|  | 

Әлеумет

Қазақстан парламенті педофилдерді химиялық піштіру мәселесін қарастыруда

  Қазақстан ІІД әкімшілік ювеналды полиция комитеті бөлімінің басшысы Әсет Оспанов қоғамда кеңінен талқыланып жүрген педофилдерді химиялық піштіру мәселесі үкімет деңгейінде қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

укол1

Бұл туралы Оспанов Орталық коммуникация қызметінің брифингісінде айтты деп хабарлады 24.kz.

Оспановтың айтуынша, Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмысқа барғандардың жазасы қатайтылды. 2010 жылғы түзетулерден кейін кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін азаматқа ең көбі 10 жыл емес, 15 жыл қамауға алу жазасы тағайындалатын болды. Ал 14 жасқа жетпегендерді зорлағаны үшін қылмыскер 20 жылға дейін темір торға тоғытылады.

“Ана мен баланы қорғауға қатысты елбасының тапсырмасы шеңберінде ағымдағы жылдың қаңтарынан күшіне енген жаңа Қылмыстық кодексте де кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасағандардың жазасы қатайтылды. Ал химиялық піштіруге келетін болсақ, бұл мәселе парламент деңгейінде қарастырылып жатыр. Әзірге бұл мәселе тек талқылау деңгейінде”, – деп мәлімдеді Оспанов.

Ал заңгер Сергей Уткин болса, “Астана” арнасына берген сұхбатында әлсіз құқық қорғау жүйесі әзірге Қазақстанда педофилдерді химиялық піштіру жазасын енгізуге мүмкіндік бермейтінін айтты. Дегенмен, Конституция мұндай заңды қабылдауға тыйым салмайды.

Уткиннің айтуынша, егер педофилдерді күштеп піштіру жазасы енгізілсе, тергеу органдары тарапынан “қателіктер” орын алуы ғажап емес. Полицейлер қылмыстың ашылу деңгейін көтеру мақсатымен кінәсіз адамдарға жала жабуы мүмкін дегенді заңгер жоққа шығармады. Оның ойынша, қазіргі тергеу мен соттың деңгейінде зорлыққа барғандарды піштіру жазасын енгізу дұрыс емес.

“Конституцияда педофилдерді піштіруге болмайды деген ереже жоқ. Демек, Конституция қарсы шықпайды. Ал өркениетті қоғам өлім жазасына қашанда қарсы. Себебі, қателік кетуі ғажап емес. Себебі, сот пен тергеу деңгейін ескере отырып, кінәсіз жанды осындай жазаға кесу дұрыс па деген сауал туады. Орынсыз айыпталған адамды өлім жазасына кесетін боламыз. Ал 5 жылдан кейін мұның бәрі жазықсызға кінә арту болып шығады. Сонда орынсыз өмірі қиылған адамды қайта тірілту мүмкін болмайды. Ең қорқыныштысы да осы”, – дейді заңгер.

Уткин зорлау орын алған жағдайда екі тараптың бітімге келу мәселесіне де өз пікірін айтты. Оның ойынша, Қазақстанда бұл, тіпті ауыр қылмыс кезінде де рұқсат етілуі тиіс.

“Тараптардың келісімге келуі – бұл қалыпты инстуитут. Жәбірленуші тарап татуласқысы келсе, ондай мүмкіндіктен айырудың не қажеті бар? Менің ойымша, олай етуге болмайды. Тіпті осындай жағдайда келісімге келу мүмкіндігі болуы қажет”, – деп санайды Уткин.

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. «Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: