Алматыға жаңа халықаралық әуежай қажет – Назарбаев
Президенттің айтуынша, Қазақстанның көліктік әлеуетін әуеқатынасы саласында да жан-жақты дамыту қажет. “Оның көлемін бес есеге арттыруға болады. Сондықтан Алматының жанынан жаңа халықаралық әуежайды салу мәселесін қарастырған жөн. Бізге жаңа әуе бағыттарын ашу қажет. Әсіресе, Нью-Йорк, Токио, Сингапур сияқты әлемнің ірі қаржы орталықтарына тікелей әуе қатынасын ашу керек”, – деді бүгін
Сондай-ақ Президент “Эйр Астана” компаниясы үлгісінде жаңа кәсіпорындарды ашу қажеттігін жеткізді. “Бұрын Қазақстанның авиациясы мүлдем болмаған. Оны толығымен жойып тастады. Сол кезде көптеген әуежайларда Қазақстанның ұшақтарына арест салынған еді. Ол ұшақтар әлі тұр, шіріп жатыр. Соның салдарынан еліміздің азаматтық авиациясы тұралап қалды. Артынан біз екі жақтан ақша құйып, “Эйр Астананы” құрдық. Қазір ол ТМД аумағында үздік әуе компаниясы болып саналады. Міне, осылай жұмыс істеуге болады ғой”, – дейді Н.Назарбаев.
Автор: Арман АСҚАР
Alashainasy.kz

Пікір қалдыру