Түркия Республикасында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция өтті
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға 200-ден астам адам, оның ішінде қоғамдық-саяси қайраткерлер, жергілікті әкімшілігінің, академиялық және сарапшы топтардың, сондай-ақ Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды Қазақ хандығының қалыптасу тарихы туралы хабардар етті. Мерейтойлы жылдың халықтың тарихи ұғымының қалыптамуына ерекше әсер ететінін атап кетті. Биылғы жыл Қазақстан мен түркі әлемі зиялыларының ағартушылық қызметінде де өзінің ерекше орнын таппақ.
Конференция жұмысына Түркия тарихы қоғамының президенті профессор Рефик Тұран, Түркия жазушылары мен өнертанушылары қорының төрағасы Яхия Акенгін, Түркі әлемі архитекторлары мен инженерлері одағының Бас хатшысыИльяс Демирджи, ТР-ның бұрынғы Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек және т.б. қатысты.
Түркия тарихы қоғамының президенті профессор Р. Тұран Қазақ хандығының 550-жылдығы қазақстандық жастар үшін ата-бабалардан қалған салт-дәстүрлерді, білім мен танымды сақтап, осы асыл мұраны келер ұрпаққа жеткізу міндетін көрсететін шара деп атап өтті. «Бауырлас қазақ халқының бұл кезеңі оның этногенезі мен «қазақ» этнонимінің туындауы, этникалық мағынаға ие болғаны, мемлекеттік шекараның бекітілуі, Қазақ хандығы көшпенді мемлекеттінің басқару жүйесінің ерекшеліктері, көшпенді мемлекеттің шекаралас елдермен өзара әрекеттесуінің қағидалары, қазақ хандарының орта ғасырлар дәуіріндегі қоғамының әлеуметтік-мәдени өміріндегі рөлі секілді мәселелермен тығыз байланысты», – деп айтты түрік профессоры Р. Тұран.
Конференция барысында Қазақ хандығы қалыптасуының тарихи кезеңдері жеке атап өтілді. Қазақ даласы хандарының басқару ерекшеліктері, жаулап алу әрекеттерінің мәні, сол заманның дәстүрлері мен мәдениеті туралы пікірлер айтылды. Түрік сарапшылары осындай оқиғаның мемлекеттік деңгейде атап өтілуі ел болашағының жаңа дүниетанымдық моделінің қалыптасуына және басты құндылықтар мен бағдарларды айқындауда түрткі болатынын мәлімдеді. Бұл шара ұлттың мәдени кодын – тілін, руханиятын, салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтап қалуға бейімделген болып табылады.
Конференция қатысушылары қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму тарихын дәріптеудің маңыздылығын сезініп, Қазақстан тарихындағы атақты тұлғалардың рухани үлесімен танысу мүмкіндігін алды деп атап өтті.
Шара шеңберінде Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған бейнеролик көрсетіліп, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму тарихы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығы тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
ҚР СІМ баспа сөз қызметі



Пікір қалдыру