СЕЗІМГЕ ТӨЗУ…
Мен білсем, бір ғаламат – төзім деген!
Келеді от пен суға төзуменен.
Төзеді махаббаттың жалынына,
Жатады арпалысып сезімменен.
Бірде мұз, бірде жалын, сезім деген,
Өтті ғой, талай түндер, көз ілмеген.
Соғады қайран жүрек дамылдамай,
Не деген керемет ең, шыдап келген?!
Сезімнің шет-шегі жоқ, көп сұрағы,
Әй, осы!
… мені бір күн жоқ қылады!
Жұбатып, сөніп қалған көңілімді,
Білмеймін, тағы қайда соқтырады?
Келеді жалғанымды тап-тар қылып,
Жүрекке әмір етіп, берді жарлық –
«Ғашық бол, сұлуларға жыр жаз!» – дейді,
…қорқамын, қоя ма деп барды жоқ қып.
Бұл сезім тыншытпады жүрегімді,
Сезімге неменеге керегімді?
Ей, Сезім!
Әурелеме!
Білсең етті –
Шыдамай, бір күндері өлерімді…
Осы екен!
Осы екен ғой, сезім деген,
Келемін қанша жылдар төзуменен.
Сезімнің жарлығымен,
Дүниені
Сұлудан, сұлу іздеп, кезудемін…
Қуаныш МҰҚТАЙ
09.05.15 жыл
faсebook парақшасынан алынды


Пікір қалдыру