|  | 

Қазақ хандығына 550 жыл

Нью-Йоркте «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі көрсетілді

DSC_0051_658_438_95

Нью-Йоркте Роберт Де Нироның «Tribeca Film» аталатын беделді киностудияларының бірінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Бас консулдығының жәрдемдесуімен режиссер Бақыт Қайырбековтың «Қазақ хандығына 550 жыл» 10 сериялы деректі фильмінің алғашқы бөлімін көрсетті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Фильм ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кітабы негізінде жасалған. Картинаны көрсету Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығын мерекелеуге байланыстырылды.

Фильмнің алғашқы бөлімі қыпшақ және армян мәдениеттерінің өзара тығыз қарым-қатынасының тарихына арналған, оның нәтижесі ортақ тілдің таралуы болды. Фильмнің әрбір сериясы 1465 жылы Қазақ хандығы туындауынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі қазақ халқы тарихының жекелеген кезеңдері туралы баяндайды. Фильм Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси рөлін жарқын сипатта және жан-жақты ашып көрсетеді. Картинада шетелдерде жұмыс істеген қазақстандық ғалымдардың, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері көрініс тапқан.

Фильм ағылшын тілінде көрсетілді. Тұсаукесерге Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов, ҚР-дың Бас консулы Раушан Есболатова, сондай-ақ олардың Нью-Йоркте тіркелген әріптестері қатысты.DSC_0050_658_438_95

Шетелдік дипломаттар және шетелдік қонақтармен қатар аталған іс-шараға «Muse Films» киностудиясының президенті Карл Клатцты, «Cinema Tropical» президенті Карлос Гутиересты, «Seagull Films» студиясының негізін қалаушы және президенті Алл Верлотскиді, «Kino Lorber» киностудиясының қоғамдық байланыстар жөніндегі вице-президенті, белгілі киносыншы Эрик Конды, Фильмдерді ілгерілету жөніндегі агенттіктің негізін салушы Софи Глакты қоса алғанда, АҚШ киноиндустриясының өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар, ғалымдар, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Фильм американдық көрермендердің үлкен қызығушылығын туғызды. Іс-шараға қатысушылар Нью-Йоркте фильмді толық көлемде көрсету жалғасатынына үміт білдірді.IMG_2182_661_438_95

 

Related Articles

  • БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    («”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді) Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы

  • ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы -Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі

  • Оспан Батырдың Чойбалсан маршалға жазған хаты

    Суретте Оспан Батырдың 1944 жылы наурыз айында Чойбалсан маршалға жазған хаты берілген. Хатта Оспан Батырдың өз қолы қойылған, мөрі (таңбасы) басылған. Хаттың аудармасы: Аса құрметті маршал жолдасқа сәлем (жазамын мәнісі:) Ол жақтағы біздің әскерлердің кемшілік* нәрселер болса біздің мына барған кісілерден айтып жіберіңіздер. Және де сол әскерлер жауды қамап алған екен, асса 10 күн, қала берсе 6-7 күн, шамалары болса қамасын, егер азық басқалай нәрселері болса оны бұл жерден толық қып береміз, кемшілік* нәрселеріне біз міндеттіміз, сол үшін әскерлерге осы хабарларды даньбау* арқылы тиілсе екен деп құрметпен Батыр Оспан (қолтаңбасы, мөрі). 33. 3/3 Қысқаша түсіндірме: Кемшілік*: хатта бұл сөз мінездеме мағынасында емес, қажеттілік, бұйымтай, керек-жарақ сияқты әлеуметтік һәм тұрмыстық мағынада

  • Алтай өлкесінің Шыңжаңға өз еркінен тыс қосылғанына 100 жыл (1920-2020)

    1920- жылға дейін Синьцзян мәселесіне Алтай өлкесі қамтылмайтын-ды. Алтай өлкесі 130 жылдай орталық үкіметке жеке қарап келді де, 1919-1920 жж арасындағы ішкі-сыртқы саяси һәм гео-стратегиялық мәселелерге байланысты жеке өлке статусы біржолата жойылған еді. Синьцзян губернаторы Яң-ның қолқа салуымен Алтай өлкесі Синьцзян провинциясының қарауына өтті. Мына әкімшілік карта 1916-1920 жылдар арасында дайындалған. Осы картада Алтай Өлкесі анық көрінеді. Цин империясы құлаған соң билікке келген буржуазиялық үкімет бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысын өткізеді сонымен бірге сол жылы уақытша үкіметтің кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осы саяси іс-қимылға Алтай өлкесі жеке ел ретінде қатысқан. Ол туралы кейін айтамыз. 1905, 1908, 1912 жж арасындағы күрделі әкімшілік реформалардан кейін Алтай-Қобда елінде түбегейлі өзгерістер болды. 1914- жылы Құлжа

  • РИМ БИЛЕУШІЛЕРІ ҰЛЫ ДАЛАДАН БАРҒАН БА?

    Ителі руы – іргелі рулардың бірі. Атауы жағынан Ителі кәдімгі Ителгі құстың атауының ғасырлар легінде ғ, г әріптері түсуіне байланысты өзгеріске ұшыраған түрі болуы мүмкін. Екінші жақтан алғанда, Ид-Телы, Иди-Теле болып ежелгі Алтайлық Телелердің бір бұтағы болуы мүмкін. Ид-Телы, Иди-Теле атаулары оларды Жер-Телелері(отырықшы Теле) және қасқырды төтем еткен Телелер ретінде көрсете алады. Ителінің шежіре бойынша Көкбұлақ деген атаның немересі екенін танысақ, Көк сөзінің Құдайы сипаттар мен көк бөріге, киеге қатыстылығын ескерсек ит сөзінің әрі жағында қасқыр төтемі жатады. Италияндардың ит емген(қасқыр емген) екі баланы төтем санап, күні бүгінге дейін Ителі атауынан Ителия(Италия) болып тұрғанын біле аламыз. Оның үстіне Көкбұлақ аталатын кей жерді халық Көкебұлақ деп те айтады. Көкебұлақ – Тыва

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: