|  | 

Қазақ хандығына 550 жыл

Түркістандағы ту

 

Ахмет Ясауи кесенесіндегі тай-қазанның үстінде ХVIII ғасырдағы қазақ батырларының ескерткіш сый­­лы­ғы – он ту тұрған. Найза ұшына ілін­­ген қыл­құйрықтары бар олар қа­зақ жерін Ресей патшалығы жау­лап­ ал­ғанға дейін осында еді деп ай­тып оты­­ратын көнекөз қариялар.

Turkistandagi Tu Отаршылдық та, тоталитаризм де халқымыздың тарихын, хандары мен батырларын ұмыттыруға күш са­лып бақты ғой. Соның салдарынан жо­ғарыдағы ескерткіш – құндылық ұшты-күйлі жоқ болған. Бір анығы, 1926 жы­лы атақты ғалым Массон Түркістанға келіп, кесенеде бірнеше күн болып, жоға­рыдағы туларды суретке түсіріп алған.

Қазақтардың берекелі, ынтымақты болып, бір Алаш туының астында жиналуына осы жәдігер мен тайқазан зор қызмет еткеніне тарихтың өзі куә. Биылғы жыл – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Сондықтан, аталған он тудың көшірмесін жасап, бұрынғы орнына, Эрмитаждан қайтып келген киелі тайқазан тұрған тұсқа айқас­тыра байластырып қою керек. Бұл Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан қаласындағы «Әзірет сұл­тан» музейі­нің төл ісі деп ойлаймыз.

Нұрмахан НАЗАРОВ,

Түркістан қаласының құрметті азаматы.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ақпарат көзі: egemen.kz

Related Articles

  • БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    («”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді) Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы

  • ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы -Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі

  • Оспан Батырдың Чойбалсан маршалға жазған хаты

    Суретте Оспан Батырдың 1944 жылы наурыз айында Чойбалсан маршалға жазған хаты берілген. Хатта Оспан Батырдың өз қолы қойылған, мөрі (таңбасы) басылған. Хаттың аудармасы: Аса құрметті маршал жолдасқа сәлем (жазамын мәнісі:) Ол жақтағы біздің әскерлердің кемшілік* нәрселер болса біздің мына барған кісілерден айтып жіберіңіздер. Және де сол әскерлер жауды қамап алған екен, асса 10 күн, қала берсе 6-7 күн, шамалары болса қамасын, егер азық басқалай нәрселері болса оны бұл жерден толық қып береміз, кемшілік* нәрселеріне біз міндеттіміз, сол үшін әскерлерге осы хабарларды даньбау* арқылы тиілсе екен деп құрметпен Батыр Оспан (қолтаңбасы, мөрі). 33. 3/3 Қысқаша түсіндірме: Кемшілік*: хатта бұл сөз мінездеме мағынасында емес, қажеттілік, бұйымтай, керек-жарақ сияқты әлеуметтік һәм тұрмыстық мағынада

  • Алтай өлкесінің Шыңжаңға өз еркінен тыс қосылғанына 100 жыл (1920-2020)

    1920- жылға дейін Синьцзян мәселесіне Алтай өлкесі қамтылмайтын-ды. Алтай өлкесі 130 жылдай орталық үкіметке жеке қарап келді де, 1919-1920 жж арасындағы ішкі-сыртқы саяси һәм гео-стратегиялық мәселелерге байланысты жеке өлке статусы біржолата жойылған еді. Синьцзян губернаторы Яң-ның қолқа салуымен Алтай өлкесі Синьцзян провинциясының қарауына өтті. Мына әкімшілік карта 1916-1920 жылдар арасында дайындалған. Осы картада Алтай Өлкесі анық көрінеді. Цин империясы құлаған соң билікке келген буржуазиялық үкімет бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысын өткізеді сонымен бірге сол жылы уақытша үкіметтің кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осы саяси іс-қимылға Алтай өлкесі жеке ел ретінде қатысқан. Ол туралы кейін айтамыз. 1905, 1908, 1912 жж арасындағы күрделі әкімшілік реформалардан кейін Алтай-Қобда елінде түбегейлі өзгерістер болды. 1914- жылы Құлжа

  • РИМ БИЛЕУШІЛЕРІ ҰЛЫ ДАЛАДАН БАРҒАН БА?

    Ителі руы – іргелі рулардың бірі. Атауы жағынан Ителі кәдімгі Ителгі құстың атауының ғасырлар легінде ғ, г әріптері түсуіне байланысты өзгеріске ұшыраған түрі болуы мүмкін. Екінші жақтан алғанда, Ид-Телы, Иди-Теле болып ежелгі Алтайлық Телелердің бір бұтағы болуы мүмкін. Ид-Телы, Иди-Теле атаулары оларды Жер-Телелері(отырықшы Теле) және қасқырды төтем еткен Телелер ретінде көрсете алады. Ителінің шежіре бойынша Көкбұлақ деген атаның немересі екенін танысақ, Көк сөзінің Құдайы сипаттар мен көк бөріге, киеге қатыстылығын ескерсек ит сөзінің әрі жағында қасқыр төтемі жатады. Италияндардың ит емген(қасқыр емген) екі баланы төтем санап, күні бүгінге дейін Ителі атауынан Ителия(Италия) болып тұрғанын біле аламыз. Оның үстіне Көкбұлақ аталатын кей жерді халық Көкебұлақ деп те айтады. Көкебұлақ – Тыва

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: