Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған “Шашу” атты көрмеме шақырам.
Асыл достар! Сендерді 12-сі күні, сағат 14-00 де Еуразия Ұлттық Универінің алдында (#Астана, Қаныш Сатпаев көшесі 2) “Шашу” атты көрмеме шақырам. Далада! Көрме #Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған. 550 жылға 55 түрлі футболкалардың дизайнын жасағам, сол сурет түрінде қойылады, және бұйырса 55 студент 55 түрлі футболка киіп қазақша күшті музыкаға би билейді! Сол Ұлы тойға шашуым деп қабыл аларсыңдар! “Сөйле, сурет” біте салсысымен күзде кірісіп кеткем! Мақсат жастардың рухын көтеру, жазда қазақша нақышта футболкалар көп болсын деген. #Футболка сатылмайды.#Көрме ашылған соң дизайнын abai.kz сайтынан таңдап, жүктеп алып кез-келген фотосалоннан шығарып алуларыңа болады. Футболканың неше түрі бар максималисттерге оюы көп, минималистерге жеңіл дизайнды, қаласаңдар қазақтың тарихындағы тұлғалардың портреттері, батырлар, салт-дәстүр деп кете береді. Келесіңдер ме?

Пікір қалдыру