|  | 

Қазақ хандығына 550 жыл

Өр Алтай ежелден қазақ жері

Altaydagi Qazaq rulari kereyler

Жұңғар Қазақ даласын жүйеден Алтай – Тарбағатай – Іле өңірін басып алды деген күннің өзінде ол жерлерде Қазақтың сарқыншағы Жұңғарлармен бірге ғұмыр кешкен, мысалы, қазіргі «құбының құмындағы», «бура құм» аталатын өңірде кезінде жүргіншілер мен кірелерді тосып, шөмішбәй, сабанбай, тұяқбай деген бәукеспе бес ағайындылар отырған, соның шөмішбәйі түйе киіктің бурасын атып тастап, киесіне қалғандықтан, бураның қу басының күндіз – түні боздаған дауысы шөмішбәйді есәләң етіп, отбасындағы қатын – баласыы өліп, ақыры бұл өңірден көшуге мәжбүр болады, әне осы өңір күні бүгінге дейін «шөмішбәй», «бура құм» аталып келеді.
Екінші: Мошқа әулие (Сүйінбәй жәнтекей самырат елінен) меркіттің бес азаматын арнайы қонаққа шақырып, «менен көп бұрын жасаған меркіт елінің кариясы әлім бір асу жасаған болатын, ол адам өзімді шақырып алып, ‹сендер күн шығыс жаққа жол алыңдар› деп арыз – арманын айтыпты, ـــ дейді тұрымтай.
ـــ бір жылдың алдында керей ішіндегі жараспастықтан сәменбет атаның ауылынан барқы, түкібәй елінен жиырмаға жуық түтін ауған, осы ауыл ішінде әкемнің ағасының балалары жанбай балалары кеткен.
Жанбай үш жылдың алдында маңырақта дүние салады, ауып барған ел сауыр, сайқан мен қытай жеріндегі сауырдың ақ мұздығында екен. Бұл жер қазір торғауыт ішінде аз ғана ауыл болып, жер кең, иен жатыр екен. Торғауыт елінің көбі сол ақмұздақтың ар жағында екен, өзім бір жетінің алдында барып қайттым. Онда торғауыттың соян, орсақ, қарсақ рулары бар екен. Бұл жер алдыңғы барған барқы руына қарап тұр екен. Бұлар жер майына 80 бас жылқы береді екен, сондықтан, сол жаққа бізде барсақ, орыс қаптап келе жатқан бұл жақтың бізге қоныс болуы екітәләй, ـــ дейді.
Бесік осы созбен сауырға жер шалып келсе, ондай Жәнібек елі ішіндегі өтейдің баласы сәрсеке бай, тінібек бидің ауылы, сауыр тұмсығындағы бұлғын торғауытымен тамыр болған ақ тоғанақ сияқты байлар бар екен.
Осы жолы Бесік атамыз сауырға келіп, Нәкуді (Нәркес Бүркітбәй ұлы, Ителі руынан) арғы бетке жібереді, ол торғауыттан туған жиен болатын, Нәркес оларға «Бесік көкше ұлының келетінін» хабарлайды. Ақтоғанақ байдан үш қысырақ жылқы, Сәрсеке байдан үш қысырақ жылқы, барқы, түкібәй елінен бес жүз бас ақсарбас қой айдап, Байінкүшік (Моңғұл) бір киіз үй жасатып, ақ жамбы, ақ нарды қоса беріп, осы қара сауырды шыбар керейге құтты мекен еткен.
Осы жолы торғауыттар бесікке елік мүйізінен ойып жасалған мөр беріп, түйе табанындай қатире ұстатып, «1754 ـــ 1755 – жылдары сауыр мұздағының шығыс сауыр тұмсығы, жазық көлдің жарымы (Үліңгір) батыс кіші ласты (Сартоғай өзені) Сартоғай дарасы, сәрсеке дарасы, орта қапшағай, майлыбай ұлының тауы, аяғы шашақты құм, құнан қой қатарлы өңірлерге дейін бесік атамызға бөліп берген екен. «берерін беріп, бесік алған қара сауыр» деген сөз осыдан қалған…» .
Жеменей ауданы тарихи материалдар кітәбі
ـــ Қасым чоң естелігінен
Үшінші: 1708 – жылдардан бастап, марқакол семей маңындағы Қазақтар жұт жылдары қазіргі Алтай жеріне мал отарлатып келіп, барымта – сырымтамен де тиіп – қашып жүрген, солардың бірі тоқбура, табылды дегендердің Моңғұлдардан мал қуып жүріп, ақыры табылдының Моңғұлдар қолында жазым болуы сынды тарих осы хикаяның куәсі болады.
ـــ Өндырқара, 73 жаста қозыбай тыныбай ұлы
1983 – жылы 1 – айдың 13 – күні.

Момынбай би

Момынбай би

Төртінші: менің қолымда 1979 – жылы Бурылтоғайда Шаяхымет жәңгір ұлының жазған хаты тұр, онда өзінің «1958 ــــ 1965 – жылы үрімжі 1 – түрмесінде көптеген көнекөз кариялармен камерәләс болғанын, сонда молқының биі (Оспан батырдың төрт ақылшысының бірі) Момынбайби деген адамның бір кеңесінде: «мәнжуриә үкіметі жергілікті халыққа «егін егіп, тың ашу» дейтін жарлығын түсірген бір кездерде даба би (қарақас), Құли тәйжі (молқы), көктоғайдың күрті, сұпты өңірінен жер ашпақ болса, онда мекенденіп отырған саржайсаң деген ұраңқай қарсылық білдіріп, ақыры Сәрсүмбедегі уәкіл әкім алдына барып жүгінеді, саржайсаң: «бұл біздің ата мекеніміз» десе, құли тәйжі: «сенен бұрын біздің ата мекеніміз» деп бой бермеген соң, уәкіл әкім «айғақ алып шығыңдар» дегенде саржайсаң: «отырғанымызға бес жүз жыл болды, оған қада тіккен орындарымыз куә» десе, құли тосырқап қалып, арада біраз уақыттан кейін: «біздің айғақшы ертең келеді, дауды кешіктіре тұрыңыз» деп рұқсат алады, ертесі бурылтоғайдан қосар атпен жәңгірді алдырып, жәңгір: «Өралтайдә бұдан бес жүз жылдың алдында тұрған құстыдағы ‹қозы көрпеш – баян сұлу› жырындағы баян сұлудың қабыры барын, ышқынты деген жерде қодардың қабыры барын айтқан соң, екі жақтан да, үкімет адамынан да бірігіп, анықтауға шығады, сонда құстындағы түйе өркешті қос қабырдың маңында баян сұлудың сәукелесіндегі алқа – моншақтардың қалдығын айғақ етіп әкеледі, осы алқа – моншақтан кезінде Ізғұтты батыр алып мұраға сақтаса, Ізғұттының ұрқы айдар, тұмандардың үйінде әлі сақтаулы екенін, тіпті момынбайдың өз шешесінің қолында да осы моншақтың бірер данасы барын әңгімелеп беріп, ақыры осы дауда Қазақтар жеңіп шешкенін айтады» .
1919 – жылдары Шинжияң өлкесінен яң генерәл Алтай бетіне келгенде Моңғұл – Қазақ арасындағы дауды шешуде мұндағы Қазақтардың тағы осы «қозы көрпеш – баян сұлу» жөніндегі заттық деректеріне жүгінсе, енді бірде тарихтан қалған «әуелі бұл Алтайға уақ келді, соңынан керей – найман шұбап келді» деген дастан жолын көлденең тартып, ежелде бұл өңірде әмір деген уақ жігіт пен сана деген меркіт қыздың ғашықтың хикаясының жүлгесін көлденең тартып, бұл өңірдің Қазақтардың байырғы мекені екендігіне дәлел болған.
ـــ 1983- жылы қауан орынбасар ұлы 68 жас,
Ағыбай лауса ұлы, 81 жас.
Бесінші: 1786 – жылдары қалбада отырған Бәймембет деген адам асқан көреген, сұңғыла адам екен. «осы қыс мұнда жұт болады» деп ұзын сирақты малды түк қалдырмай сауыр жеріне өткізуді бұйырады. Бәймембет «айтса бекер айтпайды» дейтін ел, әуелі сауыр жеріне келіп, онда қоныстанып отырған Моңғұлдарға ат беріп, шапан жауып, ағайындасып жүріп жайылыс алады да, қалбадан малдарын мұнда әкеледі, айтқандай осы қыс қалбада «қайың сауған» жұт жылы болып, мал екеш адам қырылады. Әйтеуір сауырдағы ұзын сирақты малдан елге азаматтар азық тасып отырып қаншама халықтың жанын алып қалған екен, содан бастап, ел бәймембеттің асқан парасаттылығына мойындап, оның айтқанын екі етпей, жабал сауырға өрлеп жылыстай көше бастайды. Бәймембетті ел болып, «есті аға» деп атап, уақыт өте келе «есағасы» атанған екен дейтін аңыз болса да шындық.
Міне бұл аңыз бойынша Жәнтекейдің бір табы есағасыдан бері он үш, он төрт ата болса, бір атаны жиырма бес жастан десек, үш – төрт жүз жылдың жүзы болыпты, яғни шамамен 1714 – жылдың мөлшері болады.
1981 – жылы 70 жастағы рапғат ниғымет ұлы кезінде салық бидің әкелері жуанған үкірдәйдән естігенін айта келіп: «тамам керейдің ақмырзаның өліміне бола үрке көшкені өтірік, ол кезде керей ұлықтары, қалқа, ертіс, Өралтай өңірлеріндегі туыстармен үйір – айқас болып, мал отарлатып отырды, әрі «байырғы қара жұртымыз» деп осылай тұмсықтарын көтере беретінін білген Абылай, жер аңсаған малдың ешнәрсеге қарамай тосусыз жүре беретінін ескеріп, жүрегінде туып – өскен ата мекенге деген сағынышы алып ұшып тұрған керейге: «ежелгі жұрттарыңды сөзсіз қайтарып алып, сонда қоныстануға тырысыңдар» деп дем беріп келгенін» бұйырған екен, ـــ дейді.
1980 – жылдары 73 жастағы құнияз деген ақсақал өз заманында тұрпаннан, Қазақстан жерінен оқыған, 1962 – жылы дүниеден көшкен малгаждар деген адамның дүние тарихын сөйлеп отырып, Қазақ тарихына тоқталған бір орайда: «кезінде осы Өралтайді Жұңғарлар басып алып жатқанда мұнда қыруар Қазақтар бар екен де, мұндағы елдің хал – жайы ол жақтағы қандастарына жеткізіп, үйір – айқастығы үзілмепті, ал, Жұңғардан ығысқан қандастардағы есағасы, ахыметалы, айтуған сияқты елдің ағалары мен батырлары бұл жаққа үнемі келіп, кейде мал отарлатып кетіп тұрған екен» дегенін дәлелдейді.
Керейдің Жәнібек батырынан бұрынғы жабай батырдың «елді Өралтайға апарып, ата жұртты Жұңғардан қайтарып алу» өсиетін айтқанын тағы осы малгаждар марқұм естелігінде жаза келіп, «осының бәрі Абылай ханның орналастыруы еді» деген.
Алайда, бұл кезде керей жабал лап етіп көшу ниетінде болған жоқ, мысалы, Керейдің ноқта ағасы болған Ителі руының батыры өз елін Абылай хан тобына белсене қосып, Жұңғармен соғыста талай рет көзге түскенімен, көшуге келгенде шегіншектеп, өз елін қалба, сайқан өңірлеріне шоғырландыра қонсытандырып, елдің осы өңірде тұруын, Өралтайға тек салт батырлар аттануды білдіреді, бірақта, басым ел ауа бастағанда Бұқарбай елі 1860 – жылға дейін сайқан, қуталда отырғандықтан, көгедәйді Бейжиңге апаруға адам шығармай, Төрт би сайлауда да, ноқта ағасы болған елдің шоғыры кейінде қалғанын дәлелдейді.

1979 – жылы, Насыр, Мықия, Рапғат деген кариялар аузынан.

Байахмет Жұмабайұлы

kerey.kz

Related Articles

  • БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    СӨЗ БАСЫ «Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен. Өкінішке қарай, жағымсыз

  • Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    (Осы тарихи оқиғаның  70 жылдығына арналады) Қазақ жерінің шығысындағы Тарбағатай жеріде тарихтың тарғалаң жылдарыныда бөліске түсіп жарымы қазіргі Қытай жерінде қалғаны белгілі. Осы қасиетті топырақ ежелден атам қазақтың құтты қонысы болып келген еді, осы Тарбағатайдың арғы бетінде (1944-1962) жылдарға дейін түрлі тарихи, саяси оқиғалар болып жатты, ішінде ең көрнектісі 1944-1947 жылдар аралығында болған ұлт-азаттық күрестер еді.  Деседе осы күрестер болған қазақтың төрт аймағының екеуінде яғни Алтаймен Іледе болған ұлт-азаттық күрестері туралы көп айтылыпта жазылыпта келеді, деседе Тарбағатай жерінде болған күрестер айтылмай келеді, болған тарих тасада қалмау керек, ендеше Тарбағатайдағы оқиғалар қалай болды? Кімдер қозғалыс бастады? Соңы немен аяқталды? Осы сауалдарға тарихи деректермен сол оқиғаға қатысқан куагерлердің естеліктері , тарихи картиналар арқылы жауап

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    («”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді) Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы

  • ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы -Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: