|  | 

Саясат

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРЛАҒАН Қостанайлық полиция ЖАЗАЛАНСЫН!

Шетел тілінде сөйлейтін Қостанайлық полиция Қазақстанның 25 жылдан бері Тәуелсіз ел екенін білмей ме?!.

ҚР Бас прокуроры А. ДАУЫЛБАЕВ мырзаға!

ҚР Ішкі Істер министрі Қ.ҚАСЫМОВ мырзаға!

 aqtolqyn

Мемлекеттік тілдегі хаттамаға екі есе айыппұл шығарғандар – мемлекетке қарсылар!

14 шілдеде Qazaquni.kz ұлттық порталында «ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚ «ҚАЗАҚҚА» ҚАЗАҚША сөйлегені үшін АЙЫПТЫ БОЛДЫ».  «Қазақшаны өз ЕЛІҢДЕ жазасың» дейтін қостанайлықтар өздерін РЕСЕЙЛІК сезіне ме?  http://www.qazaquni.kz/?p=38276  және  «ОРЫСША  СӨЙЛЕССЕҢ – ҚҰТЫЛАСЫҢ, ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСЕҢ –ТҰТЫЛАСЫҢ!..http://www.qazaquni.kz/?p=38496  атты мақалалар қоғамдық резонанс туғызып, қалың елдің талқысына салынуда.

Алдымен  Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінде жарық көрген, кейін Qazaquni.kz ұлттық порталында басылған  журналист Жандос Жүсіпбектің «Қазақ «қазаққа» қазақша сөйлегені үшін айыпты болды» атты мақаласындағы масқарашылық, генерал-майор Т.С. Маткенов басқаратын Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің сержанты  dosmailov daulet ДОСМАИЛОВ ДӘУЛЕТ  (суретте) мемлекеттік тілге қарсы саясат ұстап, жол ережесін бұзған Ақтолқын Жәнібекованы (жоғарғы суретте)   тек орыс тілінде ғана хаттама толтыруға мәжбүрлеген! Мемлекеттік тіл туралы Атазаңымыз аяққа тапталған. Д.Досмаиловтың дөрекілігі мен өз қызметін заңсыз асыра пайдалануының кесірінен А. Жәнібекованың денсаулығына нұқсан келгенін төмендегі “Қостанай таңы” газетінің  видеосы мен құжаттардан айқын  көруге болады.

«ОРЫСША хаттама ТОЛТЫРСАҢ 10 мың теңге, ҚАЗАҚША ХАТТАМА ТОЛТЫРСАҢ, ЕКІ ЕСЕ АРТЫҚ 20 мың теңге ТӨЛЕЙСІҢ” -ДЕП, ҚАЗАҚ ТІЛІНІЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАРСЫ ҮГІТ ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР СЕРЖАНТ ДОСМАИЛОВТЫ ЖҰМЫСТАН ҚУУ БЫЛАЙ ТҰРСЫН, ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ КЕРЕК!

«Мемлекеттік тілде хаттама толтырсаң-20 мың теңге, Ресей тілінде толтырсаң 10 мың теңге айыппұл төлеу» туралы жарлық шығарғандар – мемлекетке қарсылар! Бұндай масқаралыққа басқа ешқандай сөз жоқ!

Бұндай мемлекеттік тілімізге қарсы- мемлекеттік мүддеге қарсы жарлықты кім шығарған? Бұл Қостанай облысы Ішкі  істер департаменті басшысы Т.С Маткеновтың  бұйрығы ма? qasymov Жоқ, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов шығарған ба, немесе  министр мүндай сұмдықты біле ме?

Қостанай облыстық әкімдігінің ресми органы болып табылатын «Қостанай таңы» облыстық газетінің бас редакторы Ж.Аязбековтың заңдылықты талап етіп, сұрау салған хатына   әлі күнге дейін Қостанай облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов (оң жақтағы суретте) matkenov жауап берген жоқ. Мемлекеттің заңдарының сақталуын қорғауы тиіс генерал-майор не үшін осы уақытқа дейін заңды бұзған қызметкеріне шара қолданбай,  Атазаңды қорғамай, Атазаңды талап еткен азаматшаны қорғамай… отырғаны түсініксіз.

«Атазаңды аяққа таптаған қарауындағы қызметкерін жазалап, қазақша түсінік алып, жұмыстан қуу керек!..» дейді ашынған оқырмандар.  Сержанттары мемлекеттік тілді сезбейді екен, генералдары (Т.С.Маткенов) қазақша түсінетін шығар деп үміттенгеміз…. Бірақ, білетіндердің айтуынша, Т.С.Маткеновтың өзі де мемлекеттік тілді білмейді дейді!.. Сондықтан болар, ол мемлекеттік тілде жазылған хатты түсінбегесін, шетел тіліне – Ресей тіліне аударып бітпей жатқан болар… Сондықтан шығар,  ол қарауындағы өзі сияқты  ресейтілдес қызметкерін жазалай алмай, олардан мемлекеттік тілді талап ете алмай  отырғаны…

Мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйлегенің үшін айыптайтын парадоксты ел әлемде Қазақстаннан басқа еш жерде жоқ…

АТАЗАҢДЫ  аяққа таптап, ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАЗА ТІЛГЕ айналдырғандар ҚЫЗМЕТТЕН КЕТУІ ТИІС!

Ал, біздің білуімізше, Қазақстан Республикасы ІІМ-нен келетін  тілдерді дамыту бойынша нұсқаулықтарда «кезекші бөлім жəне кез келген бөлімше қызметкерлері телефон арқылы мемлекеттік тілде жауап берулері тиісті» деп жазылған. «Заң бұзушылықтарға бірінші басшы жауапты» деп көрсетілген. Кез келген ұйымдастырылған іс шаралар мемлекеттік тілде жүргізілсін деп айқын жазылған. Сонда Т.С. Маткенов бастаған қостанайлық полицейлер үшін Ішкі Істер министрі Қ.Қасымовтан келетін нұсқаулықтардың көк тиындық құны жоқ па?

“ХАТТАМАНЫ ҚАЗАҚША ТОЛТЫРАМЫН” деген Ақтолқын Жәнібековаға : “ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА ОРЫСША ҮЙРЕНІП АЛМАЙСЫҢ БА?” – дегенді ТУҒАЛЫ БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРСА ДА, ӨЗІ “ҚАЗАҚ” БОЛСА ДА, ҚАЗАҚША ҚАҚПАЙТЫН сержант ДОСМАИЛОВ қалай беті бүлк етпей айтады дейсің, қаның қарайып…  «Қазақшаны өз ЕЛІҢДЕ жазасың» дейтін ДОСМАИЛОВ ДӘУЛЕТ бастаған қостанайлықтар өздерін әлі РЕСЕЙЛІК сезіне ме сонда?

Мақала сайтта жарық көріп, Фейсбук секілді  әлеуметтік желілерде жаппай жарияланған соң, керекулік белгілі тіл қайраткері Руза Бейсенбайтегіден бастап, көптеген азаматтар Қостанай полициясына телефон жаудырды. Ол мемлекеттік мекемеден мемлекеттік тілде бір де бір сөз ести алмаған оқырмандар ызасында шек жоқ. Тіпті, бір  майор Махмудов деген сауатсыз полицей  Руза Бейсенбайтегі телефон шалып осы мәселенің мән-жайын сұрағанда, орысша «А кто отменил русский язык?!» өзіне қарсы дүрсе қоя беріпті… Масқара, олар орыс тілін мемлекеттік тіл деп ойлап, (бәлкім,  Қазақстанның 25 жылдан бері Тәуелсіз ел екенін де білмейтін болуы керек) әлі солай өмір сүреді екен!.. Әлі де солай ойлап жүрген 90 пайыз мемлекеттік қызметкерлер үшін ресми ақпарат бере кетейік.  Кезінде М.Шаханов бастаған бір топ Мәжіліс депутаттарының сауалына Қазақстан РеспубликасыКонституциялық Кеңесі 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысын шығарып: ” Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тен қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді”- деп,  ресми жауап берген.

20 шілдедегі сотқа Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінен ешкім келмеген. Енді сот 30 шілдеге, сағат 11-00-ге қалдырылды. Ақтолқынмен сөйлескенімізде Мемлекеттік тілге қарсы күресуші мемлекеттік қызметкер, сержант Д.С. Досмаилов “Айтқандарымды ешқандай мойындамаймын, сен жеңілесің”-деп жатыр екен…

Мемлекеттік қызметтегі Мемлекеттік тілді білмейтіндер Конституцияны бұзады. Ендеше, 1.Заңды білмейтін, 2.Заңды бұзатын, 3.Заңға қарсы жұмыс істеп, ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАЗА ТІЛГЕ АЙНАЛДЫРҒАН  Қостанай облыстық полициясы сержанты Досмаилов Дәулет жауапқа тартылып, бастығы, өзі де мемлекеттік тілді білмейтін генерал-майор Т.С. Маткенов отставкаға кетуі керек!

Қостанайлық намысты ер азаматтар, барсыңдар ма?!.  Қазақтың бір қызын мемлекеттік тілін қорғап, Атазаңды талап еткені үшін жазықсыз жалғыз шырылдатып қоймай, сотқа қатысып, әділдіктің орнауына қолдау білдіріңіздер!

Қазыбек ИСА

«Қазақ үні» газеті,

Qazaquni.kz 

AiLSPtKY-VIPy2Fzu0I0EhN2SbP1advEZnVb6TrCnRMV

Орнынан тапжылтпай, қорқытып-үркіткен соң Айтолқынның уақыт өте келе жүйкесі сыр беріп, халі күрт нашарлап… ақырында жедел жәрдем шақыртылыпты. Оны дәлелдейтін ауруханадан алған анықтама қағазы да әлі қолында жүр.DSCN1457
 Айығып шыққан соң да Ақтолқын жол сақшысына қарсы арыз жазып, облыстық ІІД-не, қалалық сотқа және «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне кіріп шыққан.
DSCN1455
DSCN1454
DSCN1453

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: