз:
‹‹Әмірсананың шешесі ұзатылып келе жатқанда, жол торыған қазақтар қызды жасауымен қолға түсіріп жарым жылдан соң қайтарады.›› деген аңыз жоғардағы әңгімемен ұқсас болып келеді де, өзінің текі-тектін түсінген амыр сана. Содан бастап бүйрегін сол кездегі аралас отырған қазақтарға бұрады. Әуелі Аблайханға дейін келіп қазақтан әйел алып қайтады. Сөйтіп, Әмірсана моңғұлдың жауы болады. Кейін Әмірсана моңғұлдан бір қыз алады болғанда, моңғұлдар қыз бермейміз деп ақыры сол кездегі моңғұл қоңтажымен соғысады. Әзіргі амыр сана атау Әмірсананың сондағы Қоңтажымен соғысқан жер екен-дейді.
1984 жылы Көктоғайдан; Қызр Алдажар ұлы 61 жас, Мықия Ошарбай ұлы 78 жас, Насыр Былжай ұлы 80 жас.
3-аңыз
Әзіргі Әмірсана тауы, Әмірсанамен хоңтажының қызға таласып соғысқан жері болып, Әмірсана тау басына жатып алып, төменгі ертістен арқанмен су алып ішеді екен, тау басында қазан-ошақ, арқан қалдықтары елу нешініші жылға дейін тұратын-дейді.
63 жастағы Матаби Қожақын ұлы, 68 жастағы Ақымет молла 1981 жылы.
Көрдіңіз бе, жоғардағы аңызда ‹‹Әміртемір›› және ‹‹бейжиңнен қыз ұзатылуы››, ‹‹Қоңтажымен жауласуы›› дегендердің барлығында да еш наным жоқ аңыздар. Басқасын қойғанда жоғарыдағы деректерге қарасаңыз тәрйықта өткен Қоңтажы (Бажыр) мен Әмірсананың арасында бір ғасырлық парық жатса бұлар қалай қызға таласып атыса қояр, міне біз, өз арамызда тарап жүрген Әмірсана тауының ‹‹Әмірсана мен қоңтажының атысқан жері екен›› деген аңызды терістейтін себебіміз де осында. Ендеше Әмірсана тауы тәрйықта қалай қалай аталып қалғандығы жйындағы шынайы дерекке қараңыз: .
1962 жылы Бурылтоғай жерінде өзгертуге барып қаза болған. Өз кезінде қазақ тарихына недәуір шұқшиған. Дүние жағарапиясын сөйлеп отыратын ашық ойлы Малгаждар Сексен ұлы марқұм айтады:
«Бір кезде осы өр алтайда уақтар мекендеп тұрғанда уақтың атақты байының Әмір деген ұлы болып, ол есейе қолындағы күңнің қызы Санаға ғашық болып алады болады. Бірақ бай әке ‹‹күңінің тегі бізге жазбаған›› деп алуға жол қоймайды. Амалсыз қалған екі ғашық әзіргі ертіс өзенінің басындағы жолы күрделі, жынысты тауға қашып барып паналайды. Бірақ оларды қуғыншылар келіп ұстап, Сана таудан құлап өліпті де, Әмір тірідей қолға түскен екен, әзіргі тау басында қалған арқан, қазан ошақтың қалдықтары сол екі ғашықтың төмендегі өзеннен су алып, ас пысырған ыдыс-аяқтарының қалдығы екен. Ел сол екі ғашықтың тағдырын еске алып осы тауды әмір-сана тауы атапты-дейді (Рапғат марқұм байандауында) .
Міне осы аңыздың жаңғырығы, жалғасы сынды 1986 жылы тарымнан он сегыз жыл түрмеге отырып амн – сау қайтып елыне келген Рашат деген ақсақалдың Әмір-сана тауына барып құран оқып кеткенін естіп, ақсақалды іздей барып кеңескенімде, ақсақал бүл туралы былай кеңес қозғады: ‹‹мынау амырмен сана деген ғашықтардың мекені еді, әкем марқұм айтқанда, уақ елінің байының ұлы Әмір. Руы меркіт қолындағы күңінің қызы Сананы аламын деп әкесі рұқсат етпегенсөң осы тауға бекінеді. Бірақ, қуғыншылар бұларды қуа келгенде әмір тірідей қолға түсіп Сана таудан құлап өледі де сүйегін осы таудың етегіндегі өзен бойына жерлеген екен. Әкем марқұм айтқанда бұл хикаяны ұлы шешемізден естіген екен. Өйткені ұлы шешеміз меркіт қызы болып, Сананың арғы тегі аталас екенін айтыпты. Сондықтан қайда жүрсемде сол ата-бабамның өсиеті жадымда болып санаға құран бағыштаушы едім. Сондықтан ата жұрттан алыстап Тарымда айдау-сүргіннен жүрып елге аман оралған соң, марқұм Сананың басына бару менің борышым сияқты болып, қамыры қайда екенін білмесемде арнайы барып құран бағыштағаным ғой›› дейді кария (1996 жылы).
Әмір мен сана жайында бұдан басқада хикаялар көп. Мысалы 1983 жылы өзім Үліңгір өзенінің бойындағы Дүре ауылдығында жетпісті еңсерген Қауан Орынбасар ұлы кариямен кеңесіп отырғанымда, сөз арасында, ‹‹е, бұрынғы Әмір мен Сана сияқты ғашықтар дейсің бе›› дегені естігенім бар еді.
1990 жылдың қай айының қай санында екені есімде қалмапты. Суанбай Берыков жанында тағы бір қосымша автор бар. Алтай газетінде жарияланған бір мақаласында: ‹‹Әмірсана тауы, Әмір мен Сана атты ғашықтардың мекені екен›› дегенін көргенім бар. Міне көрдіңіз бе, бұл сияқты аңыздармен деректер жетерлік әрбір оқырман жоғардағы шындыққа жанаспайтын ‹‹Әмірсана мен қоңтажы қызға таласып атысқан жер›› екен деген дерекпен ‹‹мына Әмір мен Сананың паналаған мекені екен››-дегендерді салыстыра көрсек әрине шындық. Пәкіт Әмыр мен Сана ыннды ғашықтарға қатысты оқиғасына жанасады. Сондықтан бұл тау ‹‹Әмір – сана тауы›› деп екі адамның атымен жазылуы дұрыстау тұрады да тарихқа құрмет етіп ‹‹қоңырау тас›› деген жанама атты қолданудың еш қажеты жоқ демекпін.
kerey.kz


Пікір қалдыру