|  | 

Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ заңдары (Абақ Керей Ережесі)

bata1dl

Абақ Керей Ережесіқазақтың дәстүрлі ғұрыптық заңы. Ресей мемлекетінің қол астына кірмеген, дәстүрлі әдет-ғұрпынан ажырамаған қазақтардың бір бөлігі ұстанған құқықтар жинағы. Моңғолия ҒА-ның тарих ғыл.-зерт. ин-ты қорынан табылған. 1996 ж. тұңғыш ғыл. айналымға түсікен.

Бұл заң жинағын түркітанушы ғалым С.Қаржаубайұлы Монғолияның орталық мұрағатынан алып, көне ұйғыр тілінде жазылған құжатты қазақшаға аударыпты. Ереже 17 тармақ, 35 баптан тұрады және екі бастаудан нәр алған болу керек: біреуі – қазақтың ежелден қалыптасқан әдет-нышандары, екіншісі – шариғаттың кейбір қағидалары. Мұнда қазақтың әдеттері басым екені сөзсіз. Бұл құжаттың қазақ халқының құқық тарихын зерттеуге өте қажет дерек екеніне күмәндануға болмайды. Және оның тағы бір ерекшелігі, ол – орыс патшалығына қарамаған қазақтың ұстанған құқықтық жинағы екендігінде.

Ереже былай басталады: «Біздің 12 керей тайпасы (Абақ Керей 12 атаға бөлінеді – Қ.Қ.) қазақтың үш жүзінің Орта жүзінен тарайды. Ал Кіші және Ұлы жүз қазақтары бұл кездері орыстың қол астына қараған», болып басталатын ережедегі «Абақ Керейдің Құлыбек, Ақтай, Құтымжар (Қожамжар), Көкен, Бисенбай, Өсер зәңгі, Тұрым қатарлы 12 адамы бас қосып, мал (қой) сойып, жатар орнын сайлап (дайындап) көпшілік қауымды жинай отырып, Мұхаммед (мұсылман) дінін негізге алып, 12 Абақ Керей қазағының ұстанатын заңын жасауды жоспарлапты» .

Сонымен үшінші тарау үйлену, некеге отыру жайлы. Мұнда Абақ Керейдің өз ішінде қыз алып, қыз беруіне ұлықсат етілген. Тек он екі атаның әрқайсысы өзара некеге отырмаса болғаны. Ереженің он үш бабы осы тармақтың ішіне кіреді.

Төртінші тармақта аталған сыйлы адамдардың қонаққа баруы жайында жазылған. Аталған меймандарды ықылас-ниетіңізбен қонақ қылып күтпесеңіз, айып төлейді екенсіз. Айып мөлшері де аз емес – алды сексен екі қойдан.

Келесі бір тармақ дін, молда, қожалар турасында. «Дін адамдары нағыз Мұхаммедтің үмбеті, дінді уағыздау барысында оларға қарсы бөгет, тосқауыл жасаған адамдар кездессе, оны ауыр қылмыс санап, айыппен жазалау керек» делінген.

Ережеге бөгдені мұқату, жәбірлеу турасында, несие, қарыз талап ету және қорлық, зинақорлық, жесір хақында, егіндік, шабындық жайындағы тармақтар да енген. Ең қызығы, мұнда соңғы жындану хақында дейтін тармақ та бар. Адамның емес, малдың, иттің жындануы, әрине. Тебеген атыңыз байқаусызда біреуді жазым қылса я құтырған итіңіз қауып алса да айыптан құтылмайды екенсіз. Жаза жүктету ашық жүргізілді, қандай да бір қаулы-қарар, құжат жазып қалдырылмайды. Би жалғыз өзі ғана қылмыскерді тергеп, үкім шығарады. Бидің шешімімен айып жүктелген қылмыскерге құн төлеткен, дүре соққан, ұрлық істесе саусақтарын кесіп тастау сияқты жаза берген. Осы айыптардың ішінде ең жеңілі қамшымен дүре соғу. Ол қылмысты деп есептелген адамды көптің алдына жалаңаштап шығарып, 40, 50, 80, 100 рет дүрелеу. Жасаған қылмысына қарай дүре санын би өзі белгілейтін болған.[1]

Дереккөздер

  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

 

Related Articles

  • БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    СӨЗ БАСЫ «Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен. Өкінішке қарай, жағымсыз

  • Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    (Осы тарихи оқиғаның  70 жылдығына арналады) Қазақ жерінің шығысындағы Тарбағатай жеріде тарихтың тарғалаң жылдарыныда бөліске түсіп жарымы қазіргі Қытай жерінде қалғаны белгілі. Осы қасиетті топырақ ежелден атам қазақтың құтты қонысы болып келген еді, осы Тарбағатайдың арғы бетінде (1944-1962) жылдарға дейін түрлі тарихи, саяси оқиғалар болып жатты, ішінде ең көрнектісі 1944-1947 жылдар аралығында болған ұлт-азаттық күрестер еді.  Деседе осы күрестер болған қазақтың төрт аймағының екеуінде яғни Алтаймен Іледе болған ұлт-азаттық күрестері туралы көп айтылыпта жазылыпта келеді, деседе Тарбағатай жерінде болған күрестер айтылмай келеді, болған тарих тасада қалмау керек, ендеше Тарбағатайдағы оқиғалар қалай болды? Кімдер қозғалыс бастады? Соңы немен аяқталды? Осы сауалдарға тарихи деректермен сол оқиғаға қатысқан куагерлердің естеліктері , тарихи картиналар арқылы жауап

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    («”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді) Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы

  • ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы -Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: