|  | 

Қазақ хандығына 550 жыл

Нәпіл БАЗЫЛХАН. Күлтегiн мінген күліктер

b33df82d0bd5da9ce365d230ade24501
Түрiк Елінің жиһангер қолбасшысы Күлтегін (685 ж. туған – 731 ж.. II. 27 күні қайтыс болған). Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Бiлге қағанның туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Бөрі текті руынан (Ачынұ — Ačïnu — Ачынұ – көне түріктерді моңғол тектес этностар «čïnuw-a>čïnu>čоn >чоно (бөрі, қасқыр)» деп атаған. Ačï+de – оның көптік топтамалау мағынаны білдіретін тұлғасы (бөрілер, қасқырлар деген мәнде). Қытайлықтардың моңғол тектестерден үйреніп атағаны осы – Ačïnu, Ačïde болса керек. Бұл атаулар түрік бітіктастар мен ескерткіштерінде және де ешбір көне түрік мәтіндерінде кездеспейді.) тектi.
Күлтегін деген атаудың мағынасын зерттеушiлер күл- «даңқты, атақты», күл- «от, оттың күлi», көл- «теңiз, көл су» және т.б. түрде түсiндiредi. Көне түрiк бiтiктастарында кездесетін «Күлтегiн, Күлтұдын, Күлiчұр, Күлүг» секiлдi атаулардағы күл- сөзiнiң мәнi бiреу. Ол: « Ат, жылқыға, көл+iк // күл+iк, сәй-гүлiкке мықты берiк адам, атқа бекем ер» деген сөз. Әсіресе Күлтегiн жорық шабуылға қаншама рет аттанды, соншама сәйгүлiк тұлпарға мiнгенi туралы ескерткiште анық айтылған. Сондықтан Күл + сөзiне — тегiн, тұдын, чұр және т.б. атақтары қосылып этномәдени атауы қалыптасқан. Демек, Күлтегiн – «сәйгүлiкке берiк бекем ер, атқа мықты бекзада» деген сөз. Бітіктаста Күлтегiннiң жорыққа шыққанда мiнген аттары, әсіресе, айғыр арғымақтары ерекше сомдалып айтылған. Оның себебi көшпелiлер үшiн ат-жылқының орны ерекше болған. Арғымақ жорыққа шыққанда, шабуыл кезiнде оның ең сенiмдi серігі, нағыз досы. Сондықтан да атты, арғымақты қастерлеу салты далалық көшпелілер үшін зор маңызға ие болды сол арқылы да далалық болмыс бай саналады.
Күлтегінге арналған бітіктас мәтінінде оның қандай түсті қандай айғыр мінгені, ол айғырлары өңшең өліп қалғандығы, әйтеуір жекпе-жектерде, соғыс ұрыстарда Күлтегінге айғыр шыдамағанын, жаулары оның айғырын атып өлтіргендігін байқауға болады. Ол жайындағы мәтінді сол қалпында қазақша мағынасын жеткізсек:

2fededdd0be61291550402ad7f80de6dКүлтегін бітіктасы мәтінінен үзінділер:

Күлтегін жиырма тоғыз жасында
Чача-Сүнкеге қарсы соғысты.
Әуелі Тадқыш-Чұрдың боз атын мініп шапты, ол ат сонда өлді.
Екінші Ышбара Йамтардың боз атын мініп шапты, ол ат сонда өлді.
Үшінші Йеген Сілбектің кежімді торы атын мініп шапты, ол ат сонда өлді.

Сауытына, желмесіне жүзден астам оқ тиіпті, бетіне, басына бір тимеді.
Шабуылды Түрік бектер көп білерсіздер!
Ол әскерді сонда жоқ еттік.
Содан кейін Байырқұ жеріндегі Ұлық Еркін жау болды.
Оны тағы Түргі Йарағұн көлінде талқандадық.

Ұлық Еркін азғана ерін жинап қашты. Күлтегін ………жасында Қырғызға қарай жорық жасадық.

Найза батар, қалың қарды сөгіп
Көгмен тау-орманын айнала жорытып

fddfghgҚырғыз халқын қуалай бастық.
Қағанымен Сұңа тау-орманында соғыстық.
Күлтегін Байырқұдың /ақ айғырын/ мініп ұмтыла қарсы шапты.
бір батырын оқпен атты, екі батырымен айқасып шаншып өлтірді.
Ол шабуылдағанда Байырқұдың ақ айғырының бел-ұршығы үзілгенше сермепті.

Күлтегін Байырқұдың ақ айғырын мініп соғысқанда қарсы келген үш жауынгердің біреуін садақпен атып, екеуін найзамен түйреп, қылышымен ұрып соғады, ол өткір қылышымен бір батырдың денесін екіге бөліп жарып, одан да өтіп оның атын кесіп тасағаны көне түрік мәтінде баяндалады. Ал, осы соғыста Күлтегін мінген ақ айғырдың омыртқасы мен белі үзіліп кеткен. Бұдан Күлтегін ұстаған болат қылышқа, оның күшіне төтеп беретін бірде-бір батыр сол заманда болмаған деп айтуға толық негіз бар. Шындығы да сол, Күлтегін соғыс-жорықтарға аттанып ұдайы жеңіспен оралған баһадүр қайталанбас тұлға еді.

Күлтегін Башғұдың боз атын мініп Башғұдың боз аты ……….тіресті…
екеуін өзі басып жеңді, содан тағы да шабуылдап кіріп
Түргеш қағанның бұйрық орындаушысы
Аз тұтұқты әскери қолымен ұстап алды.

Қағанын сонда өлтірдік, елін бағындырдық.

Қара Түргеш халықтың көбі бытырап қашты,
Ол халықты Табарда/ қо…………../
Соғды халқына шауып жетеміз деп Інжу (Сырдария) өзенді өтіп,
Темір Қақпаға дейін жорық жасадық.

Сонда кері Қара Түргеш халық жау болған екен.
Кеңереске қарай жеттік.

Біздің найзалы әскерлердің аттары арық, азықтары жоқ еді
Қорқақ кісі ер…………………………….
алып батыр ер бізге шапқан еді
сол кездерде өтініп,

Күлтегінді аз батырларымен шабуылдаттық
Ұлы соғыс жасадық.

b74890221b918cdb62302924082bd383Алып Шалчы ақ атын мініп шапты,
Қара Түргеш халықты сонда өлтіріп, бағындырдық.

Тамақ Ұйық басында жорық жасадық.
Күлтегін ол соғыста отыз жасар еді.

Алып Шалчы ақ атын мініп шапты.
Екі батырын қуалай шанышды,
Қарлұқты жеңдік, басып алдық.

Аз халық жау болды,
Қара көлде жорық жасадық.
Күлтегін отыз бір жасар еді.
Алып Шалчы ақ атын мініп шапты

Аз Елтеберді тұтқындады,
Аз халық сонда жоқ болды.

Ізгіл халықпен соғыстық.
Күлтегін Алып Шалчы ағын мініп
/шапты/ ол ат сонда құлап түсті.
Ізгіл халық өлді, жойылды.

Тоғыз Оғыз халық өз халқым еді.
Тәңірі Жер бұзып жібергендіктен жау болды.

Бір жылда бес жолы соғыстық.
Ең ілкі (әуелі) Тоғұ балықта соғыстық.
Күлтегін Азман ағын мініп
ұмтыла шапты. Алты батырын шанышды

Әскер сыртында жетінші батырды қылыштады.

Екінші Құшлықықта Едізбен соғыстық.
Күлтегін Аз қоңырын мініп
ұмтыла шапты, бір батырын шанышды.
тоғыз батырын иіре бас игізді.
халқы сонда өлді, жойылды.

Үшінші Болчұда
Оғызбен соғыстық.

Күлтегін Азман атын мініп шапты,
шанышды. Ұчұш басында соғыстық.

Түрік
Халық Адыр Қамыста қорқақ болып еді. Үстінен түскен әскерлерді

Күлтегін бытыратып, Тоңра деген бір ру
алпауыт он батырын, Тоңра тегін жоқтауында иіріп өлтірдік.

Бесінші Езгенті Қадызда Оғызбен соғыстық.

Күлтегін Аз қоңырын мініп
шапты, екі батырын шанышды

қалаға бармады, оған жетпей ол әскер сонда өлді, жойылды.
Мағы Қорғанда қыстап, жазында
Оғызға қарай әскер жібердік.

Күлтегін киіз үйді бастап сақтап отырды.
Оғыз жауы орданы басты.

Күлтегін
«Өгсіз» («анасыз жетім») ағын мініп, тоғыз ерін
шанышды. Орданы бермеді .

Анам қатұн (ханшайым), одан кейінгі аналарым
Енелерім, келінім, ханшайларым

gallery_6515_4_74516Мұнша тағы тірідей күң болар еді.
Өлікке кетіп жолда жата қалар еді
Күлтегін жоқ болған болса бәріміз өлер едік.
Інім Күлтегін жетпестей болды (қайтыс болды).
Өзім сағынып қайғырдым.
Көрер көзім көрместей,
Білер білігім білместей болды.
Өзім сағынып қайғырдым.

Өд (ажалды) Тәңірі жасайды
Кісі ұлы бәрі өлгелі туған екен.
сонша сағындым
Көзден жас ағып тоқтамай
Көңілде уайым тұрып тарқатылмай
Үнемі сағындым (еңіредім)
Қатты сағынып қайғырдым

Күлтегін қой жылы он жетісі күні (Тәңіріге) ұшты (қайтыс болды).
Тоғызыншы айдың жиырма жетінші күні
жоқтау жосынын жасадық.
Ғұрыптық кешенін, бәдізін, бітіктасын
мешін жылы жетінші айдың жиырма жетісінде
тұрғыздық.

Күлтегін өзі қырық артық жеті жасында болған-ды.

Тас кешенін, осынша бәдізшілерді Тұйғын
Елбетер әкелді.
Мұнша бітік бітіклеуші (жазу жазушысы)
Күлтегіннің аталығы Йолұқтегін бітікледім (жаздым).

Жиырма күн отырып бұл тасқа бұл белгіні бәрін
Йолұғтегін бітікледім ( жазып қашадым).

Күлтегiн көшпелiлер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бiрi. Ол атақты «Модун, Шыңғыс, Баты» қағандарымен пара-пар, тiптi өзi қаған аталмағанымен Түрiк Елінің ірі қолбасшысы, күллi көшпелi этностарды көк байрақтың астына бiрiктiрушi, ұлы көшпелілер империясының сабақтастығын, дәстүрлі жорығын, жосынын жалғастыра бiлген кемеңгер ер, дара тұлға. Оның қылышына төтеп берген адам баласы ол заманда болған емес.
Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық (680-692 ж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 ж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады.
Күлтегiн ұлы империя үшiн көптеген ру-тайпа, одақ, ұлыстарды бағындыруда ерекше ерлiгiмен көзге түсті. Ол 16 жасынан бастап оғыз, қытан, татабы, табғач (қытай), қырғыз, түргеш, соғды және т.б. елдерге жорық жасап оларды бағындыра бiлген баһадүр қолбасшы.
Күлтегіннің құрметіне, аруағына арналған ғұрыптық кешен қазiргi Моңғолия елiнiң астанасы Ұланбатырдан 400 км оңтүстiк-батысында, ежелгi Қарақорым қаласынан 45 км солтүстiкте, Орхон өзенiнiң сол жағалауындағы кең далада орналасқан

20140516161050Нәпіл Базылхан, филология ғылымдарының кандидаты

argymaq.kz

Related Articles

  • БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    СӨЗ БАСЫ «Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен. Өкінішке қарай, жағымсыз

  • Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    (Осы тарихи оқиғаның  70 жылдығына арналады) Қазақ жерінің шығысындағы Тарбағатай жеріде тарихтың тарғалаң жылдарыныда бөліске түсіп жарымы қазіргі Қытай жерінде қалғаны белгілі. Осы қасиетті топырақ ежелден атам қазақтың құтты қонысы болып келген еді, осы Тарбағатайдың арғы бетінде (1944-1962) жылдарға дейін түрлі тарихи, саяси оқиғалар болып жатты, ішінде ең көрнектісі 1944-1947 жылдар аралығында болған ұлт-азаттық күрестер еді.  Деседе осы күрестер болған қазақтың төрт аймағының екеуінде яғни Алтаймен Іледе болған ұлт-азаттық күрестері туралы көп айтылыпта жазылыпта келеді, деседе Тарбағатай жерінде болған күрестер айтылмай келеді, болған тарих тасада қалмау керек, ендеше Тарбағатайдағы оқиғалар қалай болды? Кімдер қозғалыс бастады? Соңы немен аяқталды? Осы сауалдарға тарихи деректермен сол оқиғаға қатысқан куагерлердің естеліктері , тарихи картиналар арқылы жауап

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    («”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді) Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы

  • ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы -Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: