|  | 

Жаһан жаңалықтары

Ә.Жатқанбаев, Қосағаш әкімі: Атажұртымыз – бейбітшілік пен бірліктің мекені

qosagash akimi

РФ Алтай Республикасы Қосағаштағы қандастарымыз атынан Қосағаш ауданының әкімі Әуелхан Жатқанбаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 26 сәуірде өткен ҚР Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтап, редакциямызға хат жолдады.

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,
біз әрқашанда өзіңізбен біргеміз!

Ресей Федерациясы Алтай Республикасында, әсіресе, Қосағаш ауданында тұратын 12 мың қазақ атынан, өткен сайлауда айқын әрі сенімді жеңіске жеткен аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлына қандастарының қуанышы мен ыстық ықыласты құттықтауларын жеткіземін.
Мен осы жолғы саяси науқан кезінде қасиетті қарашаңырақ-Қазақстанның Шығысында, Өскемен қаласында шетелден барған байқаушылардың қатарында болып, сайлаушылардың бұрын-соңды болып көрмеген айрықша белсенділігіне қайран қалдым. Сайлаудың заң аясында әділ өткендігіне көз жеткізіп, жоғары баға берушілердің қатарындамын.
Мен үшін сайлау кезінде бақылаушы болғанымның өзі үлкен қуаныш. Біздерге, шетел қазақтарына сайлау құқы берілмесе де Сізге іштей сәттілік тілеп отырған жайым бар. Қазақ еліндей Президентті басым дауыспен сайлап шығуды басқа мемлекеттерден көру мүмкін емес. Мұндай болудың өзі Сіздің іскерлігіңізді ап-анық айқындап көрсете алады.
Бүгінгі күні Сіздің арқаңызда бүкіл әлем Атамекенімізді бейбітшілік пен бірліктің мекені деп есептейді және осы бейбітшілік ұстанымдағы саясатты көптеген мемлекеттер үлгі тұтады.
Біз атажұрттан алыс жүрсек те Қазақстан-Атамекеніміз әруақытта жүрегіміздің түбінен ерекше орын алады. Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бері дамып, өркендеп, әлемге танымал болды. Егемендік алғалы ағайын арасына шекара шымылдық болып кетті демесек, қазіргі күнде де сіздермен арамыз алыстамаған. Алтайдың ең шығысындағы, Шүй қазақтарының мәдениет, білім, спорт салаларының дамуына тәуелсіздіктен кейін де жіті назар аударылып отырды. Осындай қарым-қатынасты орнатып, ынтымақтастықты нығайтып отыруымыздың өзі Сіздің шетелдегі қандастарыңызға деген ерекше ықыласыңыз екеніне көзіміз жетіп отыр.
Қазақстан мемлекеті Сіздің көреген басшылығыңызбен алдағы уақытта да талай белестерді бағындырып, одан әрі гүлденуін тілейміз!
Сізге мықты денсаулық тілеп, өз қазағыңызға атқарып отырған ісіңізге сәттілік айтамыз.
Біз барлық Қазақстан халқына ынтымақ пен береке тілейміз. Жеңіс құтты болсын!

Ресей Федерациясы,
Алтай Республикасы қазақтары
қауымдастығының төрағасы,
Қосағаш ауданының әкімі Әуелхан Жазитұлы Жатқанбаев

baq.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: